Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет88/465
Дата23.05.2022
өлшемі3.66 Mb.
#458577
түріПрограмма
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   465
pavlovskaia-jogargy-dengeili

one
two
three
Стандартты кітапхана функциялары
С++ тіліндегі кез келген программада стандартты кітапхананы пайдалану 
мүмкіндігі бар, кітапханада типтердің, тұрақтылардың, макростардың, функ-
циялар мен кластардың анықтамалары орналасады. Оларды программада 
қолдану үшін 
#include
директивасының көмегімен программаның бастапқы 
мəтініне сəйкес жарияланымдар орналасқан тақырыптық файлдарды қосу ке-
рек. Кітапханалық функциялардың өздері компиляцияланған түрде сақталады 
жəне олар программаға жинақтау кезеңінде қосылады. С++ тіліндегі про-
граммаларда С кітапханасынан мұраланған функцияларды қолдануға болады. 
Стандартты кітапхана кластарының қолданылуы кітаптың үшінші бөлімінде 
қарастырылады.
Кітапхана функцияларын атқаратын қызметіне байланысты топтарға 
бөлуге болады, олар: енгізу/шығару, сөз тіркестерін өңдеу, математикалық 
функциялар, динамикалық жадымен жұмыс істеу, іздеу жəне сұрыптау, т.с.с. 
Кітапхана функцияларының тізімі 6-қосымшада келтірілген. Төменде С тілі 
стиліндегі енгізу/шығару функцияларына, тіркестермен жəне символдармен 
жұмыс істеу функцияларына жəне математикалық функцияларға қысқаша 
шолу жасалған.
Енгізу/шығару функциялары
С++ тілінде енгізу/шығару əрекеттері С кітапханасынан мұраланған функ-
циялар көмегімен немесе C++ тіліндегі ағымдар арқылы жүзеге асырылады. 
Бір программа ішінде бұл екі тəсілді қатарластыра қолдану үшін
sync_with_
stdio()
функциясының көмегімен енгізуді синхронизациялау қажет. Əр 
тəсілдің өзіндік артықшылықтары бар. Ағымдарды қолданудың артықшылығы 
– оларды форматтауды қажет етпейтін қарапайым енгізу/шығару əрекеттері 
үшін қолдану жеңіл, сонымен қатар, ағымдық операцияларды өзіндік кластар 
үшін қайта анықтауға болатыны өте маңызды. С тілі стиліндегі енгізу/шығару 
операцияларын объектіге бағытталған техника қолданылмайтын програм-
маларда мəліметтерді форматталған шығару кезінде пайдаланған ыңғайлы.


93
Сонымен қатар, программалаушылардың С тілінде жазылып, C++ тіліне 
ауыстырылған миллиондаған программалар қатарларын кездестірулеріне 
тура келеді. С++ тіліндегі ағымдар «Ағымдық кластар» бөлімінде, 283 б. 
қарастырылады.
С стиліндегі енгізу/шығару функцияларын қолдану үшін программа-
да 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   465




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет