мектептегі мұғалімдердің ұжымшылдық беріктігі, бірлігі сезілмесе,
оқушылар арасындағы ұжымшылдық та болмайды. Педұжым шығармашылқ
жұмыс
істей
алмаған
мектепте
сабақтың
да
шығармашылқпен
ұйымдастырылуы неғайбіл. Мұғалім мен басшы
арасында ынтымақтастық
орнамаса, бала мен мұғалім арасында да түсінік тумайды. Осының бәрінің
үлгірімге, сапаға тигізер әсері мол.
2. Тексеру мен бағалау тәсілдері.Жасыратыны жоқ, мұғалімдердің ішінде
бағаны қорқыту құралы ретінде қолданатындары да кездеседі. Ондайлар
сабақта тыныш отырмаған оқушыларға да екілік қояды. әріптестеріміздің
қайсібірі бағаны қалтасынан беретіндей тым сараңдық жасайды. «Жомарт»
ағайлар мен апайлар да бар. Түптеп келгенде, осы әрекеттердің бәрі
оқушылардың сабаққа байланысты еңбегіне жасалған қиянат десек артық
айтпаған болар едік. Бұл – жекелеген мұғалімдердің өз мамандығы бойынша
теориялық білімі таяз,
әдістемелік шеберлігі төмен, педагогика мен
психологиядан білім деңгейі әлсіз, дидактикалық озат тәжірибелерді
күнделікті жұмысына шығармашылықпен пайдалана алмайды деген сөз.
Баға қою арқылы бала жанына үрей туғызудан гөрі тез толғанып, қайта
талпынуға ұмтылдыру керек. Әділ қойылған баға оқушы мен мұғалім
арасында адамгершілік қарым-қатынас орнықтырады.
3. Білімді тексеру барысындағы сұрақтар мен тапсырмаларға мінездеме.
Педагогиканың және бір қиындығы сонда, білім берумен жұмыс бітпейді.
Білімді оқушыға меңгертіп, дарыта білу керек. Бұл – үлкен өнер, ұстаз
мұраты да осыған саяды.
өкінішке орай, кейбір әріптестеріміз әр түрлі
себептерде сылтауғып бұл талаптарды орындаудан үзілді-кесілді жалтарып
жүреді. Оларға оқу бағдарламасы, оқулықтар, әдістемелік әдебиеттер,
көмекші құралдар жетіспей жатады. Олар білімді бағалаудың тиімді
жолдары, ұстанымдары мен ережесі бар екенін біле бермейді.
Оқушылардың білімін бағалауға қойылатын талаптардың біразын
жоғарыда айттық. Енді бір кездегі Герман Демократиялық Республикасының
Ғылым академиясы жанындағы дидактика институтының ғылыми қызметкері
Хельмут Вектің «Оценки и отметки» деген еңбегінен біраз мысал келтірейік.
Бұл кітапта білімді бағалаудың негізгі төрт ұстанымы көрсетілген. өз басым
кітапты
бірнеше рет оқып шықтым,. Оның мазмұнымен, шартымен, бағыт-
бағдарларымен таныстым. Оларды мұқият ой елегінен өткізіп, нақтылы
мүмкіншілігімізді есепке алып, білімді бағалаудың тиімді жолдарын,
ықпалды әрекеттерін қарастырдым. Осы
орайда бірқатар шараларды
қамтитын өзіндік бағдарлама жасап, күнделікті жұмысыма пайдалана
бастадым. Әрине, бұл әрекеттерім төр аяғынан тең басып тұр дей алмаймын,
дегенмен құр алақан емеспен. Бұл жайында айтпағымызды біраз шегер
тұрып, әуелі Хельмут Век сараптаған төрт ұстанымға тоқтала кетуі жөн
көрдік. Неге десеңіз, мұны әріптестеріміздің көпшілігі біле бермейді. Вектің
(орысшаға аударған) кітабының таралымы өте аз, екінші басылымы болған
жоқ. Сонымен ол ұстанымдар қандай?
1.Бағалау және баға – оқу үрдісінің бөлінбес құрамдас бөлігі. Мұның өзі төрт
дәйектемеден тұрады.
а) Бағалау ынталандыру әдісі, онсыз кез келген үрдісті игеру мүмкін емес.
ә) Бағалау және емтихан алу – үлгерімді жақсартудың, оқушылардың басқа
да қасиеттерін дамытудың кепілі.
б) Бағалау мұғалімдер мен оқушылардың өзара қарым-қатынасына үлкен
ықпал жасайды.
2. Бағалау және баға оқушыларды өмірге дайындау ісіне қызмет етеді.
а) Ол үлгерімді жоғарылату ісіне ықпал жасайды, бірақ «ғажайып» туғыза
алмайды.
ә) Бағалау және баға – тәрбиенің маңызды құралы. Алайда мұғалім мен
оқушылардың қарым-қатынасы өз дәрежесінде болмай, мұғалімнің беделі
төмендесе, оқушылар оның әділдігіне күмән туғызады, онда бағалау мен
баға өзінің тәрбиелік күшін жояды.
б) бағалау және баға – оқушылардың белсенділігін ынталандырудың
маңызды әдісі, бірақ ол бір ғана емес және үнемі тиімді бола бермейді.
3. Бағалау және баға барлық оқушылардың дамуына ықпал жасай
алғанда ғана дұрыс қолданылған болады.
4. Бағалау қашанда әділетті сипатта болу керек.
Мәселен мұғалім
тақтада есеп шығару кезінде қателер жібереді. Математикадан үздік оқушы
байқады да түзету енгізеді. Мұндай жағдайда оқушының әрекетін қалай
бағалау керек?
- Бірден бес қойылады.
- Шыдамсыздығы ескертеді.
- Ауызша мадақтайды.
- «Мен сендерді сынау үшін өстіп едім» делінеді.
- Мән бермей қояды.
Айта кеткен жайт, Хельмут Вектің «Оценки и отметки» деген еңбегі –
көп жылғы зерттеу негізінде ғылыми тұрғыда өмірге келген мазмұнға бай
туынды. Жоғарыдағы ұстанымдардың тиімділігі нақтылы мысалдар арқылы
түсіндірілген. Егер әріптестеріміз бұл еңбекті кәдеге асыға келсе, оны
тиянақты оқып алғаны жөн.
Достарыңызбен бөлісу: