«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата26.05.2022
өлшемі0.7 Mb.
#458658
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
«Тарихты о ыту дістемесі» п ні бойынша д рістер конспекті Та ыр

 
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 
1. 
Тарихи білімді қалыптастыру аса маңызды жақтары? 
2. 
Курстын құрылымы қандай болу керек?
3. 
Семинарды дайындауға және өткізуге қандай әдістемелік талаптар 
қойылады?
4. 
Мектеп лекциясына қойылатын ғылыми - әдістемелік талаптардың
ролі қандай? 
Тақырып№3: Тарихты оқытуды ұйымдастыру формалары. Тарих 
сабағы 
Дәріс мақсаты: Тарихты оқытуды ұйымдастыру формаларын анықтау 
 
1. Мектепте тарихты оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары
2. Сабақ мектепте оқыту жұмысын ұйымдастыруының негізгі формасы
ретінде 
3. Сабақтың түрлері
4. Сабақтың құрылымы
 
Тарих сабағына қойятын талаптар мынадай: сабақтағы тарихи 
мазмұнның, педагогикалық ойдың толықтығы, оның алға қойған мақсатқа 
сәйкестігі; білімнің ғылымилығы; тарихи деректердің анықтығы; түрлі білім 
көздерін қолдану; базалық білім қалыптастыруда негізгі шешуші мәселені 
таңдап ала білу; оқушылардың жоғары деңгейдегі дербес ойлай білуі мен 
танымдық белсенділігін қалыптастыру; сабақ типін, оны енгізудің құралдары 
мен әдістерін дұрыс таңдай білу; таңдап алынған оқу жұмысы тәсілдерінің 
педагогикалық ниетке, оқушылардың танымдық мүмкіндігінің мазмұнына 
сай келуі; мұғалім мен оқушы әрекетінің біртұтастығы. 
Сабаққа дайындық оқу жылы басталмастан бұрын мемілекеттік 
стандарт пен барлық сыныптардың оқу жоспарымен танысудан басталады. 
Осыңдай жағдайда ғана мұғалім жекелеген сабақты емес, тұтас 
тақырыптарды, курстарды жүргізуге дайын болады. Осы құжаттардың 
негізінде мұғалім оқушылардың іскерлігі мен дағдыларды меңгеріп, тұлға 
ретінде қалыптасуы барысында терендеп, нақтылана түсетін деректер мен 


үғымдар жүйесін айқындайды. Содан соң барып, ол жүйенің мектеп 
оқулықтарынан қалай көрініс тапқанын, тарихи материалдың баяңдалу 
сипатын, оның құрлымы мен мазмұнын, әдістемелік аппаратының 
қандайлығына кез жетізеді. Оқулықтарға талдау жасау өзара байланысты 
«сабақтарды, олардың оқу курсындағы орны мен релін айқындауға мүмкіндік 
береді. Мемлекеттік стаңдарт, окулық және бағдарламамен жете танысу 
оқылатын бөлім мен курстың тақырыбының оқу-тәрбиелік мақсаттарын 
айқындауға кемектеседі. 
Осыдан соң сабақты тақырыптық жоспарластыруға кірісуге болады. 
Оның мәні — сабақтарды тарихи және қисынды байланыстарына, оқу типі 
мен түрлеріне қарай жүйеге топтастыру. 
Мұғалім мазмұнын өзі ашатын және оқушылардыңдербес игеруіне 
оңай тиетін тақырыптарды белгілейді. Нақты сыптағы оқушылардың 
танымдық мүмкіңдіктерін анықтап барып мұғалім тақырыптық жоспар 
негізінде сабақ жоспарын түзеді. 
Б.д.д.V-ІV ғасырларда эллиндік мәдениеттің гүлденуін тақырыбындағы 
сабақ былайша жоспарлануы мүмкін. 
1) Б.д.д. V-ІV ғасырларда Элладаның сәулет, сұңғат және сурет өнері 
(Афина Акрополіне ойша саяхат); 2) Ежелгі грек театры (көрініс-сабақ); 3) 
Ежелгі Грецияның ғылымы мен мектебі (ойын-сабақ); 4) Олимпиадалық 
ойындар (репортаж-сабақ); 5) Қорытынды сабақ (викторина-сабақ).
:
Оқытуды материадды мазмұндаумен шатастыруға болмайды. Оқыту 
мұғалім қызметінің сабаққа дайындалудан оның тәжірибесін талдауға дейінгі 
барлық кезеңін қамтиды. 
Сабаққа дайындалу функциялары (міндеттері, қызметтері). Сабаққа 
дайыңдалудың әр кезеңінің атқаратьш өз функциялары бар. 
1. Тексерушілік функция сабаққа дайындықтың мынадай негіздерін 
қамтиды: 1) оқу материалының мазмұньш ой елегінен өткізу; 2) 
тақырыпты, бөлімді оқып-үйренудің мақсатына сай дидактикалық 
мақсатты тұжырымдау; 3) сабақ типін анықтау; 4) сабақ құрылымын 
белгілеу. 
Бұл кезеңде қажетті іскерлікті қалай қалыптастыру, қандай сезімдерді 
ояту қажеттігі айқындалады. Білім көзін таңдаған мұғалім оны іске асыруға 
көмектесетін тәсілдерді таңдайды. Бұл жерде білім көзі ретінде оқулық 
мәтіні, оқу картинасы, мұғалім дәрісі, оқу телефильмі қарастырылады. 
Жаңа сабаққа дайындық өткен сабақтың үйге берілген тапсырмасын 
талдауды да қарастырады. Өткен сабаққа қатысты сұрақтар жаңа 
тақырыптың мазмұнына байланысты болуы шарт. 
2. Құрастырушылық функция 1) нақты сыныптағы оқушы құрамының 
ерекшеліктеріне талдау жасау; 2) оқушы әрекетінің басым сипатын 
айқындау. Оқушының таным деңгейі еске түсіруші, өзгертуші және 
шығармашылық-іздеушілік болып бөлінеді. Еске түсірушілік таным 
деңгейіндегі окушы сабақ барысында мұғалімнің айтқанын, жасағанын 
қайталап отырады. Ал, өзгертушілік таным деңгейіндегі оқушы дәрісті 
тыңдай отырып, оны қорытады; оқулықтың бірнеше параграфы бойынша 


кесте құрастырады; ауызша бейнелеу бойынша картадан нысанды көрсетеді. 
Ең күрделісі — шығармашылық ізденушілік деңгейде оқушы құжаттарды 
талдап, дербес қорытынды жасайды; тарихи оқиғаның дамуына баламалы 
жағдай ойластыра алады. 
Оқушылардың талданған әрекет деңгейі мұғалімнің сабақтағы жұмыс 
әдісіне тікелей байланысты. Нақтылай айтқанда, мұғалім дайындығы төмен 
сыныпта түсіндіруге мол уақыт бөліп, дайындығы жоғары сыныпта іздену 
бағытында жұмыс жүргізуге баса мән беруі тиіс, 
3.Ұйымдастырушылық функция аддыңғы функциялармен тығыз 
байланысты. Оларды талдай отырып, мұғалім: сабақты қалай бастау керек; 
оқушылар сабақта немен айналысады; жаңа материалды игеруге оларды 
қалай жұмылдыруға болады; барлық оқушыларды қандай жұмысқа жегуге, 
қандай тапсырма беруге болады деген сияқты көптеген сұрақтарға жауап 
қарастырады. 
Мазмұны бірдей сабақтар оны өткізуде сынып оқушыларының 
танымдық мүмкіндігін ескеріп қолданған әдістеме бойынша бір-бірінен 
едәуір ерекшеленуі мүмкін. 
Оқушылардың оқу іскерлігі жетілген сайын алға қойған оқу процесінің 
міндеттерін іске асыруда оларға дербестік берілуі тиіс. 
4. Ақпараттық немесе мазмұндаушылық функция сабақтың оқу 
мазмұнына қатысты, ол оқу мазмұнын баяңдауда қандай тәсіл қолдануға 
болады дегенді білдіреді. Оқу мазмұнын талдау жасай отырып, мұғалім оны 
қандай көлемде, қандай түрде беруді айқындап, сабаққа қажетті оқу 
құралдарын тандайды. 
Мұғалім сабақ үстінде оқулық материалын жалаң баяндап қоймайды, 
оқушыларға қиыңдық туғызатын сұрақтарды кеңінен түсіңдіріп, тақырыптың 
басты мәселесінің мәнін ашады. Мұғалім бағдарламалық материалдан нені 
алып тастауды, нені қысқа немесе жан-жақты мазмұндау керектігін 
белгілейді. Оқулықтағы нақты фактілермен жаңа ұғымдардың мәнін ашып, 
оқулық материалын көркем және бейнелі етіп мазмұндайды. 
5. Бақылау-есепке алу функциясы білімді қалай тексеріп, бекітуді; 
оқушылардың тақырып бойынша өз пікірін білдіруді; білімді қалай 
бағалауды алдын ала ойластыруды қарастырады. Осыған байланысты 
оқушылардың білімін бағалаудың мынадай өлшемдерін атауға болады: 1) 
объективтілік (әділдік); 2) бағалаудың жан-жақтылығы; 3) баға қоюдағы 
айқындық және жариялылық. 
6. Түзетуші функция сабаққа қорытынды жасайды. Ол материал дұрыс 
жинақталды ма, деректер маңызды ма; сабақтың дидактикалық мақсаты 
дұрыс қойылды ма және оған қаншалықты қол жетті; сыныптың ерекшелігі 
есқерілді ме; қолданған оқу әдістері, тәсілдері, түрлері талапқа сай келе ме; 
тапсырмалар орынды және қызықты болды ма; білімді игеру деңгейін қалай 
бағалауға болады деген сұрақтарды қамтиды. 
Түзетушілік функцияны мұғалім жетістіктері мен кемшіліктерін 
айқындап, әрбір сабақтан соң пайдаланады. Конспект немесе сабақ 
жоспарына «Сабақтың теориялық бөлімін кеңейту», «артық деректерді алып 


тастау» деген сияқты қысқа жазбалар түсіреді. Ол ескертпелер келер оқу 
жылында ескерілуі тиіс. 
Оқу материалына құрылымдық-функциялық талдау 
Сабаққа дайындық барысында оқу материалына талдау жасауды 
П.В.Гора құрылымдық-функциялық деп атаған еді. Ол құрылымдық талдау 
дегенде мұғалімнің сабақ мазмұнын қисындық ой әлегінен өткізіп, оның 
мазмұнынан басты тарихи деректерді және оларды талдаудан туындаған 
қорытындылар мен жинақтаушы тұжырымдарды бөліп алу деп түсіндірёді. 
Ол қорытындылар мен жинақтаушы тұжырымдар оқулықтың мазмұнынан 
анық көрінуі немесе деректер мен олардың байланыстарының астарында 
жасырын түрде кездесуі мүмкін. Ал функциялық талдау құрылымдық талдау 
барысында анықталған теориялық ережелер, қорытындылар мен сабақтағы 
басты тарихи деректердің білім беру, тәрбиелеу және дамыту мүмкіндіктерін 
айқындауға бағытталады. 
Басты тарихи дерекке не жатады? Бұл қоғамдық өмірде елеулі із 
қалдырып, қоғамдық дамуға айтарлықтай ьпсдал жасаған деректер. Олар 
сабақ мазмұынының фатологиялық негізін құрап, тарихи даму процесіндегі 
маңызын айқындап, оқиғаның картинасын жаңғыртады. Басты деректі 
талдаудан негізгі қорытьшды мен тұжырымдар туындайды. Басты деректің 
мазмұны мен байланыстарында оқушылардың дүниетанымдық идеялары мен 
ұғымдарын қалыптастыруға қажетті маңызды теориялық мағлұматтар болуы 
мүмкін. Теориялық ережелер маңызы жағынан басты және қосалқы болып 
келеді. 
Басты 
деректердің 
арасында 
маңызды 
теориялық 
мазмұн 
арқаламайтындары да болады. Бірақ олар өзінің бейнелігімен, жарқын және 
еліктіргіштігімен құнды. Оларды оқып үйренуі оқушылардың сезімдік 
толқуларын оятып, тарихқа деген қызығушылығын арттырады және 
шығармашылық қиялын дамытады. 
Сабақта басты деректерден басқа қосалқы оқу материалдары — 
қосалқы тарихи деректер, картографиялық, хронологиялық және басқа да 
деректер пайдаланылады. Олар көбіне оқушылардың ойлау белсенділігін, 
қызығушылығын дамыту үшін қолданылады. Мысалы, мұғалім 1945 жылғы 
Жеңіс шеруі және Ескі алаңға орналасқан Тарихи мұражай жанындағы Г. К. 
Жуков ескерткіші туралы әңгімелейді. Маршалдың Жеңіс шеруін ақ боз 
аттың үстінде қабылдағанын әркім біледі. Бірақ ол ахалтеке тұқымды 
тұлпардың есімі Араб екендігін, оның 1935 жылы Ашхабад-Москва 
бағытындағы атты шеруде даңққа бөленгеңдігін, ал оның ұрпағы Жамбыл 
облысының Луговой жылқы зауытының түлегі Абсенттің Римдегі 
Олимпиадалық ойындарда чемпион болғандығын екінің бірі біле бермейді. 
Деректік материалдар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай 
тәжірибелік және теориялық деңгейде оқытылады. Тарихи материалды 
тәжірибелік тұрғыдан игеру оқушыларға тарихи құбылысты «дайын күйінде» 
ұсынуға негізделеді. Бұндай таным нысанның сыртқы белгілерін қабыддап, 
үғымдардың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Содан соң барып теориялық 
таным басталады. Деректі танудан теориялық қорытындыға өту процесі онша 


күрделі емес. Ал бір теориядан екінші теорияға өту процесі барынша күрделі 
сипат алады, ол теориялық деңгейдегі таным деп аталады. Бұл білім тарихи 
оқиғалар мен құбылыстарды түсіну және түсіндіруде қолданылады. 
Сабақ мақсатын айқындау. Тәжірбиелі мұғалім оқу қурсымен алдын 
ала танысқанда немесе тақырыптық жоспар түзгенде тақырыптарды немесе 
бөлімдерді оқып-үйренудің келешек мақсатын айқындайды. Ал жас мұғалім 
әдетте жалпы мақсаттарға емес, нақты еабаққа дайыңдық кезеңінде нақты 
мақсаттарға көңіл бөлгені орынды. 
Оқулық пен оқу бағдарламасына құрылымдық-функционаддық талдау 
кезінде мұғалім жұмыс қорытындысы, ойлар мен тұжырымдарды, 
ұғымдардың анықтамасын қағазға белгілеп отырады. 
Құрылымдық талдаудың барысында білім берушілік, тәрбиелік және 
дамытушылық сабақ мақсаты айқындалады. 
Ғылыми ұғымда мақсат дегеніміз әрекет нәтижесін алдын ала ойша 
болжау дегенді білдіреді.
Мақсатты 
айқындауда 
жалпы 
адамзаттық 
құндылықтарды 
(азаматтардың тең құқықтылы, еркіндігі, ар-ұяты, парызы және т.б.) және 
мемлекеттік стандартта белгіленген тарихты оқытудың мақсаттарын 
басшылыққа аламыз. Мақсаттар ұзақ мерзімге жоспарластырылған, қысқа 
мерзімді, нақты, дербес сабаққа арналуы мүмкін. 
Функционалдық талдауда айқындалған мақсаттарды былайша 
жүйелеуге болады. Білім беру мақсаттары: қандай маңызды білім 
қалыптасады; сабақ мазмұнынан оқушы ең басты қандай білімді игеруі 
керек; сол сияқты білімді қайталау, бекіту және тереңдету мақсаттары 
белгіленеді. Тәрбиелік мақсаттар: сабақтың адамгершілік, эстетикалық 
тәрбие берудегі (қайырымдылық, кішіпейілділік, адалдық, еңбек сүйгіштік) 
үлесі қандай; тәрбие оқу материалының мазмұнын тану процесінде, оқу 
әдебиеті барысында, оқушы мен мұғалімнің өзара байланысында іске 
асатындығы ескерілуі тиіс. 
Дамытушылық мақсаттар: оқу материалына сүйеніп қандай дағдылар 
дамытылды (жоспар құра білуі, сұрақ құрастыра алуы, материалды игерудің 
қисындық бірізділігін игеруді және т.б.). Сонымен бірге дамытушылық 
мансаптарға оқушылардың пәндік және оқуға қатысты жалпы дағдылары мен 
шеберліктерінің қалыптасып, психикасының (ақыл-ой, ерік-жігер, танымдық 
кызығушылық) дамуын да жатқызуға болады. 
«Ежелгі Рим» тақырыбын оқудағы білім беру мақсаты –мәдени, 
шаруашылық түрғысынан адамзаттың дамуын көрсету; тәрбиелік мақсаты — 
қаталдықты айыптап, оқушылардың қарапайым адамдардың азар өміріне 
деген аяушылық сезімін ояту; дамыту мақсаты — жекелеген бөлшектер 
негізінде оқиғаның жалпы картинасын жасау. 
Сабақтың мақсатын айқындаудың жолдарын Ю.К.Бабанский былайша 
жүйелейді: 
1. Тақырыптың оқу мазмұнынан (тақырыптық жоспарластыру кезінде) 
және сабақтан (әр сабаққа сабақ жоспарын жасау барысында) туындайтын 
нақты мақсаттарды жоспарластыру керек. 


2. Жоспарластыру кезіңде оқушыларға білім беру, тәрбиелеу және 
дамыту мақсаттарын біртұтас бірлікте және өзара байланыста қарастыру 
керек. 
3. Мақсаттарды жоспарластырғанда сабақ тақырыбы оның негізгі 
мазмұнын талдауына және пәнішілік, пәнаралық, курс аралық байланыстарға 
сүйену керек. 
4. Оқу материалын талдау барысында осы сабақтың жалпы тарихи 
білім беру міндеттерін шешуге қосатын үлесі айқындалуы тиіс. 
Сабақ жүргізудің тиімділігі мұғалімнің күткен нәтижені болжай алу, 
оны сабақ үстінде іске асыру, оқушылармен кері байланыс орнату (оқыту мен 
оқудың бірлігі) шеберлігіне тәуелді. Белгілі әдіскер Н. В. Кухарев сабақты 
ұйымдастыру мен өткізудің төрт деңгейін бөліп қарастырады. Жоғары 
деңгейцегі сабақта мұғалім оқушыларға түсетін ауыртпалықты ескере 
отырып, сабақтағы оқу нәтижесін алдын-ала құрастырып, оған қол жеткізе 
алады. Биік деңгейдегі сабақта мұғалім оқушыларды өзі ұсынған болжамға 
сәйкес түрлі шығармашылық жұмыстарға тартады. Екі деңгейдегі сабақтарда 
мұғалім қол жеткен нәтижелердің себеп салдарларын нақтылап, сабақта 
тиімді жұмыс тәртібін ұйымдастыруға қабілетті деп танылады. Орта 
деңгейдегі сабақта мұғалім тексеру кезінде оқушылардың білімдері мен 
дағдыларын айқындауға шамасы келсе, төменгі деңгейдегі сабақта мұғалім 
нәтижеге қол жеткізу жолдарына басын ауырпай, тек қана сабақ жоспарын 
жазумен шектеледі. Соңғы екі деңгейде мұғалім тек оқушылардың білімі 
туралы ақпарат жасап, сабақ үстінде олардың тәртібін сақтауға бар күш-
жігерін жұмсайды. 
Конспект және сабақ жоспары 
Дәстүрлі ұғымда сабақ конспектісі мұғалімнің оқытушылық қызметінің 
бастапқы кезеңінде өте қажет болады. Мұғалім конспектіде арнайы және 
әдістемелік әдебиеттерді оқығанда жасаған және құрылымдық функциялық, 
талдау барысында белгілеген тұжырым, жасаған қорытындыларын қағазға 
түсіреді. Конспект сабаққа дайындалу үшін қажет, өйткені ол оқу 
материалын ұйымдастырып, оны мазмұндаудың қисындық бірізділігін 
қамтамасыз ету және ұғымдар мен тұжырымдарды пысықтап, сабақтың 
кезеңдерінің ара салмағын сақтауға көмектеседі. Сондықтан сабақ барысында 
кеңейтілген жоспарды басшылыққа алған орынды. 
Конспект — педагогикалық ойдың көрінісі, оның үлгісі, сценарийі, 
конспектіде сабақтың барысы, оның барлық кезеңдеріндегі мұғалім мен 
оқушының оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттерінен бастап сабақтың 
қорытындысын шьгғарғанға дейінгі әрекеттері көрініс табады. 
Конспект жазуда мұғалім мына жағдайларды ескеруі тиіс, мақсатты 
айқындауда жалпы адамзаттық құндылықтарды (азаматтардың тең 
құқықтылығы, еркіндігі, ар-ұяты, парызы және т.б.) және мемлекеттік 
стандартта белгіленген тарихты оқытудың мақсаттарын басшылыққа аламыз. 
Мақсаттар ұзақ мерзімге жоспарластырылған, қысқа мерзімді, нақты, дербес 
сабаққа арналуы мүмкін. 


Функционалдық талдауда айқындалған мақсаттарды былайша 
жүйелеуге болады. Білім беру мақсаттары: қандай маңызды білім 
қалыптасады; сабақ мазмұнынан оқушы ең басты қандай білімді игеруі 
керек; сол сияқты білімді қайталау, бекіту және терендету мақсаттары 
белгіленеді. Тәрбиелік мақсаттар: сабақтың адамгершілік, эстетикалық 
тәрбие берудегі (қайырымдылық, кішіпейілділік, адалдық, еңбексүйгіштік) 
үлесі қандай; тәрбие оқу материалының мазмұнын тану процесінде, оқу 
әдебиеті барысында, оқушы мен мұғалімнің өзара байланысында іске 
асатындығы ескерілуі тиіс, олар: осы сабақта оқушылардың білімін, 
шеберлігі мен дағдысын тексерудің қажеттілігі, жаңа сабақты игеру, бекіту 
және қайталау, үй тапсырмасы; оқытудың осы кезеңдерінің бірізділігі; әрбір 
жұмыс кезеңіне қанша уақыт бөлінуі керек. Конспект де оқытудың ұйымдық 
нысандары мен құралдарының, әдістері мен тәсілдерінің оңтайлы үйлесуін 
басшылыққа алу керек. Сондықтан да әрбір әдістің және олардың 
қосылыстардың әлсіз және күшті жақтары ескерілуі тиіс. Өйткені әрбір әдіс 
бір міндетті жақсы іске асыра алғанымен екінші міндетті іске асыруға 
жарамсыз болғандықтан да әдістердің өзара шебер үйлесуінің маңызы зор. 
Мұғалім сыныптың ерекшелігін және өзінің жұмыс стилін ескере отырып, 
тақырып мазмұнын іріктеп, міндеттерді жоспарластырғаннан соң барып 
жұмыстың әдістері мен тәсілдерін тандайды. Бұл жағдайда оқушылардың 
көңіл күйі (мысалы, мереке қарсаңы), жұмыс қабілеті (нешінші сабақ), тарих 
кабинетінің мүмкіндігі де ескерілуі керек. Психолоттардың анықтағанындай, 
оқушылардың көпшілігі ақпараттың негізгі көлемін сабақтың алғашқы 
жартысында қабылдауға бейім екендігі естен шықпауы тиіс. 
Мұғалім оқушыларға қойылатын сұрақтарды, жаңа материалдың 
мазмұнын, қорытынды пікірлер мен тұжырымдарын, үйге берілетін 
тапсырмаларды конспектіге түсіреді. Мұғалімнің сабақты әңгімелеу түрі, 
оқыту әдістері де жазылуы мүмкін. Конспектіде картина, карта, безендірумен 
жұмыс әдістері белгіленіп, сынып тақтасына сұлба, терминдерді жазуды 
белгілеу сабақтың сенімді, барьшша көрнекі өтуіне нақтылы көмек болады. 
Конспект сабақтың тақырыбы, мақсаты, қажетті құралдар тізімі, оқу 
материалының мамұны және оны оқып-үйреудің әдістемесін қамтиды. 
Тақырыпты оқып-үйренудің әдістемесін мына кесте бойынша құрастыруға 
болады. 
Сабақ барысы 
Мұғалім жұмысының мазмұны мен әдістері 
Оқушы жұмысының мазмұны мен әдістері 
Бірінші бағанада қысқа жоспар түрінде сабақ мазмұнының негізгі 
мәселелері тізбектеледі; білім мен дағдыларды тексеру тақырыбы; жаңа 
тақырыптың жоспары; бекіту сұрақтары; үй тапсырмасы. Барлық жұмыс 
түріне оларды орындауға бөлінген уақыт көрсетіледі. Сұрақты дұрыс 
қоймаудан оған бөлінген уақыт созылып кетуі мүмкін. 
Сабақ жоспарында жаңа материалды түсіндіру тәртібі мазмұндалып, 
басты және қосалқы материалдың көлемі анықталып, негізгі ұғымдар мен 


жеке тұлғалар ерекшеленеді. Осы жерде оқулыққа қосымша тың материалды 
қалай қолдану туралы ескертпелер де жасалады. 
Күрделі жоспар ретінде мұғалім қайталауға арналған негізгі және 
қосымша сұрақтарды енгізе алады. Тексеруге арналған сұраулар мен 
тапсырмалардың тұсына: «жалпы әңгімелесу», «тақтаға жазу», «кеңейтілген 
жауап», «қабілетті оқушыға қойылатын сұрақ» т.б. сөздер жазылады. 
Сонымен бірге қолданылатын оқу құралдары, құжаттары мен берілетін 
тапсырмалар тізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет