Кәсіпорын экономикасы : оқу құралы. Атырау,2019


 Айналым құралдарының айналымын арттыру



Pdf көрінісі
бет21/72
Дата30.05.2022
өлшемі1.45 Mb.
#458801
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72
Baimukashova2

3.2 Айналым құралдарының айналымын арттыру
жолдары
Басқару шешімдерін қабылдау механизмін жетілдіру және айналым
капиталы саласында оларды іске асырудың маңызды шарттарының бірі
қаржыландыру құралдарының өзіндік құнымен және осы қаражатты
жұмсаумен байланысты капитал элементтерінің айналымын басқарудың
нақты реттелмелі тәсілдерінің жоқтығы болып табылады.
Дегенмен, өндірістік-шаруашылық қызметінің ерекшеліктері белгілі бір
кәсіпорынның ағымдағы активтерін басқару үшін белгілі бір нақты
талаптарды тудырады. Осы екі жағдайдың өзара әрекеттесуін іздестіру
өнеркәсіптік кәсіпорынның ағымдағы айналым капиталын басқарудың
бірыңғай жүйесін қалыптастырады.
Айналым құралдарының айналымын арттыру нақты
жағдайында әрекет етуші мекеменің басты міндеті болып
табылады және мынадай жолдармен шешіледі:
Өндірістік запасты қалыптастыру кезеңінде – запастың
тиімді нормаларын енгізу, шикізатты, жартылай фабрикатты,
комплектіленген өнімдерді жеткізушілердің тұтынушыларға
жақын орналасуы, тұрақты қарым- қатынастарды сақтау,
материалдық- техникалық жабдықтаудың қоймалық
жүйелерін кеңейту, қомалардағы тиеу- түсіру жұмыстарын
ұйымдастыру.
Аяқталмаған өндірістер кезеңінде – ғылыми- техникалық
прогрестің қарқыны, унификациялау, стандарттауды
дамыту, өндірісті ұйымдастыру формаларын жетілдіру,
неғұрлым арзан материалдарды пайдалану, шикізат, отын,
энергиялық ресурстарды үнемді пайдалануды жетілдіру
жүйелерін қолдану, өнімнің үлестік салмағын арттыру.
Айналымдық кезеңдерінде есеп – айырысулар жүйесін
жетілдіру, тікелей қарым – қатынастар бойынша заказдарды
орындау нәтежесінде өткізілетін өнім көлемін арттыру,
үнемелген материалдардан өнім дайындау, партиялар
бойынша тиелген өнімдерді сорттау.
Мысалы,мұнайгаз өндіру мекемелерінің айналымын
арттыпудың басты құралы – мұнай мен газды
интенсификациялау тәсілдерін және қабаттардың мұнай
беру қасиеттерін арттыру.
Тұрақты ұңғыма қоры бойынша кенорындарын
интенсивті өңдеу негізінде мұнай мен газды өндіру мен
өткізу көлемін арттырумен байланысты айналым арттады. 
Айналым құралдары өндірісте әртүрлі бағытта қолданылады және
олардың кәсіпорын қызметіндегі рөлі де әртүрлі болады. 
56


Айналым құралдары
Өндіріс-
тік
қорлар
Аяқтал –
маған
өндіріс
Алдағы 
кезең
шығын
дары
Қоймада
ғы 
дайын 
өнімдер
Дебитор
лық 
берешек
Ақша-
лай 
қаражат-
тар
Тауар 
жөнелту 
және 
жолдау
Мөлшерленетін айналым қаражаты
Банкідегі
есеп 
шоты
Есеп 
ажырасу 
қаража-ты
Өндірістің айналым қорлары
Айналыс қорлары
Мөлшерленбейтін
айналым қаражаты
Кәсіпорындарда айналым құралдарының құрылымы тұрақсыз және
көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп те отырады. Әрбір нақты
кәсіпорында айналым капиталының шамасы, олардың құрамы мен
құрылымы өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің
ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б.байланысты болады. 
Айналым құралдарының бір мезгілде әрі өндіріс сферасында, әрі
айналыс сферасында әрекет етуіне байланысты олардың айналымдылығын
тездету әртүрлі жолдармен іске асады. Олардың негізгілері мыналар:
-
өндірістік циклдың ұзақтығын азайту;
-
шығарылатын өнімнің сапасы мен бәсекеге төзімділігін
жақсарту;
-
айналым құралдарын басқаруды жетілдіру;
-
қоймадағы запастарды азайту;
-
материалдық реурстарды пайдалануды жақсарту;
-
материалдық – техникалық жабдықтауды жетілдіру;
-
есеп – айрысу жүйесін жақсарту.
Айналым құралдарының тиімділігін арттыруға әсіресе өндіріс сатысында,
яғни материалдық құндылықтарды өндіріске қосқан кезден бастап, дайын
өнім алғанға дейінгі аралықта қол жеткізуге оңай.
57


Сурет 4.Айналым құралдарының бөлінуі
Өндіріске өнімділігі жоғары техника енгізу, өндіріс процесін
автоматтандыру сияқты шаралар бұған қол жеткізуге көмектеседі. Мысалы,
мұнай өндірудегі кен орындарын интенсивті пайдалану арқылы әрбір ұңғыға
келетін мұнай көлемін арттыру осы бағыттағы шаралардың бірі болып
табылады.
Айналдым құралдарының көп бөлігі өндірістік запастар түрінде
болады, сондықтан оларды мөлшерге сай азайту айналым капиталын
пайдаланудың тиімділігн анықтайды. Өндірістік запастар мөлшері көптеген
факторларға байланысты. Осы бағыттағы шаралардың негізгісі материалдық
запастарды мөлшерлеуді жетілдіру. Техникалық әрі экономикалық
негізделген мөлшерлемелерді қолдану материалдарды үнемдеуге мүмкіндік
береді. Кәсіпорындағы өндірістік бағдарламаның тұрақсыздығына,
жабдықтау жұмысының нашарлығына, жоспарлаудың дұрыс жүргізілмеуіне
байланысты мөлшерден тыс және артық материалдар орын алуы мүмкін. 
Айналым құралдарын пайдалану тиімділігін арттырудың және олардың
айналымдылығын жеделдету шараларының бірі материалдық ресурстарды
үнемдеп пайдалану жұмыстарын жетілдіру болып табылады.
Материалдық – техникалық жабдықтауды ұйымдастыру деңгейінен
кәсіпорындардағы материалдық құндылықтар шамасы анықталады.
Өндірістік бағдарламаның орындалуы, өндіріс процесінің үздіксіздігі де осы
факторларға байланысты.
Осы бағыттағы негізгі шараларға мыналар жатады:
- материалдық – техникалық жабдықтаудың жетілген формаларын
енгізу;
- ресурстарды пайдалану есебі мен оларды бақылауды жетілдіру;
- запастар мен шығындарды мөлшерлеуді жетілдіру;
- тиеу – түсіру жұмыстарын механизациялау мен автоматтандыру.
Ал айналыс сферасындағы айналым құралдарының айналымдылығын
тездетуге мынадай факторлар әсер етеді:
-
материалдық құндылықтарды жеткізуге келісім – шарттары дер
кезінде жүргізу және банк арқылы есеп айрысуды жеделдету;
-
құжаттардың айналымын тездету;
-
дебиторлық бережақты қадағалап отыру және оны азайтуға
бағытталған шараларды белгілеу.
Кәсіпкерлікпен айналысатын кез – келген кәсіпорын мөлшерленбейтін
айналым құралдарын қысқартуға тырысады, себебі бұл айналым
қаржыларының айналыс – сферасындағы айналымын тездетеді, ал ол өз
алдына барлық айналым құралдарын тиімді пайдалануға әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет