Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова



Pdf көрінісі
бет9/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   119
Авакова фразеосемантика

Кенесбаев С.К. К вопросу об экспрессивно-стилистических функциях фразеологизмов 
(на материале казахского языка) // Развитие стилистических систем литературных языков 
народов СССР. – Ашхабад, 1968. – С. 205-212. Кусимова Г. Фразеологизмы в казахском 
эпосе. Автореф. Дис. ...канд. филол. наук. – Алматы, 1991; Боранбаев Г.С. ХV-ХVІІІ ғғ. 
Қазақ поэзиясы тіліндегі фразеологизмдер. Филол.ғыл.кандидаты атағын алу үшін дайын. 
Дисс. автореф. – Алматы, 1994; Дүйсетаева Ф.Н. Автореф. дис. ..канд. филол. наук. – 
Алматы, 1977 және т.б.


19
Фразеология: әдістері және ұлттық психологиялық табиғаты
19
олардың лексикографиялық деректер негізінде жіктелуі фразеология-
лық деңгейдегі тілдік құралдардың мәнерлегіштік мүмкіндіктері, олар-
дың стилистикалық мәні мен бояулары, түрлі жағдайлардағы қолданыс 
аясы, фразеологиялық бірліктердің қолданылуының коммуникативтік 
заңдылықтары, олардың бейнелілік және метафоралық белгілерінің негізгі 
заңдылықтары мен тенденциялары, фразеологиялық тіркестердегі штам-
птар мен шаблондардың мүмкіндіктері және т.б. мәселелер қарастырылды. 
Фразеологизмдердің стильдік қызметі мен оның теориялық арналарын 
зерттеу қазақ тіл білімінде әлі де болса толықтырулар мен ізденістерді 
қажет етеді.
3. Көркем шығармаларда қолданылуы
1
.
Зерттеушілердің алдында жеке авторлардың әдеби шығармаларындағы 
фразеологизмдердің және авторлық қолданыстардың ерекшеліктері мен 
олардың тәсілдеріне тілдік тұрғыдан талдау жасау мақсаты қойылды. 
Көркем шығармада сипатталып отырған дәуірдің, тарихи кезеңнің бояуын 
сол қалпында беру мақсатында түрлі авторлық қолданыстар мен айшықты 
бірліктер пайдаланылады. Мұндай шығармалар арқылы авторлар, «бір 
жағынан, қазіргі қолданысымызда жоқ немесе өте аз ұшырасатын сөздерді 
айналымға түсіріп, тілдің байлығын арттырудың тағы бір жолын көрсетіп 
отырса, екінші жағынан, көркем бейнелер жасауда мүмкіндіктің молая 
түскенін дәлелдейді» [М. Серғалиев, 1998; 372 б.]. Сондықтан да авторлардың 
тілін зерттеу, олардың қолданысындағы тілдік бірліктерге ғылыми баға беру 
теориялық дәйектемелер жасауға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
4. Фразеологизмдерді мағыналық, тақырыптық тұрғыдан топтастыру 
принциптері
2
.
Фразеологизмдердің мағыналық топтарына лексика-семантикалық 
және тақырыптық тұрғыдан топтастырулар жасалып олардың принциптері 
мен әдістері айқындалды. Семантикалық өріс мәселесі теориялық аспектіде 
шешімін тауып, семантикалық, зооморфтық, діни-мифологиялық, сандық 
1
 Айтбаев Ө. Аудармадағы фразеологиялық құбылыс. – Алматы, 1975; Джанибеков 
М. Стилистические употребления лексики и фразеологии в произведениях Джамбула. 
Автореф.дис .... канд.филол.наук. – Алма-Ата, 1956; Қожахметова Х. Фразеологизмдердің 
көркем әдебиеттерде қолданылуы. – Алматы, 1972; Қисамединова Л.М. Некоторые 
особенности употребления фразеологизмов в произведениях В.И. Ленина //Материалы 
респ. науч. конференции молодых ученых и специалистов. – Алма-Ата, 1981. – С. 193-194.
2
Елешова А. Фразеологиялық единицаны классификациялау мәселелері //Қазақ тілі 
мен әдебиеті. – Алматы, 1976, 8-шығуы. – 102-107 бб.; Қайдар А., Жайсакова Р. Принципы 
классификации фразеологизмов и их классификационные группы в современном 
казахском языке // Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы, 1998. – 202-214 бб.; 
Сәтенова С. Қазақ тіліндегі жануарлар аттарымен байланысты фразеологизмдердің 
сипаттамасы. – Алматы, 1990; Уәлиев Н. Жұмбақ сандар // Жалын, 1998, №4;
Таева Р. К вопросу об изучении фразеологии методом семантического поля // Материалы 
респ.науч.конференции молодых ученых и специалистов. – Алматы, 1980. – С. 211-212; 
Рысбаева Г. Сан есімдерге байланысты культтік фразеологизмдер // Н. Сауранбаев және 
қазақ тіл білімі. – Алматы, 2000. – 95-99 бб. және т.б. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет