Cи тілінде бағдарламалау Берикжан Касымов, 2018-2019
26
http://astanabilim.kz/infor/c
қабылдайтын айнымалы.
N-ге мән беру кезінде біз %d форматында Scanf
функциясын қолдану арқылы экранға хабарлама шығардық (бүтін снын енгізу).
Циклге кірер кезде i=1
операторы орындалады, яғни алғашқы мәні 1-ден
басталады, одан кейін i айнымалысы әрбір қадам сайын 1-ге артып отырады
(i++). Цикл i<=N шарты ақиқат болғанша орындалады. Цикл денесіндегі жалғыз
оператор бар, ол берілген форматына байланысты
экранға санның өзін және
оның қасына сол санның квадратын шығару операторы ғана орналасқан. Саныды
квадраттау немесе дәрежеге шығару кезінде көбейтуді қолданған дұрыс.
Шартты цикл (While)
Қандай да бір операцияны қанша рет орындау керектігі жайлы алдын ала
болжауға
немесе айтуға болмайды, бірақ циклдің аяқталатындығын тексеретін
шартты анықтауға болады. Қазақ тілінде ондай
тапсырмалар мынадай болуы
мүмкін:
әзірше ол аяқталғанша, осы жұмысты істей бер (әзірше ағашты кесебер,
толық кесіліп біткенше; әзірше есікке жеткенше тура жүре бер). «Әзірше» сөзі
ағылшын тіліне аударғанда while дегенді білдіреді және
while циклі деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: