Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың


«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» және «Құқық негіздері»



Pdf көрінісі
бет207/262
Дата01.08.2022
өлшемі4.55 Mb.
#459865
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   262
Әдістемелік-Нұсқау-хат-2021-2022-оқу-жылы

«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» және «Құқық негіздері» 
пәндері бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын 
толықтыру жөнінде ұсынымдар 
2021-2022 оқу жылында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» 
пәні бойынша шектеу шаралары кезіндегі оқу жылдарында жіберілген білім 
алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу 


289 
жылының оқу бағдарламасын меңгерту бағытында мақсатты шараларды жыл 
бойы жүргізу ұсынылады.
 
2021-2022 оқу жылында білім алушылардың өткен оқу жылдарындағы 
біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылына 
арналған оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарының меңгерілуін 
қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыс жоспарын дайындаудың реті 
(әрбір пән мұғалімі үшін) 
№ 
Жұмыс мазмұны 
Диагностикалық жұмыс (I тоқсанның I аптасында)

Өткен оқу жылдарындағы пәннің оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша 
әкімшілік диагностикалық бақылау жұмысын жүргізу 

Тақырыптар бойынша олқылығы бар оқушылардың санына байланысты өткен 
тақырыптардың ішінен қиындық тудырған тақырыптар мен оқу мақсаттарын 
анықтау. Мысалы, қандай да бір тақырыпты меңгермеген оқушылардың саны көп 
болса, сол тақырып күрделі болып есептеледі. Тақырыпты меңгермеген 
оқушылардың саны аз болса, ол тақырыптың күрделілігі төмен болып есептеледі
Жоспарлау жұмысы (I тоқсанның II аптасында)

Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылында өтілетін тақырыптар мен оқу 
мақсаттарына сәйкес келетін өткен оқу жылдарындағы күрделі тақырыптар мен оқу 
мақсаттарын анықтау

Сәйкес келетін тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтағаннан кейін  қысқа мерзімді 
сабақ жоспарларын мақсаттарды үйлестіре, кіріктіре отырып әзірлеу. Жаңа 
тақырыптар мен оқу мақсаттарын меңгеру үшін өткен оқу жылдарындағы 
тақырыптар бойынша білімінде олқылығы бар оқушыларға алдын ала дайындалып 
келуге берілетін тапсырмалар әзірлеу.

Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылындағы тақырыптар мен оқу 
мақсаттарына сәйкес келмейтін өткен оқу жылдарының күрделі тақырыптары мен 
оқу мақсаттарын анықтау 

Жаңа бағдарламаға сәйкес келмейтін өткен оқу жылдарының күрделі тақырыптары 
мен оқу мақсаттары бойынша білімінде олқылықтары бар оқушылардың тізімін 
жасау және топтастыру

Білімінде 
олқылықтары 
бар 
оқушылардың 
топтарымен 
өткізілетін 
консультациялардың кестесін жасау 

Білімінде олқылықтары бар оқушыларға өткізілетін кеңес беруді сәйкес келетін жаңа 
тақырып пен оқу мақсатына сабақ жоспарлаудан бұрын өткізу 

Білімінде олқылықтары бар оқушылардың топтарымен өткізілетін кеңес беру 
кестелерін жоспарлау принциптері: 
- жаңа сабақтан бұрын кеңес беру; 
- жұмыс күндеріне сыймаған жағдайда сенбілік немесе жексенбілік кеңес беру; 
- II, III, IV тоқсандық каникул күндеріндегі кеңестер; 
- жазғы мектеп күндеріндегі кеңестер 
10 Жаңа сабақтан бұрын кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау
11 Сенбілік немесе жексенбілік кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау 
12 Каникул күндеріндегі кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау 
13 Жазғы мектеп күндеріндегі кеңес тақырыптарын анықтау, кестесін дайындау
14 Жаңа оқу жылында оқу пәндері бойынша білім алушылардың білім сапасына жүйелі 
мониторинг жүргізу кестесін және талдау жұмысының жоспарын дайындау (бұл 


290 
жерде білім алушының өткен оқу жылы бойынша білімінің сапасы да, олқылықтары 
да көрінеді): 
- қыркүйектің екінші аптасы (диагностикалық әкімшілік бақылау)
- бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) кестесі;
- тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) кестесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет