31
алатындығын, қалағанына кешiрiм жасап, тiрi қалдыра алатындығын айтқан
едi. Сонда Ибраһим зеректiгiмен Намрудқа қиын бiр сауал қойып, адамдар
алдында оның өтiрiкшi екендiгiн әшкереледi. «Аллаһ күндi шығыстан
шығарады, ал сен оны батыстан шығарып көршi», – дедi.
Яғни тiрiлтiп,
өлтiру қолынан келген адамның басқа да iстерге шамасы жетедi. Намрудтың
бұл iске шамасы жетпейтiндiгi сөзсiз еді. Өйткенi күннiң шығу және бату
жүйесi бiр Аллаһтың ғана қолында. Басқа ешкiм де оны өзгерте алмайды.
Осылайша елінің алдында патшаның құдай еместігі дәлелденді. Ендi патша
мұндай iстің тағы да жалғаса беретіндігінен,
халiнiң бұдан да
нашарлайтынынан қорқып, Ибраһимнен бұл елді тастап, басқа алыс елге
шығып кетуiн талап еттi.
Достарыңызбен бөлісу: