ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет30/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   102
Хикаялар

СЕГІЗІНШІ ХИКАЯ 
ЛУТ (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ) 
 
Арсыздық жайлаған қауым 
Өткен замандағы ескi қалалардың бiрi – Сәдум деп аталатын қалада 
адамдардың бұзықтықтары көбейiп кеттi. Бiреуi екiншiсінің арсыздық жасап 
жатқанын көрсе, қайтармайтын. Ал егер бiреудің мал-мүлкін көрсе, оны 
ешбір себепсіз тартып алуға ұмтылатын. Адамдардың көпшiлiгiнің санасы 
надандықта, адасуда күн кешті. Оларға уағыз, насихат қанша айтылса да, еш 
пайда бермеді. Себебi олар шындыққа құлақ асып, ақиқатты тыңдап
қабылдамайтын. Өмiрлерi қиянат, ұрлық жасаумен өтiп жатты. Олардың 
мiнезi өте бұзық, ниетi арам адамдар едi. Олар бұл бұзықтықтан да асып
адамзатқа жат іс-қылықтарға ұрына бастады. Тіпті бұрын ешкiм де 
iстемеген сорақы бұзықтықтың түрлерін ойлап шығаратын болды.
Луттың дағуаты 
Олардың азғындық әрекеттері соншалық дәрежеге жетiп, шектен шығып 
кеткенiнен кейiн Аллаһ тағала оларға Лутты пайғамбар етiп жіберді. Аллаһ 
Лутқа қауымының бұзықтықтарын өзгертiп, дұрыс істерге бағыттауды 
бұйырды. Лут бұл әмірді орындап, уағыз-насихат жүргізе бастады. Ол 
қауымына: «Ей, қауымым! Өз нәпсiлерiңдi таза ұстаңдар. Арсыздықты 
тастап, имандылыққа беттеңдер. Ей, қауымым! Сендердiң бұл iстерiң арам. 
Аллаһ тағала ешуақытта, еш пендесін тура жолсыз қалдырып, ұмытып 
кетпейді. Сондықтан менi өздеріңе пайғамбар етiп жiбердi. Мен – сендердің 
араларыңда жүрген адаммын. Бұл сорақы, арам істеріңді көрiп, үнсіз тұра 
алмаймын. Ей, қауымым! Аллаһ тағалаға бет бұрып, тәубеге келiңдер. 
Ниеттерiңдi түзеңдер», – дедi. 
Өркөкіректік пен сабырлылықтың шайқасы 
Бiрақ харам істермен көкірек көздерi жабылып қалған қауым Лут 
пайғамбардың сөзiне құлақ аспады. Өркөкiректiктен Аллаһ тағалаға 
бойсұнып, құлшылық жасауды ойламады. Арам iстерiнен тыйылудың 
орнына, өршіте түсті. Әрі қасарысуда табандылықта болды. Сондай-ақ олар 
Лут пен оның сөзiне ерушiлердi елден қуып шығаруды жоспарлады. Себебі 
Лут пен оған ілесуші мүміндер иманға келгеннен кейiн таза болуды қалап, 
олар сияқты арам iстермен айналыспайтын едi. Қауым өкiлдерi Лутқа келiп, 
одан елден кетуін талап еттi. Ал Лут елден қуылатындай қандай кінәсі 
барын өзі түсінбеді. Бірақ қауымы оны қорқытып, ескерттi. 


38 
Лут өз қауымының өркөкiрек, тоңмойын қайсарлықтарын көрiп, оларға 
әлгіндегі сөздерді қайталады. Оларға бұл жоспарларының нәтижесiн 
ескертiп: «Егер тәубеге келiп, бұл күнәлi iстерiңдi қоймасаңдар, жақында 
Аллаһ тағала сендерге аспаннан азап түсiредi. Ей, қауымым! Әлбетте, Аллаһ 
бәрін көрiп тұрады әрi бiрде-бiр iстерiңнен хабарсыз болып қалмайды. 
Аллаһ тағала кәпiрлердi және бұзықтықтарды жақсы көрмейдi. Бұл 
күнәлардан, бұзықтықтардан тыйылып, тәубеге келiңдер. Ей, қауымым! Мен 
өздеріңе Аллаһтың азабының, жазасының келуінен қорқамын», – дедi. Бірақ 
қауымы Луттың сөзiн тыңдамады. Керiсiнше, мазақ еттi. Олар Лутты және 
оған ерушi мүміндерді өздерiн таза ұстап, бұзықтықтарға берiлмегендiктерi 
үшін елден қуып шығамыз деген жоспарын берік ұстанды. 
Осылайша Лут қауымынан болған кәпiрлердi қарғауға мәжбүр болды. 
Алғашқыда Лут оларға Аллаһ тағаланың бұйрығын жеткiзiп, тәубеге 
шақырды. Олардың мазағы мен көрсеткен қиындықтарына төзді. Және 
оларға ауыр азаптың болатындығын ескерттi. Ал олар тайсалмастан иманға, 
тәубеге келмедi. Демек, Луттың сонша құлшынысынан кейiн Аллаһ 
тағаладан жеңiске жетуiн сұрап, кәпiрлерге қарсы теріс дұға тілеуі 
таңғаларлық емес еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет