39
Демек, мұнда барлық iстен хабардар болып, оларға жеткiзген күмәнді
бiреудің болғаны. Өздерi секiлдi бiр кәпiрдің оларға хабар бергені шындық!?
Қауым кәпiрлерiне Луттың үйiне келген қонақ жiгiттер туралы хабар
берген Луттың әйелi едi. Өйткенi ол әйел де кәпiр болатын. Сондықтан ол
күйеуiнiң сырын жасырмайтын. Бұл хабарды естiген кәпiрлер
сол мезетте-ақ
Луттың үйiне кіріп келді. Олар Лутқа қонақтармен арсыздықтарын жасау
үшiн келгендiгін ашық айтты. Лут олардың бұл сөзiне сасқалақтап әрi
қонақтары үшін қам жеп, оларға бұл арам iске бой ұрмауларын насихаттады.
Бiрақ олар санасыз кәпiрлер едi. Насихатты тыңдап, райларынан қайтпады.
Лут есiктердi бекiтiп, құлыптап алды. Бұған ашуланған кәпiрлер үйге баса-
көктеп кiрiп, қонақтарды арам іске мәжбүрлемек болды.
Лут бұл бұзақы қауымның өз үйiне басып кiргенiне қайғырып, лажсыздан
аңырып тұрып қалды. Қауымның бұл ісiне күле
қарап тұрған қонақтар
Лутқа өздерiнiң Аллаһ тағала тарапынан жiберiлген перiштелер екендiгiн
хабарлап, оны тыныштандырып: «Бiз үшін қайғырма! Бiз сенi және саған
ерген мүміндерді құтқару үшiн жiберiлгенбiз. Бiз сенен осы түнде өзiңе
ілескен мүміндермен бiрге бұл елден шығып кетуiңдi талап етемiз. Өйткенi
таяу арада бұл жерге Аллаһтан азап түседi. Бiрақ
әйелiңдi өзiңмен бiрге
алма. Өйткенi ол кәпiрлерден болды. Оларға көмектестi. Ендi олармен бiрге
Аллаһтың азабын тартады», – дедi. Лут бұл шындықты естiп, қатты қуанды.
Қайғысы сейіліп, Аллаһ тағалаға сансыз шүкiршiлiк еттi.
Лут әйелiнен басқа отбасы мүшелерi мен мүміндерді ертiп, еш
қайғырмастан елден шығып, жүріп кетті. Олар біраз алыстағанда, Аллаһ
тағала тарапынан азаптың түсiрiлуi әмiр етiлдi. Кенет аспаннан
қыздырылған қиыршық тастар жауа бастады. Жер сiлкiндi. Үйлердiң
төбелерi опырылып, қабырғаларының күл-талқаны шығып, төңкерiлдi.
Дүниенiң астан-кестеңi шықты. Бұл не? Не болып жатыр?
Бұл – азап. Бұл – жаза. Кәпiрлердiң
денелерi ойраны шығып, бұзылған
үйлердiң астында қалды. Бұл – олардың бұзық iстерiнiң, күпiрлiктерiнiң
және қырсықтықтарының сыбағасы. Олар өркөкiректiкпен тура жолға
бойсұнбады. Ендеше, оларға жіберілген
азаптың мұншалықты ауырлығы
таңғаларлық іс емес еді. Бұл қауым құрдымға кеткен соң, Аллаһ сол
арсыздық жайлаған елді мекеннің үстіне ащы сулы «Лут теңізі» деген өлі
теңізді пайда қылды. Бұл – қанша ұрпақ жалғасса да, өшпейтін, ғибрат алар
ұлы хикаялардың бірі.
Достарыңызбен бөлісу: