ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет32/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   102
Хикаялар

Ақиқаттың үстемдігі 
Кәпiрлер жойылғаннан кейiн жеңiске жетiп, бейбіт өмiр сүрудi 
жалғастырған Лут пен оның жанұясы және оған сенген мүміндер болды. Ал 
оның әйелi кәпiрлермен бiрге азапқа душар болып, құрдымға кетті. 


40 
Мінеки, әрқашан ақиқат пен шындық үстем болып, адасу мен жалғандық 
қорлықта қалады. Демек, кімде-кім қиындықтарға төзе бiлiп, сабыр етсе 
және ақиқатты берік ұстанып, иман жолында болса, жеңіс те әрдайым сол 
адаммен бірге болады. Кітабымыз Құран Кәрімде: «Әлбетте, Аллаһ тақуа 
және амалдарын көркем орындаушы пенделермен бiрге», – деп 
айтылған. 
Бiз бұл хикаялардан бұрынғы өткен пайғамбарлардың, қауымдардың 
жай-күйлерiмен, тарихымен таныса отырып, олардан өзiмiзге ғибрат алып, 
мұндағы тарихи шындықтарды түйсінеміз, ой түйеміз. Бұл хикаяларды 
оқыған соң, біз пайғамбарларымыздың жолдауына еріп, басқаларды да 
ізгілікке, адамгершілікке және тура жолға үндеуіміз керек. Пайғамбарлар 
мен шынайы мүміндердің өмiр тарихын оқып-бiлiп, бiздің де солардай 
бақытты, иманды болуымызды Аллаһ тағаладан сұрауымыз қажет. 


41 
ТОҒЫЗЫНШЫ ХИКАЯ 
ШҰҒАЙБ (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ) 
 
Үлкен зұлымдық 
Ерте бір заманда Шам мемлекетi тарапында бiр қауым өмiр сүрген едi. 
Аллаһ тағала оларға көптеген игілік беріп, мол ризық-несібе нәсіп етсе де, 
олар Аллаһқа ешбір шүкiршiлiк қылмаған ел болды. Бұл нығметтердi 
беруші әрі барлық істің Қожайыны, Раббылары Аллаһқа басқа да тәңiрлердi 
серiк етті. Бұл қауымның адамдары бір Аллаһтың жаратқандары iшiндегi 
қалың әрi жұмсақ жапырақты «әйка» деп аталатын ағашқа табынды. Бұл 
серік қосу әдеті жас ұрпаққа ата-бабалар тарапынан беріліп отырды. 
Ұрпақтар баба дәстүрін жалғастыра түсті. Осылайша күн кешіп жатқан бұл 
қауым адамдарының ешқайсысының ойына шайтанның жолына кiрмеу, 
тәубеге келiп, бiр Аллаһқа ғана ғибадат жасау керек екендiгi келмедi.
Олардың Аллаһ тағалаға күпiрлiктерi күн өткен сайын арта түстi. Бұл 
қауымдағылар бір-біріне зұлымдық жасап, тиiстi ақыларын төлемей, 
әлділері әлсіздерін қанайтын еді. Қоғамдағы жоғарылау өкілдер өздерi бiр 
затты сатып алар болса, бағасын арзандатып, алатын затын артығымен алуға 
тырысатын, ал өздерi сатар болса, таразыға кем өлшеп, керiсiнше жасайтын-
ды. Құран Кәрiмде Аллаһ ондай кісілердің сипаттарын айтып, бұл сияқты 
алдау, қиянат жасау жолдарын харам еткен. Олар жайлы Құранда: «Кем 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет