42
қауымым! Таразыны толық, кемiтпей өлшеңдер. Басқаның ақысын жеу –
харам.
Таразыны өлшеуде алдауға, қанауға болмайды. Адамдардың мал-
дүниедегi, саудадағы ақысын кемiтпей берiңдер. Әдiл болыңдар. Болмаса,
бұл зұлымдықтарың үшiн азап шегесiңдер. Аллаһ тағала сендерге кәпiр
болып кетпеулеріңді ескертедi», – деп әлсіздің, жетім-жесірдің ақысын жеу
асқан күнә екендігін ескертті.
Кәпірлермен болған тартыс
Қауым Шұғайбтың сөздерiн естiп, оны келемеждеді де: «Ей, Шұғайб!
Намазың саған бiздiң өткен замандағы ата-бабаларымыздың да табынған
тәңіріне ғибадат жасамауымызды бұйыра ма? Және бiзге адамдармен өзiмiз
қалағандай қатынас жасауымызға тыйым сала ма? Сонда бұл өзі қандай дін?
Егер алдауды қойсақ, онда бiзге пайда қайдан келедi? Ей, Шұғайб! Қалайша
сен бiздi ата-бабамыз мұра етiп қалдырып кеткен дiннен қайтармақсың?
Бiздiң рақатты, тыныш өмiрiмiзге килікпей, жайымызға қалдыр.
Бiз сенi
iшiмiздегi ең ақылдымыз деп ойлаған едік, сенiң бiзге берер насихатың осы
ма?! Ел-жұртымызға мал-дүние, пайда келтiру үшiн бiзге көрсетер қолдауың
қайсы?! Өзіңді біздің қатарымызға қоспасаң, бiзден аулақ жүр. Ал бiз бұл
жолдан еш қайтпаймыз», – деп жауап қайтарды.
Шұғайб оларға ауыр сөз қайтармады. Қанаумен келіп жатқан мол
пайдадан көздерін шел басқан олардың бұл айтқандарына Шұғайб
ренжімеді.
Керiсiнше,
олармен
қатынасқанда
асқан
сыпайылық,
жұмсақтықпен сөйлеп, уағыз-насихатын жалғастыра түсті. Оларға өзiнiң
әлемдердiң Раббысы Аллаһ тағала тарапынан
жiберiлген пайғамбар екенiн
ескерттi. Бiрақ олардың тасбауырлығы мен қайсарлығы артты. Шұғайб
оларға: «Ей, қауымым! Сендер қаншалықты тасбауыр болып, маған қарсы
күш қолданғандарыңмен, мен Аллаһқа, хақ дінге шақыруымды мүлде
тоқтатпаймын. Раббым маған адамдарға дағуат, уағыз-насихат айтуды
бұйырды. Бұл – маған жүктелген міндет. Мен ешқашан бұл үлкен, қасиеттi
міндетті орындауда әлсiздiк танытып, бас тартпаймын. Ей, қауымым! Мiне,
менiң
дiнiм сендерге мәлiм, айқын. Ендеше, Аллаһ тағалаға иман келтіріп,
ғибадат жасаңдар. Оған ешқандай серiк қоспаңдар. Және адамдардың
ақысын жемеңдер, таразыда және өлшеуде еш кемiтпей, түгел етiп
берiңдер», – дедi.
Шұғайб қауымының Аллаһ тағалаға сенгiсi келмейтiндiгiн, олардың
ашық қарсылықтарын және қасарысудан танбайтынын көрді. Оларды Аллаһ
тағаланың
азабымен қорқытып, күнәлар мен бұзықтықтарды жасаудан
тойтарды. Сондай-ақ бұзықтық жасаушылардың жай-күйiнiң соңы немен
бiтетiндiгiн дәлелдеп, Аллаһ тағаланың азабынан, тек Оған иман келтiрiп,
серiк қоспай, игi iстердi iстеушiлердiң ғана құтылатындығын баяндады.
43
Шұғайб оларға сенiмдерiнiң қателігін, өздерiне
өздерi зұлымдық жасап
жатқандықтарын айтты. Олар өз амалдарының теріс, Шұғайбтың
айтқандарының ақиқаттығын бiлгендерiнен кейiн де Шұғайбты кемсiтiп,
балағаттап, қорқыта бастады. Олар: «Ей, Шұғайб! Бiз сенiң айтқандарыңды
түсiнбеймiз. Тiптi сенiң сөздерiңдi естудi де қаламаймыз. Егер бұл уағыз-
насихатыңды тоқтатпасаң, бiз саған қатыгездiкпен азаптау жолын
қолданамыз. Сен – әлсiзсiң. Қазірге дейiн сенiң
көзiңдi жойып жiберуiмiзден
бiздi арамыздағы сенiң беделдi туысқандарың қайтарып, тосқауыл болып
келдi. Ендi сенiң бұл iсiңдi жалғастыруыңа ешқандай мүмкiндiк, рұқсат
бермеймiз. Бiз саған ата-бабамыздың ұстанған дінін жалғастыруды
қоймайтындығымызды
және
сенiң
бiздiң
арамызда
қалуыңды
қаламайтындығымызды талай рет айтқанбыз», – дедi.
Достарыңызбен бөлісу: