47
қолайлы сәт болды. Кәпiр болып салтанатты сарайда отырғаннан иманды
болып түрмеде отырған қандай жақсы!
Түрмеге Юсуфпен бiрге екi жiгiт түскен болатын. Ол екеуi Юсуфтың
таза, тақуалы жiгiт екенiн бiлдi. Бiрде ол екi жiгiт ғажайып бiр түстер көредi.
Таңертең
ұйқыларынан оянып, көрген түстерін Юсуфқа айтады. Бiрiншiсi:
«Мен түсiмде жүзiм қысып жатыр екенмiн», – десе, екiншiсi: «Мен басыма
нан көтерiп алыппын. Құстар болса одан жеп кетiп жатыр екен», – деп
түстерiн баяндайды. Олар: «Ей, Юсуф! Бұл көргенiмiзден сен не түсiнесiң?»
– деп түстерін жорып беруін сұрайды.
Юсуф тұтқындардың өзiн ұнататындығын сезіп қуанады. Ол бұл екi
жiгiтпен әңгiменi олардың түстерiнен емес, иман туралы бастауды жөн
көредi. Ендеше, уағыздан бастауға мүмкiндiк туды. Бұл мүмкiндiктi қалай
да пайдалану керек. Юсуф осы оймен сөздерiн бастап: «Мен – Аллаһқа
сенген мүмін адаммын. Мен мүсiндерге сенбеймiн. Бүкiл
әлемнiң
Жаратушысы Аллаһқа ғана бойсұнамын. Ей, достарым! Көптеген құдай
қайырлы ма, әлде жалғыз әрі Құдіретті Аллаһ қайырлы ма? Ол –
адамдардың да, бүкіл жаратылыстың да Раббысы! Ей, жiгiттер! Мен – Аллаһ
тағаланың адамдарға жiберген елшiсiмiн. Мен қазiр сендерге түстерiңдi
жорып беремiн. Аллаһ қаласа, түстерiңнiң жоруы дәл мен айтқандай
болады. Өйткенi мен тура айтамын. Бiрiншi түстiң иесi ақталып, зынданнан
шығарылады және патшаға жүзiм шарабын дайындап берушi болып
қызметке орналасады. Ал екiншi түстiң иесi өлтiрiледi», – деп түстерді
жориды.
Достарыңызбен бөлісу: