ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет37/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   102
Хикаялар

Юсуфтың ақталуы 
Аз уақыттан соң бiрiншi жiгiт Юсуф айтқандай ақталып, зынданнан 
шығады. Ол шығарда Юсуф оған патшаның қасында болған кезiнде өзiнiң 
зұлымдықпен жала жабылып отырғаны туралы сөз қозғауын өтiнiп, 
ескертедi. Бiрақ ол мұны ұмытып кетеді. Ол бiрнеше жыл өткеннен кейiн 
ғана Юсуфты есiне түсiредi. Бұған себеп патшаның түс көруi еді. Күндердiң 
күнiнде 
патша 
бiр 
ғажайып 
түс 
көредi 
де, 
оның 
жоруын 
айналасындағылардан сұрайды. Сол кезде әлгi жiгiт зынданда отырған 
Юсуфтың түс жори алатындығын есiне алып, патшаның да түсiн жорып 
бере алатынын айтады. Патша бұған таңғалып, Юсуфқа кешiрiм жасап, оны 
зынданнан шығаруға бұйрық бередi. Бiрақ Юсуф өзiнiң кінәсіз екендігі 
дәлелденбейiнше зынданнан шығудан бас тартады. Сол кезде уәзір әйелі: 
«Шындығында, онда кінә жоқ. Кінә менен. Оны бұзық iске мен шақырған 
едім. Бiрақ ол бас тартты. Сондықтан оны зынданға тастатқызғанмын», – 
деп жала жапқанын мойындайды. 
Зынданнан ақталып шыққан Юсуф патшаның түсiн тура, дәлме-дәл 
жорып береді. Разы болған және Юсуфтағы ерекше жақсы мiнез-құлықты 


48 
байқаған патша оны, өзiнiң ұсынысы бойынша, қаржы қазынасының 
басшысы етiп тағайындайды.
Інімен кездесу 
Юсуфтың iстi жақсы жүргiзетiндiгi көршi елдерге де жетедi. Сауда 
iстерiн жүргiзулерi үшiн адамдар оған келе бастайды. Сол келушiлердiң 
арасында Юсуфтың ағалары да бар еді. Юсуф ағаларын көрiп, таниды. Бірақ 
ағалары оны танымайды. Ол ағаларын жақсылап қонақ етiп, күтіп 
қайтарады. Сөйтіп, ол ағаларына келесi жолы өздерiмен бiрге келмеген 
iнiлерiн алып келу шартымен ғана қалағандарын беретiнiн айтады. Ағалары: 
«Бұл – қиын шарт. Өйткенi әкемiз оны алып келуiмiзге рұқсат бермейдi. 
Бірақ әкемiздi көндiрiп, оны алып келуге уәде беремiз», – деседі. Олар 
әкелерiне келiп, бұл жөнiнде әңгiме қозғайды. Әкелерi алғашқыда бұған 
келiспейдi. Алайда олар дүниелерін ашып көрсеткенде, сатуға әкеткен 
заттары мен патшаның жасаған тартуларының түгелдей сол қалпында 
келгенін көредi. Содан кейiн ұлдарынан уәделерін алып, кіші баласын ертiп 
жiбереді.
Керуен қайта оралғанда, Юсуф iнiсiнiң де келгенiн көрiп, қатты қуанады. 
Iнiсiне: «Мен – сенiң ағаң Юсуфпын. Сенi алып қалуға тырысамын. Сен 
қорықпа», – деген сөздерiн жайлап жеткiзедi. Ағалары қайтуға дайындалып 
жатады. Юсуф патшаның бір ыдысын iнісiнiң жүгiнiң арасына салып қояды. 
Жоғалған ыдыстың хабары лезде жайылып, керуендегi барлық адамның 
заттары тексерiлуге бұйырылады. Нөкерлер керуендi тексеру барысында 
патшаның ыдысын Юсуфтың iнiсiнiң жүгiнiң арасынан тауып алады. Және 
оны зынданға қамауға үкiм шығарады. Бұл iстi Юсуф iнiсiн өзiмен қалдыру 
үшін жоспарлап, жүзеге асырған едi. Ал ағалары бұл iстiң сырын бiлместен 
көп қайғырады. Iштерiндегi үлкенi: «Мен әкемiздiң қасына бармаймын. 
Сендер барып, болған оқиғаны әкемiзге жеткiзiп, баласының ұрлық 
жасағанын айтыңдар», – дейдi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет