ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет4/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Хикаялар

Iбілістің жағдайы 
Аллаһ тағала Ібілісті бұл үлкен күнәсi үшiн жазалап, жаннаттан қуды. 
Және оны Өз мейiрiмiнен алыстатып, лағынеттеді. Сондай-ақ Қиямет күнi 
оның тозаққа кiретiнi туралы хабарлады. Iбiлiс Аллаһтан өмiрiн Қиямет 
күнiне дейiн ұзартуын өтiндi. Аллаһ оның соңғы тiлегін орындап, Қияметке 
дейiн тірі қалдыратын болды. Бiрақ өтiнiшi орындалғаннан кейiн Iбiлiс 
жамандық жолын ұстанып, Адам мен оның ұрпақтарын әрi өзi секiлдi 
жындарды үнемi алдап-арбап, азғырып, жолдан адастыруға бел байлады. 
Аллаһ Ібіліске Өзiнiң мүмін, шынайы ықыласты, ізгі пенделерiн адастыруға 
қанша тырысса да, шамасының жетпейтiндiгiн бiлдiрдi. 
Адам ата – жаннатта 
Аллаһ тағала Iбiлiстi Өзінің мейiрiмiнен қуғаннан кейiн, Адамға жолдасы 
Хауаны жаратып берiп, екеуін жаннатқа жайластырды. Жаратушы Тәңірі 
Адам мен оның жұбайын Iбiлiстен, оның айласынан айрықша сақтандырды 
және ол екеуіне Iбiлiстің ешбiр сөзiн тыңдамауды бұйырып, оның өздеріне 
нағыз дұшпан екенiн ескерттi. Аллаһ тағала оларға жаннаттың кез келген 
жерiндегі жемістерді қалағандарынша жеулерiне рұқсат берді. Бiрақ көп 
ағаштардың iшiнен тек бiр ағашқа ғана жақындауларына тыйым салды. Әрi 
ол екеуіне Өзiнiң айтқанын тыңдап, бұл ағаштан жемейтiн болса, жаннатта 
қиналмай, қарындары ашпай, шөлдемей өмір сүріп, мәңгiлiк рақат пен 
шаттыққа бөленетіндерін уәде еттi.
Iбілістің азғыруы 
Адам өз жұбайымен бірге жаннатта бақытты, рақатты өмiр сүре бастады. 
Iбiлiс бұған күйiнiп, қатты ызаланды. Өйткенi ол Адамға бас имегені себепті 
жаннаттан қуылды, ал Адам болса жұбайымен осында жүр. Сол кезде Iбiлiс 
«Адам мен оның ұрпағын адастырып, өзiммен бiрге тозаққа кiргiземiн» 
деген жоспарын iске асыруды көздедi. Ол Адам мен оның жұбайын Аллаһ 
тағаланың жеуге тыйым салған ағашының дәмін татып көруге үгіттеп, 
азғыра бастады. Iбiлiс өзінің сан түрлі қулық айла-тәсілін пайдаланып, өзiн 
оларға нағыз жанашыр дос, шынайы насихатшы ретінде көрсеттi. Ол 
екеуінен осы айтқанын орындауды өтiндi. Өзiнiң оларға ешқандай 
жамандық ойламайтынын, керiсiнше, екеуіне жаны ашитынын, олардың 
үнемi бақытты болуын қалайтынын айтты. Iбiлiс бұл ойын (яғни ағаштың 
жемісінен жегізуді) жүзеге асыруға әбден тырысты. Өйткені өзі Адамға бас 
имегендiгi себепті жаннаттан қалай қуылса, олардың да солай қуылуын 
қалайтын-ды. Мінеки, Ібіліс өзінен басқалардың жақсы болғанын ешуақытта 
қаламайтын, нағыз қызғаншақ, іші тардың өзі еді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет