ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет44/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   102
Хикаялар

Мұсаның жігіт шағы 
Бала өз анасын еміп өсті. Ол үлкейiп, iрi денелi, күшті жiгiт болды. Бейне 
бiр алып батырлар іспетті. Бiр күнi ол екi адамның таласып, төбелесiп 
жатқанын көрiп, олардың қастарына келедi. Ол төбелесіп жатқандардың бiрi 
құлдар тобынан, ал екiншiсiнiң Перғауын жамағатынан екендiгiн біледі. 
Бiрiншiсі Мұсаны көрiп, одан: «Менi құтқаршы», – деп жәрдем сұрайды. 
Сонда Мұса Перғауын адамын бір рет ұрып жібергені сол еді, ол кiсi ауыр 
соққыдан сол сәтте ақ қайтыс болды. Алайда бұл оқиғаны әлгі екеуінен 
басқа ешкім көрмеген едi. Бұл адамның кiмнiң қолынан өлгенін ешкiм 
бiлмедi. 
Мұса бұл iстi әдейi iстемесе де, өкiнiп, Раббысынан кешiрiм сұрады. 
Аллаһ тағала оны кешiрдi. Расында, Аллаһ – Кешiрушi әрi Мейiрiмдi. Бiрақ 
Мұса бiреу оның адам өлтiргендiгiн бiлiп қалуынан қауiптенiп, қорқып 
жүрдi. Ертеңінде Мұса қалаға шығып келе жатса, кеше ғана көмек сұраған 
адам тағы да бiр кiсiмен ұрсысып тұрып «құтқаршы» деп жәрдем сұрады. 
Мұса бұл жолы оның өтiнiшiн орындамады. Ол адам «Мұса менi де өлтiрiп 
қоюы мүмкiн» деген оймен: «Ей, Мұса! Өткендегi кiсiнi өлтiргенiңдей, менi 
де өлтiрейiн деп тұрсың ба?» – деп айқай салды. Оның сөзiн естiген адамдар 
кешегi өлген кiсiнi Мұсаның өлтiргенiн бiлді. Нөкерлер енді Мұсаның өзін 
өлтiру үшiн оны iздей бастады.
Бiр кiсi Мұсаға келiп: «Ей, Мұса! Қалада бiр үлкен хабар жайылып кеттi. 
Ол саған қауiптi», – деп ескерттi. Мұса таңданып: «Ол қандай хабар?» – деп 
сұрады. Кiсi: «Нөкерлер сенi iздеп жүр», – дедi. Мұса: «Неге?» – дедi. Әлгi 
кiсi: «Олар өткендегi кiсiнi сенің өлтiргенiңдi бiлдi. Ендi сенi жазаға тартпақ 
көрiнедi. Ей, Мұса! Сен бұл қаладан тез арада басқа жаққа қашып кет. 
Өзiңдi өлiмнен құтқар», – деп насихат бердi. Мұса бұл кiсiнiң сөзiне құлақ 
асып, айтқандарын қабылдады. Мұса қайда барарын білместен қаладан 
қашып шықты.
Мұса туған жері Перғауынның қаласынан шығып, басқа елге бет алды. 
Ол басына төнген қауiптен, өлiмнен, Перғауынның зұлымдығынан қашып, 
шөл далада ұзақ уақыт жүрдi. Мұса кішкентай кезінде Аллаһ тағаланың 
қалауымен бiр қатер өлімнен құтылған едi. Мiне, қазiргi үлкейген шағында 
да Аллаһ тағаланың сақтауымен өлiмнен құтылу үшiн елін тастап, қашып 
бара жатыр. Аллаһ оны сақтауды Өз кепiлдiгiне алған. Өйткенi оны 
болашақта маңызды iстер күтiп тұр. Аллаһ тағала Мұса арқылы 
Перғауынның зұлымдығын көрген және оған қарсы шығуға қауқарсыз бәну 
исраил қауымын жеңiске жеткiзуді қалайды. Мұса, әйтеуiр, бiр елге бет 
түзедi. Бұл ел Шұғайбтың елi еді. 
Мұса Мәдиян деп аталатын қалаға жеттi. Ол бұл жерде бiр топ адамның 
құдық айналасында үймелеп тұрғанын көрдi. Іштерiндегі күштілері кезексiз 
суға келiп, ыдыстарын толтырып, малын суарып жатты. Мұсаның жол 


56 
шетiнде басқалардан гөрi әлсiз, қойларын суармаққа кезек күтiп тұрған екi 
қызға көзі түсті. Мұса оларға барып, көмектесіп, жақсылық жасағысы келдi. 
Өйткенi ол тұла бойындағы күш-қуаты зор азамат қой. Ендеше, Мұсаның 
бұл күштi пайдаға асырып, көмек беруі қажет.
Расында, күш-қуат Аллаһтың берген үлкен нығметі болып табылады. 
Ендеше, оның қадiрiне жетiп, дұрыс пайдалана бiлуiмiз керек. Аллаһ тағала 
Мұсаға iрi тұлға, мол күш-қуат берген. Ол үнемi әлсiздерге жәрдем берудi 
қалайтын. Алғаш рет ол өзінің қауымдасына жәрдем бермекшi болды. Бiрақ 
Перғауын әулетінен болған адамды өлтiруді қаламаған. Ал бұл жолы екi 
қызға қолынан келгенінше жәрдемiн бермек. Мұсаның iске асырамын деп 
ойлағандарының бәрi жақсы ой, жақсы iс еді.


57 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет