ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет46/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   102
Хикаялар

Бөгде елмен қоштасу 
Мұсаның қартпен келiскен мерзiмi соңына жеттi. Ол елiн сағынды. Қарт 
оған мал-дүние, қойларынан тиесiлi үлесiн бердi. Мұса жанұясымен бiрге 
туған елi Мысырға қайтуға әзiрлене бастады. Мұса қартпен қоштасты. Әйелi 
де әкесi және сiңлiсiмен қоштасты. Қарт олардың бақытты, табысты 
болуларын тiлеп, ақ батасын берді. Олар Аллаһ тағаланың берген ризық-
берекесiмен сапарға шығып, Мысыр елiне жол тартты.
Ұзақ сапар шеккен Мұса жолын ұмытып қалды. Олар Сина тауының 
қасына жеткенде, жолдан адасып, қайда және қалай жүрерiн бiлмеді. Айнала 
қап-қараңғы. Мұса жол iздеп әрі-берi із кессе де, нәтиже болмады. Ол Аллаһ 
тағалаға сенетін. Аллаһ тағала оны Өз қорғауына алған, Өз басқаруымен 
әрқашан да сақтайды. Раббысы Мұсаны сойылудан, өлтiрiлуден, 
кедейлiктен сақтады. Ендi жат жерде адастырып, қалдырмайды.
Пайғамбарлықтың басталуы 
Кенет Мұса алыста Сина тауының алдында жанып тұрған отты көредi. 
От көрінген жерге баруға асығып әйелiне: «Тұра тұрыңдар. Мен бір от 
көрдім. Мүмкін бір хабар немесе оттан шоқ әкелермін. Жылынатын 
шығарсыңдар», – деп отқа қарай бет алды. 
Мұса оттың жарығы көрiнген жерге жеткенде, бұған дейін естiмеген бiр 
дауысты естiдi. Ол дауыс адамзаттың даусына ұқсамады және көз алдында 
сөйлеп тұрған ешкiм көрінбедi. Мұсаның бойын қорқыныш биледi. Ол: «Бұл 
жерде ешбір тiрi жан жоқ. Дауыс қайдан келiп тұр», – деп таңғалды. Сол 
кезде: «Ей, Мұса! Қорықпа», – деген үн естілдi. 
Сөйлеп тұрған кiм?! Бұл – бүкiл әлемнiң Жаратушысы Аллаһ тағаланың 
сөзi. Осы оқиға Мұсаның пайғамбарлығының басы еді. 
Аллаһтан берілген мұғжиза мен Аллаһтың әмірі 
Дауыс қайта естiлiп: «Ей, Мұса! Оң қолыңда ұстап тұрғаның не?» – деп 
сұрады. Мұса адамдарға сөйлегендей: «Бұл – менiң таяғым. Жүрген кезiмде 
оған сүйенемін және онымен қойларыма ағаштың жапырақтарын түсiрiп 
беремiн. Сол сияқты басқа да істерде пайдаланамын», – дедi. Мұса 
Раббысына осылай жауап бердi. Бiрақ Аллаһ тағала осы жауапты қалады 
ма!? Мұны Өзі де біледі ғой. Бұл сұрақ Мұсаға қолындағы таяғында 
жаңадан пайда болған сырларды түсіндіру үшін дайындау мақсатында 
қойылған-ды. Ол таяқта қандай сырдың пайда болғаны туралы Құран 
Кәрімде төмендегіше баяндалған: Мұсаға «Ей, Мұса! Таяғыңды жерге 
таста» делінеді. Мұса оны тастағанда, таяқ жаны бар, қозғалып жатқан 
жыланға айналды. Аллаһ тағала: «Оны ал да, қорықпа, Мен оны алғашқы 


59 
қалпына қайтарамын», – деді. Және: «Қолыңды қойныңа тық. Ол ешбір 
жамандығы жоқ, аппақ болып шығады. Бұл – (саған өзіңді қуаттау үшін 
берілген) тағы бір мұғжиза», – деді». Аллаһ тағала пендесi Мұсаны 
сабырландырып, бұл көргендерінің екi мұғжиза екендiгiн баяндап: 
«Олардан қорықпа! Таяқ Менiң қалауыммен үлкен жыланға айналады. Және 
қолың да Менiң қалауыммен нұрлы, аппақ болып қалады. Сен әлемдердiң 
Раббысының елшiсi боласың. Мен саған пайғамбарлық жолында көмек 
ретінде таяқ мұғжизасы мен қол мұғжизасын бердiм. Ей, Мұса! Қорықпа. 
Бұл iстiң Аллаһ тағаланың құзыретiнде екенін және Аллаһ таяу арада сенi 
кәпiрлер қауымы үстiнен жеңiске жеткiзетiндiгiн бiл! Қорықпа, Аллаһ 
пайғамбарға көмек бередi. Аллаһ тағаланың көмегiнiң өзi жеткiлiктi», – дедi.
Сонымен қатар Раббысы оған: «Ей, Мұса! Ендi сен Раббыңның бұйрығын 
орындауды бастауың керек. Сен – Оның елшiсiсiң. Қане, Перғауынның 
адастырып, өзiне құл етiп, табындырып алған адамдарын Аллаһ тағалаға 
ғибадат етуге шақыр. Олардың iшiндегi шақыруға ең лайықтысы олардың 
басшысы, өздері сиынатын тәңiрлерi – Перғауын. Ей, Мұса! Перғауынға 
бар. Барып құлшылық жасауға Перғауын емес, бiр Аллаһ қана лайық 
екендiгiн жеткiзiп, түсiндiр. Сенде екi мұғжиза бар. Сен осы екi мұғжизаны 
өзiңмен бiрге Перғауынның қасына алып бар. Осымен сөзiңнің рас екенін 
дәлелдейсiң. Адамдардан, Аллаһқа кәпiр болғандардан әрi Аллаһқа емес, 
Перғауынға сиынып жатқандардан осы арқылы биiк боласың», – деп 
бұйырды. Мұса Раббысының әмiрi бойынша, Перғауынға елшi болып 
баратын болды.
Дұға 
Мұса кетерінде қолдарын көтерiп: «Уа, Раббым! Сен менiң өз елiмде 
Перғауын мен оның жамағаты қасында болғанымды бiлесiң. Перғауын 
әулетінің бір адамын өлтiргенiм үшін олар менi iздестiруде. Егер мен қазiр 
барсам, уағызымды аяғына жеткiзбестен менi өлтiре ме деп қауіптенем. Уа, 
Раббым! Көкiрегiмдi ашып, iсiмдi оңғар. Уа, Раббым! Сен менiң тiлiмнiң 
еркiн сөйлей алмайтынын бiлесiң. Сөзiмнiң өткiр, тiлiмнiң түсiнiктi болуына 
маған жәрдем бер. Уа, Раббым! Бауырым Һарунды маған серік ет. Ол 
менiмен бiрге пайғамбарлығыма серік болып, Перғауынға барсын. Мен 
пайғамбарлық жолында Өзiңе ғана үмiт артамын. Менiң халiмдi Өзiң ғана 
толық бiлушiсiң», – деп жалбарынып Раббысына дұға қылды. 
Барша пайғамбар өздерiне жүктелген мiндеттерiн атқаруды бастағанда
Аллаһ тағаладан жәрдем сұрап, дұға ететін. Өйткенi бұл – жеңіл мiндет 
емес. Аллаһ тағала хақ жолға шақырушы пенделерiн, әсiресе, 
пайғамбарларды 
ешқашан 
ұмыт 
қалдырмайды. 
Ол 
таңдаған 
пайғамбарларының 
бұйрықты 
орындау 
барысында 
әлсiздiк 
танытпайтындарын бiледi. Аллаһ олардың дәлелдерi пенделерінің алдында 


60 
мықты болу үшiн мұғжизалар берiп, қуаттап отырады. Алайда иманға келудi 
қаламайтын кәпiрге Аллаһ мұғжиза беруді былай қойып, дұғасын естімейді 
де... Мұхаммедтің (с.а.с.) үмбетi болған бiздерге Аллаһ тағала барша 
пайғамбарлардың мұғжизасына қарағанда әлдеқайда күшті де мәңгi 
мұғжизаны берген. Ол – өзіміз үйренiп әрi оны басқаларға үйрететін, оған 
шақырып және онымен үнемi үкiм ететін Аллаһтың сөзі Құран Кәрiм. 
Уа, Раббымыз! Құран тәлiмдерiн үйренiп, Құран жолымен жүрудi 
бiздерге нәсiп ете гөр! 


61 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет