ОН АЛТЫНШЫ ХИКАЯ МҰСА (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ) ХИКАЯЛАРЫНАН Сиыр қиссасы Аса Рақымды, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын. Мұса өз қауымына: «Аллаһ сендерге бір сиыр бауыздауды бұйырды», – деп (айтқанын естеріңе алыңдар). Олар: «Сен бізді мазақтап тұрсың ба?» – деді. Мұса: «Мен (біреуді мазақ қылатын) надандар қатарынан болуымнан Аллаһтан пана сұраймын», – деді. (Мұсаның
қауымы): «Біз үшін Раббыңа дұға қыл, бізге оның қандай сиыр екенін түсіндірсін» – деді. (Мұса): «Аллаһ: «Ол сиыр кәрі де емес, жас та емес, орта жастағы сиыр (болсын)», – деді. Ендеше, өздеріңе әмір етілгенді орындаңдар», – деді. Олар: «Біз үшін Раббыңа дұға қыл, бізге оның түсін білдірсін», – деді. (Мұса): «Аллаһ: «Ол сиыр ашық сары түсті, қарағандарды қуандырады», – деді», – деп айтты. Олар: «Біз үшін Раббыңа дұға қыл, бізге оның қандай екенін түсіндірсін. Өйткені сиырлар бізге күңгірт болып кетті (яғни бірнеше сиырдың қайсысын
союды айыра алмай қалдық). Аллаһ қаласа, тура жолды табамыз», – деді. (Мұса): «Аллаһ: «Ол сиыр жер жыртып, қорлық көрмеген, егін суаруға үйретілмеген, мінсіз (яғни дені сау) әрі меңсіз (болсын)», – деді», – деп айтты. (Қауымы): «Міне, енді шындықты келтірдің», – деп, (сипаттары
көрсетілген сиырды тауып,) бауыздады және осыны жасай алмауларына сәл-ақ қалған еді. (Ей, Исраил ұрпақтары!) Кезінде бір кісіні өлтіріп, (оны
кім өлтіргендігі жөнінде) тартысқандарыңды (еске алыңдар). Аллаһ – жасырғандарыңды Әшкерелеуші. Біз сендерге (өлтірілген кісінің денесін
әлгі сиырдың) бір бөлшегімен ұрыңдар!» – деп айттық. Осылай Аллаһ өлгендерді тірілтіп, ойланарсыңдар деп сендерге Өзінің ғаламаттарын