84
ОН СЕГІЗІНШІ ХИКАЯ
СҮЛЕЙМЕН (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ) ТУРАЛЫ
Зерек бала
Сүлеймен жас кезiнде әрбiр iсті ақылмен ойлап iстейтін, өте зерек
болғандықтан, әкесi Дәуіт оны өте жақсы көретiн.
Бiрде екi адам бiр
мәселенiң шешiмiн таппай, дауласып, таласып,
Дәуіт патшаның алдына
жүгінеді. Сүлеймен де осы жерде отырған-ды. Әлгi екi кiсiнiң бiрi сөз
бастап: «Менiң отбасыма тиесілі жерiм бар едi. Мен ол жерге көп еңбек етiп,
егiн егiп, ағаштар отырғыздым.
Егiнiм өсiп, ағаштарым жемiс бердi. Бiрақ
мына кiсiнiң, – деп қасындағы кiсiнi нұсқап, – қойлары менiң жерiме кiрiп,
таптап, ешқандай егiн де, ағаш та қалдырмастан бүлдіріп, жеп бiтiрдi. Сiздiң
алдыңызға бiздiң ортамызда үкiм шығарып, қойлардың иесiнен менiң
ақымды алып беруiңiзді өтініп келiп отырмын», – деп келген себебiн айтты.
Сонда Дәуіт ойланып көрiп, қой иесiнен қойларының тәркiленiп, жер иесiне
берiлуiн үкiм еттi. Бұл үкiмдi естiп отырған зерек те ақылды Сүлеймен
әдеппен ғана жазада
сәл жұмсақтық болуын өтiнiп, өз ойын ортаға салды.
Ол әкесiнен бұл екi кiсiнiң арасындағы мәселеге өзiнiң үкiм шығаруына
рұқсат беруiн сұрады. Дәуіт патша баласына ризалығын бiлдірді. Сонда
Сүлеймен: «Ең жақсысы – қойлардың
иесi егіндік иесінің жерiнде, ол жер
бұрынғыдай қалпына келiп, егiнi өсiп, жемiсi пiскенге дейiн еңбек етсiн. Ал
бұл уақытта жер иесi бұл кiсiнiң қойларын алып,
олардың басын кемiтпей
пайдаланады. Белгiленген мерзiмнiң соңында екеуiңiз де мүліктерiңiздi бiр-
бiрiңiзге қайтарып бересiздер», – деп үкiм шығарды. Барлығы Сүлейменнің
үкiмiне таңданыстан бас шайқасты әрі қуана қабылдады.
Достарыңызбен бөлісу: