ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет69/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   102
Хикаялар

ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ХИКАЯ 
ЮНУС (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ) 
 
Юнустың пайғамбарлығы 
Юнус атты бір кісі мекен еткен жердегi қауымның адамдары иманнан 
жырақта өмiр сүретiн-дi. Олардың барлығы бiр Аллаһқа серiк қосып, өз 
қолдарымен тастардан жасап алған мүсiндерге құлшылық етiп, бас иетін. 
Олар Аллаһ тағаланың жалғыз Өзi ғана дұғаны қабыл ететiнiн және Ол бiздi 
Өзiне ғана бағынып, құлшылық жасауымызға бұйырғанын мойындамайтын. 
Дұрыс иман жолын табуға өздерінің ақыл-ойларын пайдалана бiлмейтiн 
надан қауым осылайша күн кешіп жатты. 
Юнус қауымының мүсiндерге сиынатындығын қаламайтын әрі бұл 
жансыз тастарға табынған қауымына таңғалатын. Ол дұрыс құлшылық 
жасау жолын табу үшiн ақылға салып, зерделеп, ақыры құлшылық жасалуға 
лайықты, нағыз Құдай бiр Аллаһтың Өзi ғана екенiн бiлдi. Мұнан кейін 
Аллаһ тағала ізденімпаз талапты Юнусқа пайғамбарлық нығметiн сыйлады. 
Аллаһ тағала Юнусты пайғамбар еткеннен кейiн, ол өз қауымына насихат 
айтуда әлсiздiк танытпай: «Ей, қауымым! Сендер мүсiндерге сиынып 
жатырсыңдар. Мүсiндер сендерге ешқандай пайда бермейді және 
дұғаларыңды да қабылдай алмайтынын қалайша түсінбейсіңдер? Бұл 
мүсiндерге құлшылық жасауды тоқтатыңдар! Сендердi де, мүсiндердi де 
жаратқан бiр Аллаһқа ешқандай серiк қоспай, құлшылық етіңдер. Өйткенi 
Аллаһ тағалаға көп құдайға табынушылар ұнамайды. Ей, қауымым! Сендер 
Аллаһ тағаланың азабына ұшырамай тұрып, Аллаһ тағаланы бiр деп бiлуге 
асығыңдар», – деп Аллаһқа шақыруын бастады. 
Надан қауыммен тартыс 
Қауым Юнустың сөздерiн естiп, аң-таң болды. Өйткенi олар бұған дейін 
мұндай сөздердi естiмеген едi. Әрi өз iштерiндегі бiр кiсiнiң өздерiн жолға 
салып, хақ дін мен иманды үйретуi олардың ақылдарына сыймады. Олар 
Юнусқа: «Бұл не? Бұл айтып тұрған аңызың не? Мүсiндер – ата-
бабаларымыздың сиынып өткен тәңiрлерi. Бiз де олардың жолын 
жалғастырып, мүсiндерге сиына беремiз. Сен сонда бiздiң, сенiң жаңа 
құдайыңа бойсұнуымыз үшiн ата-бабаларымыз сиынып өткен мүсiндерден 
бас тартуымызды талап етiп тұрсың ба?» – деп қарсыласты. 
Осыншама соқырлық пен санасыздыққа жаны ашыған Юнус: «Ей, 
қауымым! Ойланбастан ата-бабаларыңа өздерiңдi ұқсатпаңдар. Егер сендер 
ата-бабаларыңның неге сиынғанын бiлiп, олардың тәңiрлерi жөнiнде ой 
жүгiртiп көрсеңдер, онда тастардың тәңiр бола алмасына көз жеткiзген 
болар едiңдер. Бұл мүсiндер естiмейдi, көрмейдi, пайда да, зиян да бере 


89 
алмайды. Оларды бір сәт бақылап көріңдерші. Қолынан не келер екен?! 
Тастар бір жандыны өлтіріп не жансызға жан кіргізе ала ма? Әлде науқасқа 
шипа берiп, оны аурудан, өлiмнен құтқара ала ма? Олар сендердiң 
дұғаларыңды естiп, қажеттерiңдi бере ме? Ей, қауымым! Мүсiндер – бұл 
iстердiң ешқайсысын орындай алмайтын жансыз тастар ғана. Онда не 
себепті оларға сиынасыңдар?» – деді. 
Юнус сөздерiн жалғастыра: «Ей, қауымым! Келiңдер, ғибадатқа лайық 
болған, нағыз Құдай туралы, аспанды, жердi және олардың арасындағы 
барша дүниені, бiздi кiм жаратқанын бiр сәт ақылымызға салып ойланайық. 
Бұлардың барлығын жаратқан – бір Аллаһ. Ол тастарға сиынудың надандық 
екенiн бiлiп, менi өздеріңе жолбасшы пайғамбар әрi үйретушi етiп жiбердi. 
Мен сендердi бұзық iстерден қайтарып, жақсы iстерге үйретуге 
міндеттелдім. Әрi иман келтiргендерiңнiң Қиямет күнi жай-күйi жаннат 
болатындығымен сүйiншілеп, Аллаһқа сенбей, кәпiр болғандарды Аллаһ 
тағаланың азабымен ескертемiн. Және қайсыларың өмірден кәпiр күйiнде 
өтсе, тозаққа кiретiндiгiнен хабар бермекпiн. Қанеки, қауымым! Аллаһқа бет 
бұрыңдар. Ата-бабаларың ұлықтап, сендерге жол етiп көрсеткен болса да, 
ғұмыры қаншалықты ұзын болып, соңынан ерушiлерi көп болса да, 
мүсiндердi талқандаңдар. Өйткенi бұл жалған. Ей, қауымым! Тек қана еш 
серiксiз, бір Аллаһқа сенiңдер», – деді. 
Қауым Юнустың насихатын естiгеннен кейiн де өзге қауымдардың 
алғашқыда пайғамбарларына айтқандарындай: «Ей, Юнус! Сен де – бiз 
сияқты адамсың. Бiз сенiң сөзiңдi тыңдамаймыз. Бiз саған бағынатындай 
сенің бiзден артықшылығың неде? Неге Аллаһ елшi етiп сенi жiбердi?! 
Сенен басқа елшіге сай ешкім жоқ па екен?! Бiзден аулақ жүр. Бiз сенің 
Құдайыңа ешқашан сенiп, бойсұнбаймыз», – деп өздерiнiң ойларын бiлдiрдi. 
Сонда Юнус оларға: «Әлбетте, мен де – сендер секiлдi адаммын. Бiрақ мен – 
пайғамбармын. Пайғамбарлар адамдар арасынан болады. Мен сендерге 
жақсы сөздермен түсiндiрдiм. Егер айтқандарыма сенбейтiн болсаңдар, 
Қиямет күнгi жазадан бұрын, бұл дүниде-ақ Аллаһ тағаланың азабын 
күтiңдер. Сонда менiң шын пайғамбар екендiгiме көз жеткізесіңдер. Бірақ 
бұл тым кеш болады», – деп жауап бердi. 
Қауымы: «Ей, Юнус! Бiз сенiң шақыруыңды ешқашан қабылдамаймыз. 
Және Раббыңның азабынан қорықпаймыз. Егер сен шын пайғамбар болсаң, 
қорқытып жатқан азабың қане? Бiз сенiң Раббыңның азабын көргiмiз 
келеді», – дестi. Олардың бұл қорқынышты сөздерiн естiген Юнустың 
жүрегi қысылып, олардың иманға келулерінен үмiтiн үздi. Расында, Юнус 
оларды иманға шақырды. Олар тыңдамады, сенбедi. Юнус: «Ендi менiң 
міндетім бiттi. Мен пайғамбарлық міндетіммен уағызды жеткiзiп, аманатты 
орындадым», – деді де, қауымынан түңіліп, қала сыртына бет алды. 


90 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет