ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет84/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   102
Хикаялар

Баланың мүмінге жолығуы 
Бiр күнi бала сиқырлық iлiмiн үйрену үшiн сарайға келе жатқан-ды. Жол 
бойындағы бiр тауда жасырынып, ғибадат жасап жүретiн бiр мүмін адам бар 
еді. Сол кiсi баланы шақырып: «Ей, бала! Күнде таңертең кетiп, кешке 
қайтасың. Сонда сен қай жерге барасың?» – деп сұрады. Бала сиқырлық 
сабағын алу үшiн патша сарайына барып, кешке қайтатынын айтты. Және 
бұл сұрақты не үшiн қойғандығын сұрады. Мүмін кiсi: «Ей, балам! Сен 
үйренiп жүрген сиқыр – күпiрлiк. Бұл күпірлікті бiздi, патшаны және 
сиқыршыны да жаратқан Аллаһ қабыл етпейдi. Мен саған бұдан жақсырақ, 
қымбатырақ әрi мәңгi болатын бiлiмдi үйретсем, қалай қарайсың?» – дедi. 
Зерек бала бұл ұсынысты қабыл алып, келісті. Бала ендi сиқыршыдан 
сиқырды, ғибадатшыл мүміннен хақ дінді үйрене бастады. 
Тәңірлік мұғжиза 
Бiр күнi бала күнделiктi әдетi бойынша үйiнен шығып, ғибадатшыл 
мүмін кiсiнiң алдына келе жатты. Ол жолда бiр топ адамның топырлап
жиналып тұрғанын көрдi. Бұл адамдардың жолына үлкен бiр жануар тұрып 
алыпты. Адамдар одан өте алмай тұр екен. Сонда бала жерден бiр тас алып: 
«Уа, Раббым! Егер ғибадатшыл мүміннің маған үйретiп жатқан бiлiмi 
сиқыршының iлiмiнен абзал болса, бұл жануарды өлтiрiп, одан бiздi 
құтқар», – деп қолындағы тасты жануарға қарай лақтырды. Тас жануарға 
тиiп, жануар өлдi. Жиналып тұрған адамдар бұл оқиғаның куәсi болды. 
Олар: «Жас баланың атқан кiшкене ғана тасынан бұл жануардың шынымен 
де өлгені ме?» – деп таңданып қалды. 
Бала ғибадатшыл мүмін кiсiнiң алдына келіп, болған оқиғаны айтып 
бердi. Сондай-ақ Аллаһ тағаланың қалауымен алып жатқан бiлiмiнiң 
растығын, сиқыршының – кәпiр, ғибадатшылдың мүмін екенiне көз 
жеткiзгендiгiн, құлшылықшыл мүміннің үйретiп жатқан бiлiмiнiң сиқырды 
үйренiп, адамдарды алдағаннан гөрi анағұрлым артықтығын түсiнгенiн 
айтты. Мүмін кісі баланың сөзiн ден қоя тыңдап, баланың сенiмiнiң жоғары 
дәрежеге жеткенiн түсініп: «Ей, балам! Менiң сөзiме құлақ сал. Сен 
иманыңда берiк, шыдамды бол. Ешқашан ешкімнен қорықпа. Әрбiр мүмін 


107 
адамның қиындықтарға жолығары сөзсiз. Және кәпiрлер оны азаптайды. 
Патшаға менiң тұратын жерiмдi ешқашан айтып қойма», – деп насихат 
айтты. 
Жануар туралы хабар таралып, адамдар баланың тегін еместігін, әр 
нәрсеге күшi жететiндей қабілеттілігін сезiп, баланың үйiне ауруларына 
шипа сұрап, қайғыларын жеңiлдету үшiн топ-топ болып келе бастады. 
Келушiлер арасында патша сарайында қызмет атқаратын бiр соқыр уәзiр де 
болды. Уәзiр балаға келiп, егер көзiн көретiн етiп берсе, қалағанынша мал-
дүние беретiнiн айтты. Сонда бала уәзiрге: «Мен ешқандай мал-дүние 
алмаймын. Тек қана сiзден өзiңiзге шипа бере алатын Аллаһқа сенуiңiздi 
сұраймын. Себебi мен ешқайсыңызға өз құдiретiммен шипа бере алмаймын. 
Әрi еш нәрсеге шамам жетпейдi. Мен тек Аллаһ тағаланың құдiретiмен, 
қалауымен ғана емдей аламын», – дедi. Уәзiр баланың сұранысын орындап, 
жаңа, тура жол дiнiн қабылдап, иман келтірді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет