294
Бірінші кезеңде оқушылар қандай құбылыстарды, уақиғаларды,
заттарды т.б. оқитын туралы ұғымдары болады және оқу міндетін
түсінеді.
2 кезең – оқу материалын ҧғыну. Оның мәні: білімдегі
теориялық астарларды бӛлу және талдау. Басты ойды тауып,
ұғымдарды бӛліп шығарып, олардың белгілерін негіздеу,
түсіндіретін
материалдың
сипатын
ұғыну,
мысалдардың
жиынтығын және түсіндіретін фактілерді танып білу.
Мұнда
оқушының білімінде жүйе қажет, онда ол басты екінші қатардағы
қосымшаны түсіндіретін элементтерді кӛріп отырғаны абзал. Оқып
жатқанды екі түрде негіздей дәлелдей алатын болуы керек, яғни
репродуктивтік
түрде:
мұғалімнің
түсіндіру
логикасын
қайталайтындай және шығармашылық түрде: сӛйлеуінде ӛзінің
мысалдарын, фактілерін, шешу тәсілдерін қосуы.
Бұл кезеңді орындалды деуге болады, егерде оқушылар оқу
міндетінің шешу тәсілдерін түсінсе және білімдегі жүйені ұғынса.
3 кезең – еске сақтау немесе бекіту. Мұндағы міндет ұзақ
уақытқа алған білімді сақтау. Осы кезеңде танымдық іс-әрекет
жаттығу, дербес репродуктивтік және шығармашылық жұмыс
түрінде кӛбірек сипат алады. Теориялық материал, ұғымдар,
ережелер, дәлелдеулер әр түрлі жаттығуларда қайталанады.
Ұғымдардың
белгілері берік бекітіледі,ережелер, теоремалар,
заңдар жақсырақ есте қалады.
Мұғалім оқушылардың жаттығуларды саналы орындағанын
қадағалап отыру керек. Мұғалім еске сақтаудың әр түрлі тәсілдерін
оқушыларға үйретіп отырады.
Үшінші кезеңнің қорытындысында оқушылар теориялық
материалды білулері қажет және оны жаттығуларды орындағанда,
есептерді
шығарғанда, теореманы дәлелдегенде және т.б. қолдана
білуі керек. Оларда оқу іскерліктері және дағдылары қалыптасқан.
4 кезеңде оқушылар алған білімді, іскерлікті және дағдыны
практикалық іс-әрекетте қолдана білу қажет.
Бұл қатынаста сыныптан тыс
және мектептен тыс жұмыстан
үлкен мүмкіншіліктері бар. Балалардың жас техниктер, жас
натуралистер үйірмелеріне, спорттық, кӛркемӛнер секциясына т.б.
шараларға қатысуы оқу іскерліктері мен дағдыларын практикалық
іс-әрекеттің әр түрлерімен байланыстыруға кӛмектеседі.
Оқытуды
оқушылардың
практикалық
іс-әрекетімен
байланыстыру оларда моральдық сапаларды қалыптастыруға,
295
қызығушылықтарын
және ынталарын, оқудың он мотивациясын
тәрбиелеуге септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: