109
алушының мүмкіндігі, қабілеті және икемділігі зерттеледі.
Педагогтің жұмысына ықпал еткен жағдайлар ескеріледі. Тексеру
білім алушының «оқығым келмейді» деген пікірімен санаспайды.
Ал диагностика онымен санасады, білім алушының оқуға ынтасын
арттыру тәсілдерін табады.
Диагностика
арқылы білім алушылардың білім, іскерліктері
тексеріліп бағаланады, сандық мәліметтер талданады, бағыттар
айқындалып, одан арғы жұмыстар болжанады. Диагностика үшін
кӛптеген әдістер және әдістемелер қолданылады. Мысалы, дәстүрлі
тексеру, бағалау
әдістерімен қатар тест әдісі, білім алушылардың
оқуға керекті психикалық сапаларын, атап айтсақ, есті, зейінді,
ақыл-ойды, т.б. зерттеу, жеке білім алушылармен жұмысты жобілім
алушыу әдісі қолданылады. Қазіргі мектепте қолданылатын
диагностика педагогикалық қатынастар жүйесіндегі білім алушыны
(сыныпты) жан-жақты зерттеуге мүмкіндік
беретін әдістер мен
әдістемелердің жиынтығы.
Дәстүрлі тексеру әдістері диагностика арқылы ізгілікке қызмет
етіп, мектепте жақсы қарым-қатынас орнатады. Диагностика білім
алушыларды
«орташа»,
«үздік»
деп
бӛлмей,
олардың
мүмкіндіктерін анықтайды. Диагностикалық қорытындылар дәл,
толық болу керек. Барлық Педагогдер гуманистік идеяларды
мойындағанда ғана диагностика арқылы әрбір білім алушы туралы
ақпараттар жиналып, оның қабілетін,
дарындылығын дамытуға
қолайлы жағдай жасалады.
Білім
алушылардың
білімдерін
тексеру,
бағалаумен
байланысты әлі шешілмеген мәселелер кӛп. Гуманистік
педагогикада бірінші орында оқу тәрбие процесінің барысы және
нәтижелері туралы ақпараттар алудың тәсілі, Педагогдер мен білім
алушылардың бірлескен еңбегінің нәтижелерін кӛтеру жолдарын
табу үшін талдайтын диагностика тұрады. Диагностика керекті
ақпаратты алудың қосымша тәсілі ретінде тексеру және бағалауды
қолданады.
Кешенді тексеру арқылы білім алушылардың әр түрлі
пәндерден алған білімдерін қолдана білуі анықталады. Жетістікті
тестілеу –
бақылаудың әділ әдісі, соңғы уақытта бастауыш сатыға
кӛптеп еніп жатқан тест. Тест ағылшын сӛзі, қазақшасы сынақ,
тексеру. Тестілеу - білімді меңгеру деңгейін анықтау үшін
қолданылатын тапсырмалардың жиынтығы. Үлгерім тестілері
жетістікті тестілеу - білім алушының оқыту және тәрбие арқылы
110
қандай деңгейге жеткенін анықтау.
Дұрыс құрылған тестілер
кӛптеген талаптарды қанағаттандырып, оларды орындауға кӛп
уақыт кетпейді, сұрақтары қысқа, нұсқа болады.
Достарыңызбен бөлісу: