130
педагог пен білім алушылардың іс-әрекетін анықтығын, жүйелілігін
және бірізділігін қамтамасыз етеді. Мақсат пен міндеттерді қою
әдетте кӛп уақыт алмайды, бірақ ол оқу іс-әрекетіне
бағытталғандық береді және үлкен тәрбиелік әсері болады.
Тҥсіндіру – оқу материалының мазмұнын ғылыми баяндау.
Білім алушыларға жаңа материал түсінікті болу үшін
педагог
ғылыми дәлелдерді, білім алушыларда бар білімге сүйенуді, анық
және түсінікті баяндауды жүзеге асыруы керек.
Бекіту жаңа материалды түсіндіріп болғаннан кейін
жаттығулардың, дербес жұмыстардың, арнайы тапсырмалардың
жүйесі арқылы
оқылған материалдың бастысына, сүйенетін
идеясына білім алушылардың назарын аудартады, теориялық
қағидаларды оқу іс-әрекетінің практикасымен байланыстырады.
Бекіту арқылы педагог білім алушылардың материалды меңгергені
туралы ақпарат алады.
Қайталау. Оқу материалын тақырып, бӛлімдер, курс бойынша
жүйелеу,
жалпылау, қайта айту. Мұнда оқу материалындағы
күрделісі негізгі идеяларды бӛліп шығару және жаттығулар мен
тапсырмаларды таңдау болады.
Сабақтың нәтижесін шығару, қорытындылау. Сабақтың ӛтілу
барысына, білім алушылардың жұмысына қысқаша баға беру,
оқығанның басты идеясын еске салу.
Ҥй тапсырмасы. Педагог үй
тапсырмасын хабарлайды,
қысқаша орындалу жолын түсіндіреді. Үй тапсырмасын орындау
туралы нұсқау анық, қысқа, бірізділікпен берілуі қажет.
Оқу міндетіне және мазмұнына қарай сабақтың бӛліктерінің
ара-қатынасы ауысып отырады. Сабақтардың әртүрлі типтерінің
құрылуында ерекшеліктер пайда болады.
Жаңа білімді меңгеру сабақтарының қҧрылымы мынадай
элементтерден тұрады: сабақтың басталуын ұйымдастыру;
сабақтың мақсаттары және міндеттері; жаңаны түсіндіруге даярлық
жұмыс (үй
тапсырмасын тексеру, бұрыннан оқығанды қайтадан
айту, т.б.); түсіндіру; сабақты қорытындылау және үй тапсырмасы.
Басты бӛлімі – түсіндіру, бекіту қосымша роль атқарады және
диагностикалық мақсатты жүзеге асырады. Педагог білім
алушылардың жаңа білімді қалай меңгергендігі туралы ақпарат
алады.
Достарыңызбен бөлісу: