Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет58/169
Дата19.08.2022
өлшемі2.14 Mb.
#459982
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   169
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

материалын, оның мазмҧнын таңдау және ӛңдеу барысында 
проблемалық ҧстанымын сақтау. Оны ашуда қарым-қатынастың 
диалогтық формасы қолданылады. Проблемалық дәріс арқылы 
теориялық 
ойдың 
дамуы, 
пәннің 
мазмұнына 
танымдық 
қызығушылық, кәсіптік мотивация, корпоративность дамытылады.
Дәріс-визуализация кӛрнекілік принципін жүзеге асырудың 
жаңа мүмкіншіліктерін іздеудің нәтижесі ретінде пайда болды. Бұл 
дәріс визуальды формаға ӛзгертілген ауызша ақпарат болып 
табылады. 
Бұнда 
оқытушы 
мазмұндық 
ақпарат 
беретін 
демонстрацилау 
материалдарын, 
кӛрнекіліктер 
(слайдтар, 
пленкалар, планшеттер, сызбалар, суреттер, кестелер, т.б.) даярлау 
қажет. Дәріс визуальды материал бойынша біріктірілген, толық 
комментарий беру болып табылады. Визуальды материал:
1. бар білімнің жүйеленуін қамтамасыз етуі керек; 
2. жаңа ақпараттың меңгерілуін қамтамасыз етуі керек; 
3. проблемалық 
ситуацияларды тудыру және шешуді 
қамтамасыз етуі керек; 
4. кӛрсетудің түрлі тәсілдерін қамтамасыз етуі керек. 
Оқу материалына байланысты кӛрнекілік түрлері: табиғи 
(минералдар, реактивтер, машиналардың бӛлшектері), бейнелі 
(слайдтар, суреттер, фотолар), символдық (сызбалар, кестелер).
Визуальдық дәрісте материалдың белгілі бір визуальдық 
қисыны және жылдамдығы, оның мӛлшері, оқытушының 
аудиториямен қарым-қатынас жасау шеберлігі және стилі. Бұндай 
дәрістің басты қиындығы – визуальдық құралдарды жасау және 
дәрісті оқу үрдісін даярлау. Мына жағдайларды есепке алған жӛн: 
- аудиторияның даярлық және білімділік деңгейлерін; 
- кәсіби бағытталуын; 
- нақты тақырыптың ерекшеліктерін. 
Кез-келген материал және кез-келген пән бұл формада 
баяндалуға келмейді. Бірақ бұл дәрістің элементтерін кез-келген 
пәнде қолдануға болады (мысалы, мәдениеттану, дизайн және т.б.). 


149 
Екі адам оқитын дәрісбұл екі оқытушының диалогы 
барысында материалды проблемалық жолмен ұсынудың түрі. 
Теориялық және практикалық сұрақтарды талқылаудың шынайы 
кӛрінісін екі оқытушы (мысалы, түрлі ғылыми мектептердің 
ӛкілдері, теоретик және практик, қорғаушы немесе қарсы шығушы) 
модельдейді. Оқытушылардың диалогы пікірталас жүргізу 
мәдениетін кӛрсететіндей болуы керек, пікірталасқа студенттерді 
қатысуға, ӛз пікірін дәлелдеуге, сұрақ қоюға итермелейтіндей 
болуы керек. Артықшылықтары:
1. диалогты түсініп, оған қатысу үшін студенттерде бар білім 
ӛзектілікке иеленеді; 
2. проблемалық ситуация туындайды, дәлелдер жүйесі 
белгіленеді және т.б.; 
3. екі ақпарат кӛзінің болуы түрлі пікірлерді салыстыруға, 
таңдау жасауға, ӛз кӛзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді; 
4. пікірталасты жүргізу мәдениеті жайында кӛрнекі түсінігі 
қалыптасады; 
5. педагогтың кәсібилігі айқындалады түседі, оның тұлғасы 
танылады. 
Алдын-ала жоспарланған қателері бар дәріс студенттердің 
зейінін шоғырландыруға, олардың ақыл-ой әрекетін дамытуға, 
сарапшы, 
сыншы 
рольдерінде 
сӛз 
сӛйлеу 
іскерліктерін 
қалыптастыруға бағытталған. Дәріске алдын-ала жоспарланған 
қателер (мазмұндық, әдістемелік, әрекеттік сипаттағы) енгізіледі де, 
оларды оқытушы дәріс соңында студенттерге ұсынады. Типтік 
қателер таңдалып алынады, бұнда студенттердің міндеті дәрісті оқу 
барысында қателерді тауып, оларды шығарып отыру. Қателерді 
талдауға 10-15 минут уақыт бӛлінеді. Дұрыс жауапты тек оқытушы 
емес, студенттер де атап отырады. Дәріс ынталандырушы, бақылау, 
диагностикалық міндеттерді атқарады.
Дәріс-пресс-конференция. Дәріс тақырыбын айтқаннан кейін 
оқытушы білім алушыларға тақырып бойынша жазбаша түрде ӛзіне 
сұрақтар қоюын сұрайды. 2-3 минут ішінде студенттер ӛздерін 
толғандырған сұрақтарды жазып, оқытушыға береді. Оқытушы 3-5 
минут ішінде сұрақтарды мазмұны бойынша сұрыптайды. Бұнда 
дәріс сұрақтарға жауап ретінде емес, тұтас мәтін түрінде оқылады. 
Оны баяндау барысында берілген сұрақтарға жауаптар құрылады. 
Дәріс соңында оқытушы берілген жауаптарды талдайды. Бұл 
дәрісті мына жағдайларда ӛткізген қолайлы: тақырыптың басында 


150 
топтың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын, мүмкіндіктерін, 
мақсаттарын анықтау үшін; ортасында курстың негізгі мәселелері 
қаралған жағдайда студенттерді тарту үшін; соңында – меңгерілген 
білімнің даму перспективасын анықтау үшін.
Колледж және ЖОО-ның білім беру жүйесінің оқу үрдісін 
ұйымдастырудың келесі түрі – семинарлар мен практикалық 
сабақтар болып табылады. 
Колледж және ЖОО-ның оқу үрдісіндегі практикалық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет