183
Оқу материалы әрқашан,
тіпті жыл сайын деуге болады,
қайтадан ӛңделіп, жаңартылып отырылуы керек. Қиын жағдайдан
шығудың бір жолы: оқу материалының құрылымы бір-біріне
тәуелсіз бӛлімдерден тұру керек, ӛйткені оқу материалын
ӛзгерткенде әрбір бӛлімді ӛзгертіп,
толықтырып, дамытуға
мүмкіндік береді.
Оқу материалының тұрақты және ӛзгермелі мазмұнының
қарама-қайшылығын шешу динамикалық принцип бойынша жүзеге
асады. Оның педагогикалық
ережелерін қарастырайық:
-
әрбір элементтің, яғни модульдің мазмұны оңай
ӛзгертілуі және толықтырылуы мүмкін;
-
әр түрлі модульдердің элементтерін құрастыра отырып,
жаңа модуль шығаруға болады;
-
модульдің формасы, оның элемнттерін оңай ӛзгертуге
болатындай формада болуы тиіс.
Білімнің және оның жҥйесінің оперативтілік және әрекеттілік
принципі. Білім беру саласында
білім алушыларда әрекеттік
білімнің қалыптасу мәселесі пайда болады, ол мамандардаың кәсіби
дацындығына теріс әсер етіп отыр. Бұл жағдайдан шығу жолы – тек
іс-әрекет түрлеріне емес, сонымен қатар әрекеттің тәсілдерін де
үйрету керек. Іс-әрекетік тұрғы модульдік оқытуға ӛте қажет, бірақ
оның шектілігі сол, ол оқыту процесінде шығармашылық жағынан
дамуды талап етеді.
Оперативті білім білім алушы тапсырманы орындау кезінде
инициатива, тапқырлық кӛрсете білген, әр түрлі жағдайда ӛз білімін
қолдана білген жағдайда табысты болады. Әрекеттік және
оперативтік білімнің жүйесін тек іскерлікпенбіріктіріп қарастыруға
болады. Мұнда жалпы ғылыми, техникалық және арнайы білім мен
іскерлік жүйесін айтуға болады, оны білім алушы практикалық іс -
әреектте ӛзі және тәуелсіз қолдана алады.
Әрекеттік және оперативті білімдер және оның жүйелілік
принципін орындау үшін мынадай педагогикалық
ережелерге
сүйенеді:
-
модуль және әрекет тәсілдерінде
оқыту мақсаттары
әрекеттің әдістер терминінде ақыл-ой немесе практиаклық түрде
қалыптастырылуы керек;
-
алға қойған мақсатты орындау үшін модульдің мазмұны
логикалық ойлау және практикалық әрекет жағынан пәндік және
пәнаралық құрылымда болуы мүмкін;
184
-
оқыту
жаңа
білімді
игеруде
проблема
негізінде
ұйымдастырылуы керек, ӛйткені осындай жағдайда оқуға деген
шығармашылық қалыптасады;
-
білімнің бір әрекеттен екінші әрекетке кӛшу мүмкіндігін
анық кӛрсету керек.
Достарыңызбен бөлісу: