198
- студенттердің оқытушыларды
таңдаудағы еркіндігі;
- білім алушылардың оқу жоспарындағы пәндерді таңдаудағы
кӛп еркіндігі, әр студенттің ӛз жеке оқу жоспарын жасауға тікелей
ӛзі қатысуы, оқыту бағдарламасының икемділігі және таңдау
курстарының кӛптігі;
- пән таңдауда, оқу траекториясын таңдауда студенттерге
кӛмектесетін академиялық кеңесшілердің енуі;
- «студент-оқытушы» қарым-қатынасының «субъект-субъект»
болып ӛзгеріп, оқытушының ұйымдастырушылық қана рӛл
атқаруы;
-оқу үдерісін ұйымдастыруда факультеттердің еркіндігі, оқу
үдерісін
қажетті
әдістемелік
(баспа
және
электронды)
материалдармен қамтамасыз ету қажеттігі;
- әр студенттің эдвайзер кӛмегімен оқу пәндерін меңгеру үшін
білім беру траекториясын таңдау арқылы оқытудың жекелендіруі;
- студенттің ӛзіндік жұмысының (СӚЖ) үлесінің артуы, оның
оқытушы
қатысуынсыз
жүретін
СӚЖ
және
оқытушы
жетекшілігімен жүргізілетін студенттің ӛзіндік жұмысы (ОБСӚЖ)
болып бӛлінуі;
- игерген білім
сапасының емтиханда бағаланып, сынақтың
болмауы;
- оқу мотивациясының артуы, шетелде оқу мүмкіндігі, алған
білімді басқа елдегі оқу орнының академиялық мойындау кепілдігі;
- оқытуда интерактивті әдістердің кеңінен қолдану мүмкіндігі;
- білім деңгейінің нақтылығы, баға жүйесінде дәстүрлі
бағалаудан ӛзгеше жинақталатын сынақтық жүйенің
енгізілуі
және дәстүрлі бағалау жүйесіне аудару механизмінің болуы,
бағалаудағы ерекшеліктер.
Оқу пәндерін студенттердің меңгеруін бағалау үшін міндетті
түрде балдық-рейтингтік жүйе қолданылады
Кредиттік оқыту жҥйесі - ерекшелену, білім беру
траекториясының таңдамалылығы және
білім ауқымын кредиттер
түрінде есепке алу негізінде ӛз бетінше білім алу және білімді
шығармашылықпен игеру деңгейін арттыруға бағытталған білім
беру жүйесі.
Кредиттік оқыту технологиясы пән сабақтарын жекелей
жоспарлау негізінде ӛздігінен білім алудың және ерекшелену
арқылы білімді шығармашылықпен игеру арқылы оқу үдерісін
ұйымдастырудың ерекше тәсілі болып табылады. Ол
әлемдік
199
стандартқа сай білім беруді қамтамасыз етуге, сапалы білім беру
арқылы біліктілігі жоғары және еңбек нарығында бәсекелестікке
кез-келген жағдайда дайын мамандарды даярлауға мүмкіндік
береді.
Кредиттік оқыту технологиясының Қазақстанда ендірудегі
алғашқы тәжірибелер оқу үдерісінде студенттің ӛзіндік
жұмысын
белсендірудің
қажет
екендігін
кӛрсетті.
Аудиториялық
сағаттардың қыскарып, білімді игерудегі негізгі
салмақтың ӛзіндік жұмысқа түсуі студенттерде ӛз бетімен білім
алу, ӛзін-ӛзі дамыту қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік
береді.
Қазіргі таңда кредиттік оқыту жүйесі эксперименттік
режимде жүргізіліп жатқан еліміздің жоғары оқу орындары
шетел және еліміздегі ЖОО тәжірибелерін зерттеп,
оқу пәндері
мен бағдарламалары бойынша кредиттерді анықтағанда
мынадай «шарттарын» қолданады:
1) кредиттік жүйені ендіру тәжірибесін зерттеу;
2) басқарушы
кадрлар мен профессорлық-оқытушылар
кұрамын даярлау;
3) кредиттік жүйеге сай келетін оқу-әдістемелік және
техникалық қамтамаларды әзірлеу;
4) 2004 жылдың 1 қыркүйегінен
бастап бакалавриаттың
жекелей бағыттары бойынша эксперимент түрінде енгізу;
5) кредиттік оқыту технологиясы бойынша бакалаврларды
даярлау нәтижесін зерттеу, талдау, қорытындылау және басқа
факультеттерде қолдану туралы шешім.
Біздің еліміздегі ЖОО-да қолданылатын кредит - білім
алушының және оқытушының оқу жұмыс кӛлемін ӛлшейтін
сәйкестендірілген бірлігі. Бір кредит
білім алушының семестр
бойына (15 апта) аптадағы аудиториялық жұмысының
академиялық бір сағатына тең. Бір аудиториялық сағатқа
міндетті түрде бакалавриатта 2 сағат, магистратурада - 3 сағат
ӛзіндік жұмыс ілесе жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: