Джумашева А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2



Pdf көрінісі
бет77/87
Дата24.08.2022
өлшемі1.4 Mb.
#460031
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   87
2914564175700 ZH sipkalieva

тикалық - синтетикалық тәсілмен де шығарылады, ал кейде
4-5 тәсілдер араласып-қосылыпкешенді формада да шешіледі
Физика есептерін шығаруда анықтамалық кестелер, лога-
рифмдік сызғыш, микрокалькулятор, ЭЕМ, перфокарта, тексеру-
оқыту машиналары, арнаулы дидактикалық тапсырмалар мен 
программаланған сын жұыстары жайлы оқу құралдар кең 
қолданылуы керек. 
Жалпы алғанда, физика есептерін шығарудың әдістемесі 
мынадай негізгі кезеңдерден (мұғалімнің не оқушының 
қызметінен) тұрады: 
Мысалы: массасы 200кг лифт кабинасы бірқалыпты үдемелі 
қозғалып шахтаға түседі. Бірінші 10сек 35 м жол жүрсе тростың 
керілу күші қандай? 
 Есепті шығарудың аналитикалық әдісі: 
1) есептің мәтінін оқу және талдау, терминдер мен шама-
лардың мәндерін түсіндіру. 
Мәтінді кітаптан 1-2 рет оқу. Талдауды мынадай сұрақтарға 
жауап алу арқылы жүргізуге болады: 1) Есепте қандай нысан 
берілген? (нақты берілген нысан-тросқа ілінген лифт кабинасы
нақты берілмеген нысан-жер). 2)Лифт қалай қозғалып барады? 
Ол қандай қозғалыста? 3)10 секундта қандай тереңдікке түскен? 
4)есептің талабы қандай?(Нені табуды сұрайды?) лифтіге қандай 
күштер әсер етеді? (тростың керілу күші Ғ
к, 
, ауырлық күші- mg,
олар қалай бағытталған?
2) есептің шартын жазу, тиісті сурет-сұлбаларды салу. 
3) физикалық мағынасын ашу мақсатында есептің мазмұнын 
(құбылыстарды, процестерді) талдау, есепті шығаруға қажетті 
ұғымдар мен заңдарды қайталап, еске түсіру. 
Ньютонның екінші заңы бойынша


176 
→ → → 
mа= mg,+ F
к 
Қозғалыс бағытында алынған осьтегі осы күштердің 
проекциясы арқылы жазсақ: mа= mg,- F
к
Осыдан тростың керілу күші F
 к
= mg- mа. 
4) физикалық константа g= 9,8 м/с
2
(кестеден алынды) Бір 
қалыпты үдемелі қозғалыс үшін a=2h/t
2
және mg мен mа 
күштерді табу арқылы, F
 к
табылады. Ғ
к
= m(g-2h/t
2

Есепті шығарудың синтетикалық әдісі: 
Бұл әдіспен есепті шығару есепте айтылатын нысанды си-
паттайтын нақты берілген шамалардың арасындағы байланысты, 
содан кейін олармен анықталынатын шаманың (есептің талабы) 
арасындағы байланыс анықталынады. Жоғардағы есеп синтети-
калық әдісіпен шығарылса: 
1) есепте бірқалыпты үдемелі қозғалыс қарастырылады
(V
0
=
0) Демeк, а = 2Һ/t

2) Бұл үдеуді беретін күш лифт кабинасына әсер ететін 
күштердің тең әсерлі күші. Лифт кабинасына әсер ететін күштер: 
ауырлық күші мен тростың керілу күші. 
Сондықтан Ньютонның екінші заңы бойынша: 
→ →  → 
mа= mg,+ F
к
Қозғалыс бағытында алынған осьтегі осы күштердің 
проекциясы арқылы жазсақ: mа= mg,- F
к
Осыдан тростың керілу күші F
 к
= mg- mа= m(g-2h/t
2



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет