Білім беру бағдарламасы 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі»


Оқытудан күтілетін нәтижелер



Pdf көрінісі
бет2/65
Дата28.08.2022
өлшемі0.97 Mb.
#460061
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Силлабус Қазіргі лингвистиканың негізгі бағыттары (1)

 
Оқытудан күтілетін нәтижелер: (Блум таксономиясы бойынша) 
Оқу нәтижелері тиісті білім беру деңгейінің Дублин дескрипторлары негізінде 
анықталады және құзыреттіліктер арқылы белгіленеді.
Курс аяқталғаннан кейін студенттер білуі керек: 
- жалпы тіл біліміндегі өзекті мәселелерге арналған жаңа еңбектермен, ондағы теориялық 
тұжырымдармен, концепциялармен танысып, оларды меңгеруі тиіс; 
- теориялық білімдерін практикалық қолданбалы мақсаттағы жұмыстармен ұштастыра 
білуі тиіс. 
- тіл біліміндегі жаңа технологиялар мен әдіс-тәсілдерді меңгеруі тиіс. 


Курс аяқталғаннан кейін студенттер жасай алуы керек: 
- әлемдік, отандық тіл ғылымдары дамуындағы жаңа тұжырымдар мен концепцияларды 
сыни тұрғыдан қарастыра білуі; 
- тіл ғылымындағы әртүрлі бағыттар негізінде алған білімдерін өзара ұштастыра отырып 
аналитикалық талдау жасай алу, сол негізде өз білімдерін кеңейтіп, терендете алу; 
- Тіл білімінің жаңа бағыттары мәселелерін терең түсініп, алған білімдерін өздерінің 
зерттеу жұмыстарында және пәнді оқыту жұмыстарында пайдалана білу. 
Игерілетін дағдылар: 
- алған білімдерін көпшілікке жеткізе білуге, әріптестері мен ғылыми мамандардың 
алдында өз көзқарастарын дәлелдей алуға;
- алған білімдерін одан әрі жетілдіруге, тереңдетуге; 
- алған білімдері негізінде жаңадан туындаған күрделі мәселелерді шеше алуға 
дағдылануы тиіс.
 
Пререквизиттер: Тіл біліміне кіріспе, Жалпы тіл білімі, Шетел тілін оқыту әдістемесі; 
 
Постреквизиттер: ЖОО-дан кейінгі білім беру (магистратура) пәндері 
2. Оқытушы туралы мәлімет, байланыс ақпараттары:
3. Курстың саясаты:
Білім алушылардың сабаққа кешігусіз келуі міндетті түрде талап етіледі. Олай 
болмаған жағдайда мәселе Деканат арқылы шешіледі. Максималды түрде екі босату ғана 
рұқсат етіледі. Екі кешігіп келу бір босатуға тең келеді. Екіден көп босату болған 
жағдайда білім алушы мәселе әкімшілік тарапынан шешілмегенше сабаққа кіргізілмейді. 
Сабақта білім алушылардан бөгде адамның келуіне рұқсат етілмейді. 
Жұмыстар уақытында тапсырылуы қажет. Тапсырмаларды тапсырудың ең соңғы 
мерзімі – емтиханға 3 күн қалғанға дейінгі уақыт. Барлық тапсырмаларды өткізбеген білім 
алушы емтиханға жіберілмейді. Меңгерілген материалдар үнемі тексеріліп отырылады, 
сондықтан әркез қайталап отыру шарт. Студенттер білімін аралық бақылау тест немесе 
Жазбаша бақылау жұмысы түрінде жүргізіледі. Осы көрсеткіштер орындалмаған жағдайда 
жеткіліксіз немесе айып санкциялары қолданылады: 
1) сабақты босату (себепсіз); 
2) тапсырмаларды уақытымен орындамау; 
3) тапсырмаларды орындау барысында қателіктер жіберу, яғни, студент материалды 
толық меңгермеген жағдайда. Егер студент сабаққа себепті жағдаймен келе алмаса, келесі 
аптада сол сабаққа өтеу (отработка) жасайды. Бірақ ұпай азайтылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет