ЕРТЕ МЕТАЛЛ ДӘУІРІНДЕГІ
ТАЙПАЛАРДЫҢ ДІНИ ТҮСІНІГІ
•
Үндіирандықтар мифологиясы. Арий тайпалары Жер беті төрт
бұрышты, әр бұрышында өз құдайы билік құрады деп түсінген. Жер
күн қүдайы күймесімен саяхаттайтын мөлдір күмбезбен жабылған
деп есептеген. Археологиялық қазба деректері қола дәуірінде
үндіиран тайпаларының бәріне ортақ діни түсініктің қалыптасқанын
көрсетеді.
▪
Ежелгі үндіирандықтардын, ұғымынша адам өлмейді, ол ерекше
түрдегі терең
«ұйқыға» кетіп, Жер-Ана қойнына оралады деп
сенген.
▪
«Ананың құрсағында»(поза эмбриона) жатқандай, қабір
шұңқырына аяқ-қолын бауырына жиғыза жатқызып, онымен бірге
о дүниеде қажет болады-ау деген затта- рын қоса көмген. Қабірдің
үстіне әлемнің дөңгелек бейнесін елестететіндей оба тұрғызған.
▪
Андрондықтар өліктің басын
батысқа қаратып жатқызса,
▪
Ежелгі қималықтар
солтүстікке қаратқан.
▪
Арийлер өздерін қолдап жүруі үшін
ата-баба аруағына сиынған. Ата-баба аруағына табынып, рухының
көңілінен шығуға тырысқан. Сондықтан қола дәуіріндегі адамдар мар- құмды мүмкіндігінше жақсы киімімен,
еңбек құралдары, әшекейлерімен қоса жерлеген.
•
Самарлық мәдениет тайпалары сиыр, жылқы, қойдың басы мен дене мүшелерін арнайы ыдысқа салған.
▪
Үстіне
қызыл бояу сеуіп, мәйіт жерленген обаларға онша терең емес етіп көміп қойған. Қызыл түсті бояу
қанның және ерекше құдірет иесінің белгісі. Сонымен қатар отты білдірген және жаман рухтардан сақтану
қабілетін арттыратын магиялық күш саналған.
▪
Қызыл бояуды өліктің үстіне де сепкен, көбінесе бұл рәсім балаларды жерлеуде қолданылған.
▪
Қабірлерден әдейі бүлдірілген еңбек құралдары табылған. «
Затты бүлдіру» жорасы жерлеуді аяқтар алдында
жасалады, яғни ол тұтынған бұйымдар мен құрал-жабдықтар да
адаммен бірге «өлуі» тиіс саналған.