Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Топырақтардың табиғи туындысы ретінде жалпы



Pdf көрінісі
бет20/162
Дата14.09.2022
өлшемі5.39 Mb.
#460752
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   162
kabysheva-topyraktanu

1.6. Топырақтардың табиғи туындысы ретінде жалпы 
ерекшелігі жəне түзілуінің материалдық негіздері
Топырақтың түзілуіне жоғарыда сипатталған топырақ 
түзуші факторлармен қатар, оның түзілуіне тікелей қатысы 
бар материалдық негіздердің рөлі ерекше. Топырақ түзуші 
материалдық негіздерге: аналық тау жынысы, осы қабаттағы ауа 
құрамы мен ылғал, мекенденетін бүкіл жоғары жəне төменгі 
сатылы организмдер қосындылары жатады. Табиғаттың ауа райы 
мен жер бедерлерінің өзгешелігі нəтижесінде əртүрлі топырақтар 
түзіледі. Ескеретін жай, бұл топырақ түзуші материалдық 
негіздердің кейбіреулері, мəселен, аналық жыныстар, тірі ор-
ганизмдер қосындылары жоғарыда сипатталғаннан əрі топырақ 
түзуші факторлар əрі топырақ түзуші материалдық негіздер рөлін 
атқарады. Сондықтан олардың қай рөлде маңызы басымырақ 
екенін бөліп айту қиын. Ол жағдайлар тек шартты түрде бөлінеді.
Əдетте, бір затты түзуге қатысатын материалдық негіздерінің 


44
үлесін зерттеу олардың химиялық құрамын анықтаудан бастала-
ды. Биосферадағы əртүрлі табиғат денелерінің химиялық құрамын 
сипаттағанда, оның құрамындағы əртүрлі элементтердің 
орта есеппен алатын орнын, үлесін пайызбен шығарады. Жер 
қабатындағы элементтердін орташа құрамын 1924 жылы алғаш 
есептеп шыққан американдық ғалым Ф. У. Кларк болды. 
Сондықтан мұны Кларк көрсеткіші деп атайды. Кейінірек жана 
қосылған мəліметтерге байланысты бұл Кларк көрсеткіштері 
бірнеше рет толықтырылды (А. Е. Ферсман1934-1939, А. П. Вино-
градов, 1962). Сонымен қатар, ауа құрамындағы, судағы жəне тірі 
заттардағы элементтер кларкы да есептелінетін болды.
Тау жыныстарының орташа химиялық құрамы. Тау 
жыныстарындағы химиялық элементтердің Кларк үлестеріне бай-
ланысты олар:
1. Мол элементтер, кларк көрсеткіштері – n10-n10
-2
2. Аз элементтер, кларк көрсеткіштері – n10
-2
-n10
-.3
3. Өте аз элементтер, кларк көрсеткіштері – n10
-3
-n10
-5
Тау жыныстарының орташа химиялық құрамы, % есебімен, бо-
лып үш топқа бөлінеді (А. П. Виноградов, 1962; М. А. Глазовская, 
1981 оқулығынан).
Мол элементтер (n10-n10
-2
):
0-47
С а-3,29 Ті - 0,45 К, - 0,06 С- 0,023 
Si-29
N3-2,5 Н - 0,15 S-0,047 Сі - 0,017
АІ-8,05 К - 2,5 Mn-0,10 Sr -0,035 Sr - 0,017;
Fe - 4,7 Mg -0.87 Р - 0,10 
Аз элементтер (n10
-3
-10
-5
):
Lі, Ве, В, N, Sе, Ү, Сг, Ni, Са, Zn, Са< Рb, Сa, Nb, V, Lа< Nd, Тһ< 
Rb, Gе, Аз, Вг, Мо, Sn, Сs, W, U, Сd, Sn, Sb, 
Өте аз элементтер (<10
-5
):
Sе, Рd. Аg, Те, Re, Нg, Ві, Rd, т.б.
Сонымен, тау жыныстарындағы негізгі үлестерді О, Si, Al 
құрайды, олар 84.05% алады. Оларға тағы Fe, Са, Na, К, мен 
Мg-ді қоссақ, сегіз элементтердің үлесіне тау жыныстарының 
98,87%-ы тиеді. Ал енді оларға қалған 10 элементті қоссақ 
барлығының мөлшері 99,82% құрады. Бұл элементтердің 


45
барлығының (18) мол элементтер аттарына ие болғандарымен, тау 
жыныстары құрамындағы үлестерінің алшақтығын көрсетеді. Ал 
аз элементтер мен өте аз элементтерден (78) тау жыныстарының 
үлесіне бар болғаны 0,18% ғана тиесілі. Дегенмен тау жыныста-
рында, одан түзілген топырақтарда майда элементтердің үлестері 
өте аз болғанымен, олардың тірі организмдердің тіршілігі үшін 
маңызы үлкен.
Топырақтар түзілу құбылыстары нəтижесінде жалпы тау 
жыныстарының құрамын сақтай отырып, оған көптеген 
элементтердің кларктары жөнінде өзгерістер енгізеді. Мəселен, 
топырақтағы оттегі мөлшері тау жыныстарындағы 47% орнына 
55%, сутегі 0,15% орнына 5%. Көміртегі 0,023% орнына - 0,1%, 
фосфор 0,1% орнына 0,5%, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет