178
Топырақтың негіздермен қанығу дəрежесі жалпы сіңіру
сыйымдылығының қандай бөлігі сіңірілген негіздерге,
қайсысы
гидролитикалық қышқылдыққа тиетінін көрсетеді. Негіздермен
қанығу дəрежесінің шамасы топырақтың қышқылдығы мен сіңіру
қабілетінің маңызды көрсеткіші болып табылады.
Топырақ ерітіндісінің реакциясы тұрақты болмайды. Əртүрлі
биологиялық, химиялық жəне физикалық-химиялық
құбылыстар-
дың нəтижесінде топырақта қышқылдар немесе негіздер пайда бо-
лып, топырақ реакциясы өзгеріп тұрады.
Топырақ реакциясы енгізілетін тыңайтқыштар əсерінен
де өзгереді. Мысалы, физиологиялық қышқылды тұздарды
(NH
4
Cl, (NH
4
)
2
SO
4,
т.б.) енгізгенде топырақ ерітіндісі
қышқылданады, ал физиологиялық сілтілі тұздарды (NаNO
3
,
Ca(NO
3
)
2
) пайдаланғанда қышқылдығы азаяды немесе
топырақ
ерітіндісі сілтіленеді.
Физиологиялық қышқылды немесе
физиологиялық сілтілі
тыңайтқыштарды əрдайым енгізгенде топырақ ерітіндісінің ре-
акциясы күшті өзгере алады да, өсімдіктердің жəне топырақ
микроорганизмдерінің тіршілігіне үлкен əсер етеді.
Бірақ əртүрлі топырақтарда реакцияның өзгеруі бірдей болмай-
ды. Біреуінде топырақ ортасы баяу,
басқаларында жылдам өзгеріп
тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: