Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Топырақ құнарлылығы дегеніміз не?
2. Топырақтардың физикалық қасиеттеріне нелер жатады?
3.Топырақтардың химиялық қасиеттері.
4. Топырақтың биологиялық қасиеттері.
5. В. В. Докучаев «топырақ патшасы» деп нені айтады?
6. Топырақ құнарлылығына əсер ететін жағдайларды атаңыз
7. Қайта культивациялау деп нені айтады?
8. Құнарлықтың элементтері жəне факторлары дегеніміз не?
9. Топырақтың агрофизикалық жəне физикалық-химиялық
қасиеттері қандай?
222
8-ТАРАУ
ТОПЫРАҚТЫҢ СУ-ФИЗИКАЛЫҚ
ЖƏНЕ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Топырақтың физикалық қасиеттеріне оның құнарлылығын си-
паттайтын маңызды көрсеткіштер: топырақ құрылымы, су ауа
режимі жылылық, меншікті жəне көлемдік салмағы, сонымен қатар
өндірістік құрылыс жол салуға топырақтың қаттылығы, иленгіштігі,
жабысқақтығы сияқты қасиеттері жатады.
Топырақ құрылымы. Топырақ үгілу нəтижесінен пайда
болатындығы, əр түрлі механикалық бөлшектерден тұратыны жа-
йында жоғарыда айтылды. Осы механикалық бөлшектер топырақ
түзілу жəне оның əрі қарай даму процестерінде топырақ шіріндісі,
өсімдік тамырлары, топырақтағы жəндіктер əрекеттері арқылы
бір-біріне желімденіп, жабысып, əртүрлі топырақ түйіртпектерін –
агрегаттарын құрады. Топырақ құрылымы (структурасы) дегеніміз
осы. Топырақ құрылымы – оның су – ауа алмасуына, т.б. көптеген
физикалық қасиеттеріне əсер етіп, оның құнарлылығына өте үлкен
септігін тигізеді. Топырақ құрылымы төмендегідей болады:
1. Құрылымы жоқ, шан-тозаңды, борпылдақ;
2. Құрылымы майда түйіртпекті, мөлшері оқ дəрідей шамамен
0,5-1 мм;
3. Дəнді түйіртпекті, диаметрі 1-5 мм;
4. Жаңғақты құрылым, бөлшектері 5-10 мм;
5. Майда кесекті құрылым. 10 мм-ден ірі;
6. Ірі кесекті құрылым, топырақ бөлшектерінің көлемі бірнеше
см-ге жетеді.
Сонымен
шамалы
ылғалданбаған
топырақтар
өздері
орналасқан табиғи жағдайларына қарай осы жоғарыда айтылған
құрылымдардың біреуіне ыңғайлана бастайды. Игерілген жер-
лерде топырақ құрылымы адам əрекетіне, яғни өңделу, қандай
егістіктерге пайдалану жағдайларына тікелей байланысты.
Топырақ құнарлылығына, ондағы ылғал ауа режиміне майда-
түйіртпекті, дəнді-түйіртпекті құрылым жақсы əсер етеді.
Топырақтардың мұндай құрылымдары топырақ қара шіріндісіне
бай, топырақ сіңіру кешені (комплексі) негізінен кальций катио-
нына қаныққан қара топырақ пен қара қоңыр топырақтарға тəн.
223
Ал топырақ сіңіру кешені натрий катионына қаныққан сортаң
топырақ қара шіріндісі аз, құрғақ жəне шөлейтті топыраққа
тəн. Топырақ құрылымы оның құнарлылығының бір шарты
болғандықтан, игерілген жерлерде оны қолдан жасау шаралары
да қарастырылады. Мəселен, академик Р. В. Вильямс топырақ
құрылымын жақсарту үшін егіншіліктің шөптанапты жүйесін
енгізді. Бұл əдіс еліміздің көптеген жерлерінде қолдау тап-
ты. Оның мəні былай: егісті жерлерге шөптанапты емес, бір
дақылды жылма-жыл егіп, оны өңдеген кездерде топырақтың
құрылымы бұзылып, егістік өнімі кемиді. Мұны болдырмас
үшін негізгі дақылды міндетті түрде шөптанапты егістіктермен
ауыстырып, кезектестіріп егу кажеттігін (мəселен, шөптанапты
егістіктер үшін, бұршақтұқымды дақылдар мен дəнді шөптерді
араластырып егуді) ұсынды. Сонда топырақтың əрі құрылымы
жақсарып, оның құрамына азот көп жиналады.
Топырақ құнарына жəне ондағы болатын процестерге топырақтың
құрылымы мен оның физикалық қасиеттерінің əсері көп. Топырақтың
үйлесімді су ауа режимі де оның көп физикалық қасиеттеріне тікелей
байланысты. Топырақта қоректік заттар жеткілікті болғанымен,
онда ауа немесе су тапшы болса, өсімдіктердің нашар өсетіні, ал
кейде тіршілігінің тіптен тежелетіні мəлім. Топырақта ауаның жəне
судың үйлесімді мөлшерде болуы оның кеуектілік дəрежесімен
анықталады. Ал кеуектілік топырақтың түріне қарай əртүрлі болады.
Адамдар топырақтың кеуектілігін жасау үшін оны қолдан өңдейді.
Топырақтың жыртылған, қопсыған қабатында жартысына дейін
кеуектер болады да, қалғаны топырақтың қатты бөлігінің үлесіне
тиеді. Шымтезекті топырақтарда кеуектілік одан да артық, ал құм
топырақтарда 30-40%-дай болады. Өсімдіктер тамырлары кеуекті
топырақтарда жақсы өсіп, оңай таралады.
Топырақтың кеуектілігі оның көлем салмағына, яғни
тығыздығына жəне топырақтың меншікті салмағына тікелей байла-
нысты. Топырақтың көлем салмағы деп оның табиғи күйіндегі ылғал
мен ауаны коса есептегенде 1 см
3
көлемдегі салмағы грамм есебімен
өлшенетін шаманы айтады. Ал топырақтың меншікті салмағы, яғни
оның қатты фазасының 1 м
3
көлемдегі салмағы грамм есебімен
алынады. Топырақтың қатты фазасының салмағы сол көлемдегі су
салмағының қатынасымен салыстыру арқылы анықталады. Əдетте,
топырақтар өздерінің құрамына қарай, олардың көлем салмақтары
224
1-1,6 г/см
3
-ге дейін, ал меншікті салмағы 2,4-2,8 г/см
2
болып
кездеседі. Міне осы мəліметтер арқылы топырақтардың кеуектілігі
(Р, %) де анықталады. Ол үшін төмендегі формула қолданылады:
Р=(1- v/d)100,
мұндағы; v – көлемдік салмақ, г/см
3
; d – үлес салмақ, г/см
3
.
Топырақтың су өткізгіштігі де оның кеуектілігіне тікелей бай-
ланысты. Құрылымы (структурасы) жақсы топырақтарға су оңай
сіңіп, өсімдік тамырларына тез жетеді. Мұндай топырақтарда су-
мен қатар жеткілікті мөлшерде ауа да сақталады. Сондықтан да бұл
топырақтарда судың булануы төмендейді де, топырақ сіңірген ылғал
ысырап болмай біраз уақытқа дейін дұрыс сақталады.
Топырақтың суды өз денесіне сіңіріп, ұстап қалу қасиетін оның су
сыйымдылығы деп атайды. Əртүрлі топырақтың су сыйымдылығы
əртүрлі болады.
Топырақтың су сыйымдылығына оның кеуектілігімен қатар
механикалық құрамы, топырақтағы қара шіріктің мөлшері де əсер
етеді. Мысалы, қара шірікке бай 100 грамм балшықты топырақ 50
грамдай суды бойына ұстаса, 100 грамм құмдақ топырақ не бары
5-25 грамм суды ғана ұстай алады. Ал органикалық заттарға өте
бай шымтезекті топырақтардың 100 грамы өзінен екі-үш есе артық
көлемдегі суды сіңіре алады.
Топырақтың дұрыс құрылымы бұзылып, қажетті кеуектілігі
сақталмаған жағдайда топырақ нығыздалып, ондағы қылтүтіктер бір-
бірімен жалғасып, топырақ ішіңдегі сулар осы қылтүтіктер арқылы
тез буланып кетеді. Мұны болдырмас үшін топырақты дер кезінде
өңдеп тұру кажет. Ал суармалы жерлерде топырақты суару шарала-
ры қалай болса, солай жүргізілмей, мұнда оның су сыйымдылығы,
су өткізгіштігі, т.б. сияқты қасиеттері ескеріледі.
Топырақтың суды көтергіш қасиеті де оның механикалық
құрамына тікелей байланысты. Мəселен, құрамы ірі құмдақ
топырақтар жерасты ыза суларынан ылғалды не бары 50-60 см-
ге ғана көтереді. Ал механикалық құрамы ауырлау саз балшықты
топырақтар өздерінің майда қылтүтіктері арқылы жерасты ыза
суларының ылғалын 3-3,5 метрге шейін көтере алады.
Достарыңызбен бөлісу: |