P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


жазаланусыз калатын адам» (Платон, Апология Сократа.)



Pdf көрінісі
бет8/280
Дата17.09.2022
өлшемі7.74 Mb.
#460870
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   280
Жаксылыкбаева Р.

жазаланусыз калатын адам» (Платон, Апология Сократа.).
Сократтың: «Ізгі ниеттілер - бакытты», - деген тұжырымын 
Эпикур ой елегінен қайта өткізеді. Оның ойынша, керісінше, 
бақыттан бастау керек, өйткені, ол ізгі ниеттіліктің шарты болып 
табылады. Бақыттылар жамандыкка қабілетсіз, олар жақсылық 
шұғыласына бөленген. Эпикур: «Барлық игіліктің бастамасы мен 
тамыры - кұрсақтың тоқтығы: тіпті даналық пен басқа мәдениет те 
оған қатысты болады», - деп тұжырымдайды (Антология мировой 
философии. 1969. 360 б.).
Платон (б.з.б. 427-347) - ежелгі грек философы, Сократтьщ 
шәкірті. Негізгі шығармалары: «Апология» (Сократты қорғау), 
«Критон» (заңды сыйлау туралы), «Кратил» (тіл туралы), «Фе- 
дон» (әдептілік туралы), «Мемлекет» (идеялар теориясы), «Те- 
этет» (білім туралы), «Заңдар» т.б. Платонның пікірінше: «Шын 
ақиқатты түсіну үшін ақыл-ой заттар әлемінен аластатылып 
жанның идеялар әлемінде көргендерін есіне түсіруге мүмкіндік 
алуы керек. Бұл жолда оған эрос көмектеседі, себебі, ол - адам- 
дарды шығармашылыққа жетелейтін құдіретті күш. Өмірдегі


8
Жаңсылықбаева Р.С.
Журналист этикасы
әдептілік идеясы тек рухани махаббат негізінде ғана ж үзеге асы- 
рылады. Игілік дегеніміз - жанның реттілігі мен үйлесімділігі».
Платонның түсінігінше, игіліктің төрт түрі бар. Олар: 
жүректілік, данышпандық, естілік жэне әдептілік. Бұл игіліктер 
адамдардың бэріне бірдей дарымайды. Осы игіліктердің даруы- 
на қарай қоғамдағы әлеуметтік топтарды үш топка бөлуге бола- 
ды: игіліктердің төрт түрінің төртеуі де дарығандар - философ- 
тар, бүлар мемлекетті басқарулары керек. Данышпандықтан басқа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   280




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет