Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Информатика және математика


ЖАҢА МАТЕРИАЛДЫ ТИІМДІ ТҮСІНДІРУ ӘДІСТЕРІ



Pdf көрінісі
бет20/108
Дата19.09.2022
өлшемі7.77 Mb.
#460949
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   108
Информатиканы оқыту(1)

ЖАҢА МАТЕРИАЛДЫ ТИІМДІ ТҮСІНДІРУ ӘДІСТЕРІ
Оқытудың бір құрамы болып мұғалімнің оқушының пәнге деген
қызығушылығын арттыру қабілеті болады. Егер оқушыға сабақта қызықсыз
болса, онда ол материалды түсінбей оны есте сақтай алмайды.
Мнемоника – бұл есте сақтау қасиеті, ассоциация заңына негізделген,
есте сақтауды жеңілдететін тәсілдер мен ереже жиынтығы.
Жаңа материалды түсіндіру деп, материалды түсіндіру ғана емес,
сонымен қатар, оқушыларды ақпараттық түсінудің барлық формаларын


(визуалды, аудиалды және аудио-визуалды ) пайдалануды және оқушының
ақпаратпен белсенді жұмыс істеуін айтамыз.
Ақпаратты түсіндірудің теориялық негіздері
1. Жаңа түсінікті енгізгенде қиын сөздері аз болуы керек. Яғни, таныс
емес қиын сөздері түсінуге уақыт азаяды.
2. Информатиканы тиімді оқытудың бір түрі – оқушыларды жаңа
материалды түсінуге алдын –ала дайындау.
3. Оқушылар материалды тиімді ұғыну үшін материал дұрыс
құрылған болуы керек. Ұйымдастырылған материалды жеңіл есет
сақтауға болады.
4. Ақпаратты ұғыну кезінде оқушылардың қызығушылығын
арттыратын тәсілдері мен әдістерін қолдану керек. Бұндай
тәсілдердің бірі «Эффект напряженной потребности». Яғни, аз
уақыт ішінде оқушылардың ақпаратты алу қажеттілігін туғызу. 
5. Жаңа терминдер тақтаға немесе плакатқа жазылуы керек.
Материалды тиімді ұғынудың мнемоникалық жүйелері
1. Орналасу әдісі. Мысалы, кейбір элементтерді есте сақтау үшін,
оларды сәйкес көмекші тізіміне ұқсастырады. Олардың ролін
географикалық бейнелеулер атқарады. 
2. Ілгіш сөздер жүйесі. Оқушы кейбір сөздерді есте сақтайды, оларды
ілгіш ретінде пайдаланады.
3. Ұйымдастыру схемалары
Сабақтың тиімділігі, оның құрылымдық компоненттерін дұрыс
анықтауына тәуелді. 
1. Түрткі- мақсатты компонент. Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың
мақсатын қояды.
2. Мазмұнды компонент. Сабақтың мақсаттарына сай болу,
ғылымилық, түсініктілік, логикалық және тізбектік. Практикалық
дамуы. Тәрбиелік потенциал. Дамытушылық мүмкініктері. 
3. Операциялық - әрекеттік компонент. Оқыту әдістері (оқу әдістері,
сабақтың мақсаттарына, оқу материалдық сипаттамасы мен
мазмұнына, сабақтың материалды қамтуына және т.б. сай болу.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет