Бірақ кейде үлгерімі нашар оқушылар да үйірмеге қатысуға тілек білдіреді.
Ең бастысы мұндай оқушыларға ерекше көңіл бөліп,
олардың бойындағы
информатикаға қызығушылықты бекітіп, үйірмедегі жұмыстың олар үшін
орындай алмайтындай болмағанын қадағалап отыру керек. Әрине, үйірме
мүшелерінің арасында үлгерімі төмен оқушылардың болуы мұғалімнің
жұмысын күрделендіреді, бірақ, үйірме жетекшілері беретін тапсырмаларды
дарландыру жолымен бұл қиындықтарды жеңілдете алады. Ең бастысы –
үйірме сабақтарына барлық тілек білдірушілердің қатысуы салдарынан пайда
болатын информатикадан үйірме сабақтарының бұқаралығын сақтап қалу.
Үйірме - сыныптан тыс жұмыстардың ең көп тараған түрінің бірі. ЕТ
кабинеттерінің бар болуы үйірме жұмысын
ұйымдастырудың негізгі
шарттары. Өйткені, үйірме жұмысын ұйымдастырушы компьютерлер болу
керек. Үйірмені мектептерде, оқушылар
сарайында жоғарғы оқу
орындарының кафедраларында ұйымдастыруға болады. Үйірмені
компьютермен жұмыс істегендей қызықты ойын ретінде өткізуге болады.
Үйірме жұмыстарын балалардың компьютерлік ойындарға деген
қызығушылығы негізінде ұйымдастырмау кезегін есте сақтау керек.
Информатика мұғалімінің арқасында үйірме программасын дайындау
оқушылардың дайындық
деңгейіне қарай тапсырмаларды, программалық
қамтуды дайындау жатады.
Үйірмені ұйымдастыру кезеңінен бастап оқушыларды қызықтырып,
оларға үйірмедегі жұмыс сынып сабақтарын қайталамайтындығын көрсетіп,
алдағы жұмыстың мақсаттары мен ашық сипатын айқын тұжырымдау керек.
Үйірме сабақтарын әрбір
сабаққа бір сағаттан бөліп, аптасына бір рет
өткізген жөн.
Үйірмені жұмысын ұйымдастыруға оқушылардың өздерін тартқан
дұрыс (оларға оқылатын тақырып бойынша шағын баяндамалар дайындауды,
нақты бір тақырып бойынша есептер
мен жаттығулар іріктеуді, тарихи
сипаттағы анықтамаларды дайындауды, сабаққа бағдарламалық құралдарды
дайындауды, т.б. тапсыру). Үйірме сабақтарында мұғалім пікірлер алмасу
мен белсенді пікірталас атмосферасын құруы керек. Информатикадан үйірме
сабақтарының тақырыптарында осы заманғы мектепте әр қилы. Үйірме
жұмыстарының тақырыптарында
информатиканың тарихымен,
программалық жабдықтың әртүрлі түрлерімен, информатиканың
математикалық негіздерімен байланысты мәселелер орын табады.
Достарыңызбен бөлісу: