Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Информатика және математика


Дәріс №1 Тақырып: Информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы сұрақтары



Pdf көрінісі
бет29/108
Дата19.09.2022
өлшемі7.77 Mb.
#460949
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   108
Информатиканы оқыту(1)

Дәріс №1
Тақырып: Информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы сұрақтары
Мақсаты: Білім жүйесінде информатика пәнін оқыту әдістемесі пәнінде
оқытылатын сұрақтарды қарастыру.
1. Информатиканы оқыту әдістемесінің информатика пәнінің мұғалімін
дайындауда алатын орны.
2. Информатиканы оқыту әдістемесі курсының мақсаты мен міндеті.
3. Мектепте информатика пәнінің қалыптасу тарихы. 
4. Жаңа заманға сай информатика пәні мұғалімін дайындауда қойылатын
талаптар. 
1. Информатиканы оқыту әдістемесінің информатика пәнінің
мұғалімін дайындауда алатын орны.
Орта мектепте «Информатика және есептеуіш техника негіздері» сабағын
жеке пән ретінде енгізу (1985 ж) педагогика ғылымдары облысына
информатиканы оқытуды алып келді. Педагогиканың бұл бөлімі, зерттеу
заңдылықтары бойынша информатиканың дамуын, оқу мақсатына қатысты
зерттеуі Информатиканы оқыту әдістемесі деп аталады.
Информатиканы оқыту әдістемесі педагогикалық білім жүйесінде.
Информатиканы оқыту әдістемесі информатиканың толық циклды
базасына, ЕТ, сандық әдістер, сонымен бірге психология-педагогикалық
циклды пәндерге сүйенеді. Сонымен қатар Информатиканы оқыту әдістемесі
оқу жоспары бойынша ерте оқылатын Математиканы оқыту әдістемесіне
сүйенеді. Мектеп информатикасының программалық, техникалық және
методикалық қамтамасыз ету, жаңа ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие
процесіне, әдістемелік және педагогикалық мұғалім квалификациясына
қойылатын өте жоғары талаптар: Информатиканы оқыту әдістемесі пәні осы
талаптарға жауап беруге тиіс. 
2. Информатиканы оқыту әдістемесі курсының мақсаты мен міндеті.
Информатиканы оқыту әдістемесі – бұл барлық мүмкін болатын бағыттағы
әдістер мен тәсілдерді қолданып сабақ өткізу, мұғалімнің оқу жұмысын
жоспарлаудың ғылыми облысы. 
Информатиканы оқыту әдістемесі курсы мақсаттардың бір жүйесі, мазмұны, 
әдістері, формалары мен оқыту құралы ретінде қарастырылады. 
Информатиканы оқыту әдістемесі курсын оқыту мақсаты: 

Мектеп информатикасының мақсаттарын меңгеру және түсіну (білім,
даму және тәрбие);

Жалпы оқушы білімінде информатика курсының мағынасы мен орнын
көру;

Курс мазмұнын меңгеру («Информатика және есептеуіш техника
негіздері» базалық курсының білімін қалыптастыру – ол үшін
информатика курсы программалары және оқулықтарды салыстыру);

Материал мазмұыны өңдеуде түсіну принциптері , оны қолдана білу;



Курсты оқу құралдарын меңгеру, классикалық және оқытудың жаңа
әдістерін меңгеру;

Сабақ түрлерін әртүрлі етіп ұйымдастыруды меңгеру;

Информатиканың басқа пәндермен байланысын ашу, түсіну және көру;

Информатиканы оқыту процесін анализдеуге үйрену, оның
программалық және техникалық қамтамасыздығын қолдану;

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру , бекіту және
оята білу. 
Міндеттері:

Информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау;

Информатика пәнінің мазмұнын анықтау;

Оқудың түрлері мен әдістерін құру;

Информатиканы оқыту құралдарының сәйкестігін қарастыру (оқу
пособиясы, программалық құралдар, компьютерлер және т.б.) және
мұғалімнің оларды практикада қолдануына көмек беру
Информатиканы оқыту әдістемесінің бір ерекшелігі информатика пәнінің
ғылым ретінде, оқу пәні ретінде жаңалығында, сондықтан да жалпы жаңа
және фундаментальды білім қалыптасуы қажет. Компьютер жеке дара
оқытудың мүмкіндігін тез өсіреді, сондықтан да информатиканы оқыту
әдістемесі мұны ескеруі керек. 
«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің мектепте
қалыптасуы. 
1. «Информатика және есептеуіш техника негіздері» курсын жалпы орта
білімге енгізу қажеттілігі. Информатика курсының даму сатылары. 
2. Кәсіптік және жалпы білім беретін мектептерде информатиканы
оқытудың мақсаттары. 
3. Оқушылардың компьютерлік сауаттылығының құрылымы және
мазмұны. 
Информатика курсы 1985 жылдан бастап жалпы мектептерде оқытыла
бастады, оның негізгі себептері мынадай: 
1. Компьютерлік ғылымның өсуі; 
2. Жоғары сапалы жұмысшыларды және компьютерлік өндірістерде
мамандарды даярлау;
3. Компьютерлік басқару (іс жүргізу, қаржы ісі, хатшы, бухгалтерлер);
4. ЭЕМ тұрмыста қолдану, компьютерлік қоғамға бейім адамды дайындап
шығару;
5. ЭЕМ желісі арқылы ақпараттық ресурстарға қол жеткізу;
6. Білімнің өзінің компьютерлілігі.
Алдыңғы үш фактор бұрыннан пайда болған, бірақ бұндай
мамандардың тапшылығы бола қойған жоқ. Қалған үш фактор соңғы
жылдары пайда болды. Компьютерлік желілер қарқынды дами бастады,
жергілікті желілерге шығуға көптеген ұйымдар мүмкіндік алды. ДЭЕМ


габариттері төмендеп, құны аза бастады. Олар мектеп оқушыларының
үйлерінде жиі кездесетін болды. Информатика сабағын мектеп пәні ретінде
кірісуден кейін осы пәннің мұғалімдерін жаппай дайындау басталды, 1985
жылы жаңа оқу жоспарлары мен оқулықтар енгізілді. 1987-88 оқу жылынан
бастап, Информатиканы оқыту әдістемесі пәнін оқыта бастады. Осы уақытта
баяндамалар, дискуссиялар мен пәннің фрагменттік түрдегі түрлері ғана
болды. Сондықтан Информатиканы оқыту әдістемесі курсын жүргізуде
жоғары оқу орнының мұғалімдері мен оқушылар қатынасы бірдей болды.
Бұл тығырықтан шығудың жолы А.П.Ершовтың біріктіріп оқыту
концепциясы болды. 
Кейін мыналар орындалды:
1) Мектепте информатика пәнін оқытудың мақсаттары құрылды;
2) Компьютермен жұмыс деңгейі бөлінді;
3) Информатикадан сабақ берудегі жалпы дидактиканың нақты принциптері;
4) Компьютерлік сауаттылықтың фундаментальді түсінігі, білімділігі және
ақпараттық мәдениет;
5) Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру;
6) Жаңа және дәстүрлі дидактикалық құрылғылар қарастырылған;
7) Компьютерлік және қарапайым сабақтарға арналған ұйымдастыру
формалары;
8) ЭЕМ жұмыс жасайтын оқушылардың оқу әдістеріне талдау жасау.
Негізгі қиындықтар жаңа бастаушы, кейде тәжірибелі мұғалімдерде пәннің
беру әдістемісіне байланысты туындайды. 
Информатика – сөзі француздың information (информация-ақпарат) және
automatique (автоматика) – ақпараттық автоматика – автоматтандырылған
ақпаратты өңдеу, адамның ғылыми-техникалық жаңа облысы; пән,
ақпараттың жалпы қасиеттерін, құрылымын оқитын, сонымен қатар оның
заңдылықтары мен әдістерін құру, түрлендіру, әртүрлі адамның қызметі
маңайында қолдану және тасымалдау.
Информатика – ЕТ ақпаратты түрлендіру туралы ғылым, әдістер туралы
білім береді, әр түрлі класстардағы әлеуметтік ортадағы құрылым әдістері. 
Информатика пәні ақпаратты кодтау, қызықты ақпаратты өңдеу,
ақпаратты жинау және сақтауды ұйымдастыр болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет