Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Информатика және математика


Дәріс №2 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ. БАСТАУЫШ



Pdf көрінісі
бет31/108
Дата19.09.2022
өлшемі7.77 Mb.
#460949
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   108
Информатиканы оқыту(1)

Дәріс №2
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ. БАСТАУЫШ
СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ.
Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда
жүзеге асырылады. 5(6) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау
міндетті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте
жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады. Ол
мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады. 
Орта білім беру Қазақстан Республикасының азаматтарына
мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта
білім алу міндетті. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін
дамытудың 2010 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде жалпы орта білім үш
сатылы: бастауыш (1 – 5 сыныптар), негізгі (6 – 10 сыныптар) және жоғары
(11 – 12 сыныптар) жалпы орта білім беретін оқу орнында кезең – кезеңмен
алынады. 
Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты адамгершілігі, әр жақты
дамыған өзінің және қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, халық
мәдениетін жетілдіру ісінде өз ұлты мен жалпы адамзат қазынасын тиімді
пайдаланатын адамды тәрбиелейді. ҚР азаматтарына мемлекеттік оқу
орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріліп, орта білім алу
міндеттеледі. Жалпы орта білім – үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі
деңгей. Жалпы орта білім үш сатылы : бастауыш бастауыш (1 – 5 сыныптар),
негізгі (6 – 10 сыныптар) және жоғары (11 – 12 сыныптар). Жалпы білімнің
нұсқалығына, білім берудің ауқымды инфрақұрылымын қалыптастыруға,
жалпы орта білім беретін ұйымдардың әр алуан түрлері мен үлгілерін
дамытуға жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей және басқаларды
құру арқылы қол жеткіземіз. 
Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған «Білім туралы»
Заңында тұңғыш рет гимназия мен лицейге түсінік беріліп, оның мәртебесі,
құқықтық негізі айқындалады. 
Гимназия – негізгі және қосымша жалпы білім беретін
бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен
қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін,
жалпы орта білім беретін оқу орны.
Лицей – негізгі және қосымша жалпы орта білім беру бағдарламаларын
іске асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды
жүзеге асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны.
Лицейлердің ең басты ерекшелігі – ақыл – ой (интеллектуалдық)
қабілеттері жоғары жастарды топтап оқытып, оларды жоғары оқу
орындарында даярлайтын бірыңғай элитарлық мектеп болуында. Лицейге
жастарды қабылдау ең алдымен олардың табиғи мүмкіндіктерін,
интеллектуалдық ерекшеліктерін айқындау негізінде жүргізіледі, кейін де
бала дамуын қадағалай отырып, бірнеше іріктеу сатыларынан өткізеді. Ал
оны аяқтаған жастар жоғары оқу орнында білім алу құқығына ие болады. Бұл


оқу орындарының басты принципі баланы дәл болашақ мамандығына сәйкес
қабілетіне қарай іріктеу және сол мамандықты жоғары деңгейде меңгеруіне
көмектесетіндей бірнеше жыл бойы арнайы дайындықтан өткізу болып
табылады. 
«Мирас» халықаралық мектебінің білім беру қызметінде Қазақстан
Республикасының орта білім беру саласындағы ұлттық стандарт пен
халықаралық бакалавриат бағдарламасының талаптары орынды үйлесім
тапқан. Көптеген пәндер ағылшын тілінде оқытылады. 
«Арман» оқыту – тәрбиелеу кешені 1997 жылы ашылды. Оның оқыту –
тәрбиелеу тұжырымы негізінде «Оқу дегеніміз – әлемді ашу» тезисі жатыр.
Педагогикалық кешеннің мақсаты: өзіндік шығармашылық жұмыс істеу
дағдыларын қалыптастыру, өзін – өзі асыра алатын тұлғаны тәрбиелеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет