шешуге бағытталған:
нақты іс-әркет тұрғызу, нақты мақсаттарға жету,
қатысушылардың іскерлік қарым-қатынастар жүйесін қалыптастыру.
Балалармен өтетін іскерлік ойындар әдетте қарапайым сюжетті болады,
оларды ұйымдастыру семинары түрінде өткізуге де болады.
Информатика пәні бойынша диспут – бұл сыныптар арасында
сұрақтар мен жауаптар алмасатын өзіндік ойын. Диспут барысында алдымен
қиын сұрақтар қойылады. Диспуттың материалы туралы сұрақтың маңызы
зор. Бұл сұрақ диспуттың мақсаттарына байланысты шешіледі. Осындай
мақсаттардың ең маңыздысы – бұл өткен оқу жылдарындағы оқу материалын
қайталау. Бұл жағдайда оқушылардың
алдына белгілі бір уақыт
аралағындағы материалды, анықтамаларды,
қасиеттерді, ережелерді
білетіндей, есептерді шығарып, осы материал
бойынша белгілі бір іс-
әрекеттерді орындай алатындай қайталау міндеті қойылады. Әрбір диспутқа
қойылатын ең төменгі талап оқушылардың оқулықтағы материалды дәл,
жақсы және толық білуі, тұжырымдамаларды білуі мен түсінуі болып
табылады. Тек осыдан кейін ғана және осының негізінде оқушылардың оқу
материалымен шығармашылық жұмысын ұйымдастырып жүргізуге болады.
Әдебиет: 1, 15-20б; 2, 3-8б.
Бақылау сұрақтары:
1. Мектеп курсында информатика пәні жаппай
қай жылдан бастап оқытыла
бастады?
2. Жалпы орта білімде ЕТ негіздері курсын енгізудің қажеттілігі немен
байланысты?
3. Жаңа заманғы информатика пәні мамандығы мұғалімін дайындау
талаптары қандай?
4. Мектеп информатикасының қалыптасу тарихы қандай?