Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Информатика және математика


ДӘРІС №4 ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ



Pdf көрінісі
бет46/108
Дата19.09.2022
өлшемі7.77 Mb.
#460949
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   108
Информатиканы оқыту(1)

ДӘРІС №4
ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ
ӘДІСТЕМЕСІ
Дәстүрлі оқыту – оқытуды ұйымдастырудың сынып – сабақтық
формасы. Дәстүрлі оқытудың белгілері:
1.
оқушылардың жастары бірдей және дайындық деңгейі бір шамада
болуы
2.
сынып бір белгіленген жылдамдық жоспарымен бағдарлама
бойынша сабақ кестесіне сай жұмыс істейді
3.
сабақ бір пәнге, тақырыпқа арналған, сондықтан оқушылар бір
белгіленген материалмен жұмыс істейді
4.
оқушылардың сабақтағы жұмысын мұғалім басқарады
5.
көбінесе оқулықтарды тек үй жұмысын орындағанда ғана
пайдаланады
Сынып сабақтық жүйенің атрибуттары:
1. оқу жылы 
2. оқу күні
3. сабақ кестесі
4. бағалар
5. каникулдар
6. үзілістер
7. үй жұмысы
Дәстүрлі оқытудың негізгі мақсаты – білім жүйесін қалыптастыру,
ғылымның негіздерін меңгеру. Дәстүрлі оқытудың концептуалды негізін
Коменский атаған принциптер құрайды (ғылымилық, тізбектік және жүйелік,
түсініктілік, көрнекілік және т.б.). Дәстүрлі оқытудың жоары сыныпттарға
арналған түрлері келесі:
1. дифференциалды оқыту
2. жобалар әдісі
3. түзету және дамытушылық
Дифференциалды оқыту. Дифференция профиль бойынша, ал сыныпта
жалпы оқыту дайындығын минимум меңгеріп, оны қызықтыратын бағытта
жұмыс жасайды. Сынып үш топқа бөлінеді. Үшінші тобы негізгі базалық
стандарт. Оны әр оқушы орындау қажет. 
Артықшылықтары: 
1. оқуға деген қызығушылығы артады
2. балалардың қабілеттерін жалпыламау
3. мұғалім нашар оқитын оқушылармен көп жұмыс істейді
Кемшіліктері:
1. бағалау кезінде 5 –ке немесе 2-ге оқитын оқушылар болады
2. нашар топтарда мотивациялық деңгейі төмен. Мұғалімнің уақыты
әртүрлі тапсырма дайындауға кетеді. 


Жобалар әдісі. Әр оқушылар мұғалім көмегімен құрастырған жоспар
бойынша жұмыс жасайды. Оқушылар өз темпімен жұмыс жасап, материалды
меңгереді. 
Кезеңдері:
1. жобаны жоспарлау
2. жобаны орындау, уақыты анықтау
3. жобаны орындау
4. жобаны талдау, бағалау, қорытындылау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет