Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Информатика және математика


«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнін меңгеруге арналған



Pdf көрінісі
бет48/108
Дата19.09.2022
өлшемі7.77 Mb.
#460949
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   108
Информатиканы оқыту(1)

«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнін меңгеруге арналған 
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР 
 
«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәні базалық пәндер циклдің 
міндетті компоненті болып табылады және 5В060200-Информатика 
мамандығы бойынша мамандарды дайындаудың кӛрсеткіші. 
Осы пәнді меңгергендегі негізгі оқу қызметінің түрлері болып: 
зерханалық, тәжірибелік және білім алушының ӛзіндік жұмысы (БӚЖ) 
жатады. 
БОӚЖ ағымдық – білім алушыларға оқытылатын тақырып бойынша 
барлық материал. Дәріс жазуды үйренейік: мұндай жазу конспектілеу 
(латынның conspectus сӛзінен шыққан - «шолу»деген мағынаны білдіреді) 
деп аталады, шығармашылық үдеріс болып табылады, белгілі бір білік пен 
дағдыны талап етеді. Меңгеруге жеңіл болуы үшін, бірнеше практикалық 
ақыл-кеңестерді есте сақтауды ұсынамыз: Оқытушы айтқанның бәрін сӛзбе 
сӛз жазуға тырыспаңыз, ол мүмкін емес әрі қажеті де жоқ. Егер сіз осыған 
талпынсаңыз, сіздің жазып алғаныңызда аяқталмаған, тастап кеткен 
сӛйлемдер болады, сондықтан айтылған материалдың логикасы бұзылып, 
конспектіңіз жарамсыз болады. Ойды ең мәндісін жаза отырып, ӛз сӛзіңізбен 
және қысқаша жазуға үйреніңіз; негізгісін қосымшасынан ауызша бӛліп 
кӛрсетуге үйреніңіз;жазып алғаныңыз ашып кӛрсетілген дәріс-жоспар сияқты 
логикалық байланысты және жинақталған болуы керек;егер, дәрісте 
сызбанұсқа, кесте, сурет ұсынылса, онда міндетті түрде дәптерге ұқыпты 
және кӛңіл қойып кӛшіріп алыңыз;дәріс барысында оқытушы сол немесе 
басқа да ойды белгілеп айтады, сондықтан жазуыңыздағының біреуінің 
мәніне сәйкес бӛліп кӛрсетіңіз. 
Тәжірибелік, зертханалық сабақтары тақырып бойынша оқу 
материалдарын меңгерудің қорытынды кезеңі болып табылады, мұндай 
сабақта білім алушылардың ӛзіндік жұмыстары қорытылып, бағаланады. 
БОӚЖ ағымдықпен салыстырғанда, тәжірибелік пен зертханалық 
сабақтарында білім алушылар теориялық мәселелерді тереңінен қарастырып, 
оларды тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастырады. Білім алушылар 
талқыланатын 
мәселелерді 
түсіндіру, 
талдау, 
бағалау, 
сараптау, 
ситуацияларды жан-жақты талдау, логикалық тұжырымдау, жүйелі түрде 
ойлау, негізгі мәселе аясында нақты баяндау, басқаның пікірін тыңдау және 
сыни тұрғыдан бағалау сияқты белсенді әрекеттері арқылы ӛз пікірлерін
ұстанымдарын келтіреді. Тәжірибелік пен зертханалық сабақтарын топтық 
талқылау және пікірталас арқылы ұйымдастырған тиімді. Тәжірибелік пен 
зертханалыққа дайындық барысында: тақырыбын талқылап, талдауға 
ұсынылатын негізгі мәселелер мен мақсаты туралы ойластырыңыздар; осы 
тақырып бойынша оқытушының БОӚЖ ағымдықта берген материалын кӛңіл 
қойып оқып шығыңыздар; ұсынылған әдебиеттерді оқып, оқығаныңыздың 
ішінен тәжірибе мен зерханада талқылауға қажеті болатындарынан конспекті 
жазыңыз; әрбір сұраққа оны нақты мәліметпен дәлелдей отырып, ӛз
пікіріңізді айтуға талаптаныңыз; оқулықпен және ғылыми әдебиетттермен 


ӛзінік жұмыс жасаған уақытта туындаған сұрақтарды жазып алыңыз, сосын 
тәжірибе мен зертханада оған жауап аласыз. Тәжірибе мен зертханадағы 
жұмыс кезіндегі үдерісте: қатысушылардың сӛйлеген сӛзін кӛңіл қойып 
тыңдаңыздар, оның айтқандарын ӛзіңіздің пікіріңізбен салыстырыңыз
қарастырылатын сұрақтарды талқылауға белсенді қатысыңыздар, ӛз 
пікіріңізді айтудан қорықпаңыз, бірақ ол сенімді дәлелдермен бекітілуі тиіс; 
егер сіз біреудің пікірімен келісетін болсаңыз, оған сыни тұрғыдан қараңыз, 
бірақ есіңізде болсын, сын негізделген және қалыптасқан болуы керек, яғни 
баламасы ретінде нақты ұсыныс беруіңіз қажет; семинардың соңында 
қарастырылған сұрақтардың дұрыс жауаптарын қысқаша тұжырымдаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет