Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Информатика және математика


БОӚЖ-ны, БӚЖ-ді ұйымдастырудың мақсаты



Pdf көрінісі
бет49/108
Дата19.09.2022
өлшемі7.77 Mb.
#460949
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   108
Информатиканы оқыту(1)

БОӚЖ-ны, БӚЖ-ді ұйымдастырудың мақсаты: білім алушылардың 
пәнді жүйелі түрде меңгерту, игерілген білім, білік, дағды, түсінік пен 
құзыреттіліктерді бекіту, БОӚЖ ағымдық, зертханалық және тәжірибелік 
сабақтарына жан-жақты дайындалуын қамтамасыз етіп, оларда ӛздігімен 
үйрену дағдыларын қалыптастыру; алған теориялық білімдерін талдап, 
қорытынды мен тұжырымдар жасап, оларды практикада қолдануға үйретеді. 
Кез келген тақырыптың ішкі мазмұнын толық ашу осы мәселеге қатысты 
ғылыми еңбектер мен оқулықтардағы тұжырымдар мен пікірлермен 
танысып, 
жүйелеуді, 
кӛзқарастардағы 
қайшылықтар 
мен 
айырмашылықтарды талдап, топтастыра білуді қажет етеді. Білім 
алушылардың ӛзіндік жұмысы мақсатты түрде объектіні белгілі бір кӛзқарас 
тұрғысынан зерттеуді қамтамасыз ететін зерттеу тәсілдері мен іс-
әрекеттердің жүйесі. Әдіс жалпы және жеке түрлерге бӛлінеді. Жалпы әдіс 
белгілі бір теория мен ортақ методологияға сүйенеді. Мыс.: салыстырмалы-
тарихи. Жеке әдіс жекелеген әдіс-тәсілдерді құрайды. Мыс.: компоненттік 
талдау, трансформациялық анализ, т.б. Білім алушылардың өзіндік жұмысы 
оқулықта берілген материалдарды, білім қорын ӛз зерттеу жұмыстары 
негізінде жаңаша қорытындылап, кәсіби міндеттерді шығармашылық 
тұрғыда шеше алатын дағдыға айналдыруды мақсат етеді. Білім алушы – 
белсенді, сыни ойлау қабілетіне ие жеке тұлға. Оның кез келген мәселеге 
қатысты ӛз пікірі, ӛзінің дербес шешімі болуға тиіс. Силлабуста ұсынылып 
отырған БӚЖ түрлері осы мақсаттарды ескере отырып құрылды. Білім 
алушылардың ӛзіндік жұмыстары зерттеу, ізденіс және шығармашылыққа 
негізделіп, жазбаша түрде орындалуы керек. Ӛзіндік жұмыстарын тӛмендегі 
үлгілер бойынша беруге болады:
Баяндама – берілген тақырып бойынша анықталған пікірлер мен 
тұжырымдарды жүйелеп беруі.
Тезистер – бұл тақырып және оның негізгі мағынасының бірізділікпен 
қысқартылып, жетекші талаптарының қысқаша берілуі. Тезистердің 
жоспардан айырмашылығы мәтінде қарастырылатын сұрақтардың атының 
ғана емес, мәнінің де ашылып берілуімен ажыратылады. Сондықтан егер 
жоспар «Мәтінде не туралы айтылады?» деген сұраққа жауап берсе, ал тезис 
«Мәтінде бір нәрсе туралы не айтылады?» деген сұраққа жауап береді. 
Тезистер авторлық және қосымша болуы мүмкін. Авторлық тезистер 
автормен жазылған, сонымен қатар авторлық мәтінді сӛзбе-сӛз кӛшіру болып 


табылады. Қосымша (вторичные) тезистер авторлық мәтіннің ӛңделген түрі. 
Тезисте мәтіннің тақырыбы қысқа және логикалық (түсінікті) даму 
тұрғысынан айтылады. Тезистердің қысқалығы мысал, үлгі және цитат 
келтіруге мүмкіндік бермейді. Кӛбінесе бастауыш пен баяндауыштан 
тұратын тезистер қолданылады. Бұл тезистер конспектіге қарағанда мәтіннің 
ең қысқа вариантын ұсынады. Тезис - белгілі бір мәселе туралы қысқаша 
түрде баяндалған қағида.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет