Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Информатика және математика



Pdf көрінісі
бет50/108
Дата19.09.2022
өлшемі7.77 Mb.
#460949
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   108
Информатиканы оқыту(1)

Ақпарат кӛздерімен (оқулықтар, ғылыми әдебиеттермен зерттеулер
интернет, т.б.) жұмыс жасау. Ол үшін білім алушы ең бірінші кітапханада 
катологпен жұмыс істеудің әдісін меңгеруі; тақырыптық, алфавиттік 
каталогтерден ӛзіңе қажетті әдебиеттер тізімін жасап, олармен танысуы; 
қажетті ақпаратты жинауды үйренуі қажет. Оқулық және ғылыми 
еңбектермен жұмыс олардың мазмұнынан ӛзіне қажетті тақырыпты тауып, 
онымен танысу шолып оқудан басталады. Мұнан соң зерттей оқу орын 
алады. Зерттей оқу барысында қажетті тұжырымдар бойынша конспект 
жасалады. Оқу және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу үшін ұсыныстар: 
оқу әдебиеттерін оқи білу біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру білім 
алушының дербес және алдымен сол уақыттағы оқитын материалына 
байланысты болады. Оқулықты оқуға кірісе отырып, білім алушы не үшін 
оқитыны жӛнінде ӛзіне есеп беруі керек. Сосын жалпы конспектіде нақты 
тақырыптың алатын орнын анықтап, мазмұндық құрылымын, жақын 
құрылымдық бірлігін ойластыруы керек.
Конспект – басқа формалармен салыстырғанда жазудың ең әмбебап 
формасы. Конспект жазғанда оқылған мәтінді қайта жазуда дұрыстығын 
қамтамасыз ету керек. Конспекттің басты сипаты қысқалық әрі нақтылық. 
конспектіде ой сабақтастығы мен айтылған мәтіннің қисыны сақталуы тиіс. 
Конспектілеуде мәтін мазмұнының ең мәнді компоненттері, есте сақталуға 
тиісті тіректер жазылады (мәселен, атаулар, даталар, кейбір терминдер, 
символдар). Шартты түрде конспектілерді тӛрт түрге бӛлуге болады:
жоспарлы; мәтіндік; еркін; тақырыптық.
Презентация – бұл пайдаланушының осы затқа ерекше назарын 
аудартудың бір формасы, жариялау деген мағынаны білдіреді. Презентация 
нысаны белгілі бір ұжымның жеткен жетістігі, затты сипаттау, даму 
тенденциялары мен жоспарлары. Презентациялар конференция мен 
семинарларда жүргізілуі мүмкін. Презентация кӛмегімен семинар, курс 
тыңдармандарын оқытуға болады. Мұндай презентация пәнді кӛрнекі етіп, 
оны жандандыра түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет