Программа по специальности «5В050300 психология»


Білім беру саласындағы психолог іс-әрекетінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет28/231
Дата20.09.2022
өлшемі1.92 Mb.
#460974
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   231
ПСИХОЛОГИЯ бак.

 
Білім беру саласындағы психолог іс-әрекетінің ерекшеліктері. 
Жоғары білім жүйесіндегі психолог. Ғылыми психологтың іс-әрекеті –
психикалық іс-әрекеттердің қызмет ету фактілер мен заңдылықтарын 
анықтау. Зерттеуші психолог - білім беру жүйесінің проблемаларын зерттеу 
және әдістемелік ұсынымдар әзірлеу. 
Қолданбалы психолог – психология ғылымдарының жетістіктерін 
психодиагностика, 
психопрофилактика, 
консультация 
беру, 
психотерапиялық және түзету жұмыстары арқылы іске асыру. 
Мектеп психологының қызметі: оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін 
диагностикалау және оқушылардың әлеуеттік мүмкіндіктерін өзектендіру. 
Мектеп оқушысының жеке оқу траекториясын әзірлеу және оқушылардың 
үлгермеушілігін түзету. Мектептегі төтенше және қақтығыс, жанжал 
жағдайларды шешумен байланысты жаңа психологиялық технологияларды 
енгізу және балалар мен педагогикалық ұжымдарда жағымды психологиялық 
ахуал жасау. Мұғалімдердің психологиялық қажып тозуымен (күюі) жұмыс 
жасау және ата-аналарға ұсыныстар, бағдар беру.


29 
Дара және топтық терапия тәсілдерін және консультация беруді табысты 
жүзеге асыру. Психологиялық қызмет кабинетінің рөлі мен маңызы. Оны 
ұйымдастыру принциптері және оның іс-әрекет деңгейлері: өзекті және 
перспективтік. 
 
Еңбек ұйымдарында және басқару саласындағы психолог іс-
әрекетінің ерекшеліктері.
Психологиялық қызмет – басқару аппаратының маңызды буыны. 
Кадрлық жұмысты психологиялық сүйемелдеу. Психологтың еңбек 
ұйымдарындағы іс әрекетінің негізгі мақсаты: кәсіп пен мамандық талабына 
сай және адамның тұлғалық ерекшеліктері ескере кадрларды іріктеу. 
Талаптарын ескере отырып, мамандық және тұлғалық ерекшеліктері. 
Персоналмен жұмыс. Психодиагностика, кеңес беру және тренингтер өткізу 
техникаларын меңгеру. 
Қызметкерлер іс-әрекетін бағалау және әр түрлі деңгейдегі 
басшыларды аттестаттауда сүйемелдеу: еңбекке қатынасы, енбекке 
қанағаттануы, қызметкерлері іс-әрекетінің өнімділігі, тұлғалық өсуі. 
Басқарушыларды сүйемелдеу: еңбекті ғылыми ұйымдастыру, еңбек іс-
әрекетін оңтайландыру стратегиясы, инновациялық технологияларға 
ашықтығы, адамның еңбек іс-әрекеті процесінде қауіпсіздігі мәселесін, 
кадрлар тұрақтамауын, қақтығысты жағдайларды шешу. 
Ағартушылық іс-әрекеті: адамның еңбек іс-әрекеті өнімділігін 
ынталандыратын қазіргі заманғы психологиялық ғылым және инновациялық 
технологиялар жетістіктерін талдау және еңгізу. Басшылар резервтерін 
іріктеу және оқыту.
Еңбекті оңтайландыру және ынталандыру, тұлғааралық қатынастар мен 
өнімді ынтымақтастықты үйлестіру мәселелері бойынша басқарушыларға 
консультация беру және әдістемелік нұсқаулар әзірлеу. Қызметкерлердің 
шаршау себептерін жеңу және жағымды психологиялық ахуалды жасау, 
психологиялық жеңілденуді ұйымдастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет