9.3. XVIII-
XIX ғасырдағы орыс философиясы: Ағартушылық
философия, славянофильдік және батысшылдық, славянофильдік және
еуразияшылдық; историософия мен діни-философиялық дәстүрлер
(М.В.Ломоносов, А.Н.Радищев, Г. Сковорода, П.И.Пестель, П.Я. Чаадаев,
И.В.Киреевский, А.С.Хомяков, К.Н.Леонтьев, Н.Я.Данилевский, С.Н.
Трубецкой, Л.Н.Гумилев және т.б.)
Орыстың ағартушылық философиясында негізгі екі бағытты анық
кӛрсетуге
болады.
Біріншісі
–
орыстың
ежелгі
ортағасырлық
алғыфилософиясынан бастау алып,
Феофан Прокопович, Дмитрий мен
Антиох Кантемировтардың және т.б. еңбектеріндегі ой-толғаныстар мен
«Құдайға сыйыну», ақыл-ӛсиет, уағыз мәтіндерінің қолжазбалары негізіндегі
діни кӛзқарас аясында қалыптасқан дәстүрлі бағыт.
Онда Құдайдың
табиғатпен байланысы; теизм мен пантеизмнің қатынасы; діндардың ұлтына
қарамастан, тұлғаға рухани еркіндік, рухани қабілеттілік беретін береке-
рақаттың
әмбебаптық мәнін негіздеу; «даналыққа» ӛзін-ӛзі билеуді және
этикалық шектеуді жүзеге асырудың негізгі жолы ретінде жалпы түсінік
беру; адам баласының этикалық мінез-құлық нормалары; шіркеу билеушілері
мен патшалық биліктің ӛзара қатынасы жӛніндегі саяси мәселелер және т.б.
ӛзекті мәселелер қарастырылды. Екіншісі – Петр реформаларының
бастамасымен
қалыптасып, Русьті жедел еуропаландыруға – зайырлы Ресей
империясын құруға бағытталған жаратылыстық ғылыми бағыт. Ресей
«еуропалықты оқып білуге» ұмтылуда қалыптасқан
осы дәуірдің орыс
ӛміріне жат қайшылықтарынан әлі күнге арыла алмай келеді. Осының
салдарынан орыс мәдениеті жікке бӛлінді. Империя мен халықтың арасы
алшақтап кетті. Оның нәтижесі революцияға әкелді.
Дегенмен орыс
ғылымының тамаша жетістіктері осы дәуірдің еншісіне тиді. Сӛйтіп ол
классикалық орыс мәдениетінің «алтын ғасырына» бастау болды.
Бұл кезеңдегі философиялық ойлаудың негіздері М.В.Ломоносовтың,
А.Н.Радищевтің, Г.С.Сковороданың еңбектерінде кӛрініс тапты.
М.В. Ломоносов (1711-1765 жж.) – ерекше дарынды орыс ғалымы,
философ-деист, Ресейдегі жаратылыстық ғылыми
бағыттағы философиялық
кӛзқарастың негізін салушы.
Достарыңызбен бөлісу: