65
бері белгілі. Бактериялар, жануарлар жəне өсімдіктер гендері плазмидалық Т-ДНҚ-
ның рестрикциялық
бөліктеріне тігіліп, өсімдік геномына нəтижелі тасымалданған.
Соның арқасында гендік инженерия əдістерімен құрастырылған алғашқы өсімдіктер
алына бастады. Өсімдіктерге бөтен генді Ті-плазмиданың
көмегімен енгізу
əрекеттері ең алдымен бактерия гендерін тасымалдаумен байланысты болды. Ол
үшін көбінесе антибиотиктерге төзімділікті белгілейтін
Е.соli гендері қолданылды.
Бұл гендердің пайдаланудың себебі олардың өсімдік
геномына тіркесуін оңай
тексеруге болатындығынан. Бірақ бұл антибиотиктерге төзімділік белгісінің өсімдік
үшін ешбір пайдасы жоқ. Турасын айтқанда, бұл бөтен ген нақтылы тасымалданды
ма, жоқ па, тек қана соның куəсі ретінде жəне де, егер тасымалданса, онда өзіне тəн
қызметін атқарып жатқанын көрсету үшін керек. Бұндай
селективті маркерлік
гендер өсімдіктерге туыстығы жоқ бөтен гендерді тасымалдау кезінде
қолданылады.
Өсімдіктер геномын гендік инженерия əдістерімен
өзгертіп қайта құру
мақсаты екі мəселені шешуге бағытталған. Біріншісі, трансгенозға байланысты
негізгі теориялық мəселелерді шешу, ал тубінде
өсімдіктердің алдын ала
көзделген белгілі қасиеттері бар жаңа варианттарын шығару үшін практикалық
селекцияда гендік инженерия əдістерін қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: