Қолданбалы экология


Белоктардың сапасын жақсарту



Pdf көрінісі
бет27/47
Дата22.09.2022
өлшемі0.65 Mb.
#461124
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47
Белоктардың сапасын жақсарту. Өсімдіктер синтездейтін белоктардың
сапасын арттыру генетикалық инженерияның маңызды мақсаты. Астық
тұкымдастарына жататын өсімдіктерде белоктар эндоспермде жинақталады. Екпе
өсімдіктер дəнінде қор ретінде жинақталатын белоктарды құрамы жағынан бір-
біріне жақын гендер кодтайды. Бұл гендердің экспрессиясы тек қана белгілі ұлпада
жəне тұқьмның белгілі даму кезеніңде өтеді. Қазіргі таңда арпаның гордеин
белогының 10 гені, бидайдың α-, β-глиадин жəне глютенин гендері, жүгерінің зеин
гені, бұршактың легумин гені, т.б. клонданған.
Бір өсімдіктің қор белогының сапасын жақсарту үшін оған басқа өсімдіктің
қор белогының генін енгізу жөнінде алғашқы əрекетті 1983 жылы АҚШ-та Д. Кемп
пен Т. Холл істеген. Олар бұршақтың басты қор белогы фазеолин генін Ті-
плазмида көмегімен күнбағыстың геномына енгізген еді. Бұл тəжірибенің
нəтижесінде «санбин» деген трансгендік өсімдік алынды. «Санбин» əзірше
ешқандай іске жарамсыз, ауыл шаруашылығында пайдала-нылмайды, бірақ, сонда
да, бұл тəжірибенің маңызы өте зор, себебі ол гендік инженерия əдістерін
өсімдіктерге қолдануға болатындығына сенім білдіріп, биотехнологияның осы
бағытының басталуын жария етті.
Жүгерінің зеин деген қор белогының гені Т-ДНҚ-ға тігіліп күнбағыс
геномына енгізілген. Ол үшін зеин гендері тігілген Ті-плазмидалары бар
агробактериялар штаммдарын жүқтырып күнбағыстың сабағында ісікті қоздырған.
Кейбір ісіктерде зеиндік мРНҚ түзілетіндігі анықталған. Бұл тəжірибе
даражарнақты өсімдік генінің қосжарнақты өсімдікте транскрипциясы өтетіндігін
дəлелдейді. Бірақ транскрипция өтіп, РНҚ түзілгенмен ген экспрессиясы
толығымен жүрмей, трансляция процессі болмаған, яғни жүгерінің зеин белогы
күнбағыс ұлпаларында түзілмеген. Сондықтан қор белоктарын кодтайтын
гендерді тасымалдау өте күрделі де кебінесе сəтсіз аяқталатын процесс болып


66
тұр.
Гендік инженерияның жеңілірек іске асатын мақсаты, ол бөтен белок
гендерің тасымалдамай-ақ, əр өсімдікке тəн белоктың амин қышқыл құрамын
жақсарту. Көптеген астық тұқымдастарының қор белогында лизин, треонин,
триптофан, ал бұршақ тұқымдастарында метионин мен цистеин жетіспейтіндігі
мəлім. Белоктың құрамына жетіспейтін амин қышқылдарын қосымша енгізу
арқылы белоктың сапасын жақсартуға болады. Дағдылы селекцияның əдістерімен
астық тұқымдастарының қор белоктарында лизин мөлшері едəуір көтерілген. Ол
үшін проламиндердің (спиртке еритін астық тұқымдастарының қор белоктары) бəр
бөлігі лизині көп басқа белоктарға ауыстырылды. Бірақ соның салдарында бұл
өсімдіктерде дəн уақ болып кеткен жəне жалпы түсімі кеміген. Шамасы,
проламиндер дəннің толық болып қалыптасуына қажет шығар, сондықтан оларды
басқа белоктармен ауыстыру түсімді төмендетеді. Осы жағдайды ескеріп,
өнімділікті төмендетпейтін, бірақ құрамында лизин мен треонин көп белокты дəнді
дақылдарда қалыптастыру қажет.
Қор белоктардың гендерін зерттегенде, олардың мынадай ерекшеліктері
анықталды:
1) оларда интрон болмайды;
2) 25 нуклеотид жұбынан тұратын ерекше тізбектері бар екен, оны эндос-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет