67
енгізу.
Əр түрлі химиялық қосылыстарға, соның ішінде гербицидтерге де,
төзімділікті қамтамасыз ететін
төрт механизм бар:
1) тасымалдаушы (транспортық);
2) жоюшы (элиминация);
3) реттеуші (регуляция);
4) жанасушы (контактық).
Транспортық төзімділік механизмі гербицидтің клеткаға кіруін тежейді.
Жоюшы механизмі - клетканың ішіне кірген заттар клетка индукциялайтын фак-
торлар əсерімен жойылады, көбінесе ол ыдыратушы ферменттер, немесе улы зат-
тар модификациялану арқасында зиянсыз заттарға айналады.
Реттеу механизмі -
гербицид əсерімен ипактивтенетін белок немесе фермент қайтадан қарқынды
синтезделе бастайды, соның арқасында қажет метаболиттің орны толады.
Контактық механизмі - гербицид əсер ететін нысананың (белок немесе фермент)
құрылымы өзгертіледі де, гербицид зиян əсер көрсете алмайды.
Гербицидке тезімділік жалғыз бір ғана генмен белгіленеді, яғни моногендік
болады. Бұл жағдай осы белгіні басқа өсімдікке
рекомбинанттық ДНҚ-ны
қолданып енгізу жұмысын жеңілдетеді. Сонымен бірге, гендік инженерия əдістері
гербицидтерді ыдыратуын немесе модификациялауын қамтамасыз ететін
ферменттердің гендерін де тасымалдау арқасында төзімді өсімдіктерді шығара
алады. Ал дағдылы селекцияның əдістері ұзаққа созылады жəне де тиімділігі өте
төмен.
Сульфонилмочевина туындылары өте күшті əсер ететіп гербицидтер.
Олардың арасында ең кең тарағандары - сульфометурон метил жəне
хлорсульфурон. Бұл гербицидтер ацетолактатсинтаза ферментіне кері əсер етеді.
Соның нəтижесінде валин мен лейцин амин қышқылдарының синтезі шектеледі.
Бұл гербицидтерге төзімділік ацетолактатсинтазаның құрамындағы кейбір амин
қышқылдарының ауысуына байланысты. Гендік инженерия əдістерімен сол
гербицидтерге төзімділігі 20-30 есе өскен темекі мен соя өсімдіктері алынған.
Кейбір өсімдіктердің төзімділігі олардың гербицидтердің улы əсерін жою
(детоксикация) қабілетіне байланысты. Мысалы, хлор-сульфуронға төзімділік бұл
гербицид молекуласын гидроксилдеу (ОН тобын қосу), келесі
гидроксил тобын
гликозилдеу (қант қалды-ғын қосу) нəтижесінде пайда болады.
Сонымен, өсімдіктердің гербицидтерге төзімділігі əр түрлі принциптерге
негізделгендіктен, оларға төзімділік белгісін енгізу жолдары да əрқилы болады.
Достарыңызбен бөлісу: