69
ішкі ұлпаларымен қоректенеді.
Төзімді өсімдкітерді шығарудың тағы бір жолы бар, ол
бактериялардың
холестеролоксидазаның генін пайдалану. Бұл фермент бунакденелердің ішек
эпителий мембранасын бұзады, осы генмен зерттеулер жүргізілуде.
Түрлі зиянкестерді өлтіретін өсімдіктердің өздерінің токсиндері соңғы кезде
ғалымдардың назарын аударуда.
Фитотоксиндер белок синтезін тежейді,
сондықтан зиянкес жəндіктерге, микрорганизмдер мен
вирустарға қарсы қорғауыш
болады. Олардың ішінде ең жақсы зерттелген үпілмəлікте (клещевина)
синтезделетін рицин деген белок. Оның гені клонданған жəне нуклеотид құрамы
анықталған. Бірақ, рицин сүтқоректілерге улы болғандык-тан бұл фитотоксинді
адам немесе мал жемейтін дақылдарды қорғау үшін қолдануға болады.
Вирустар қоздыратын аурулар жəндіктер арасында кең таралған, сондығтан
зиянкестермен күресу үшін олардың табиғи вирустарын қолдануға болады.
Олардан өндірілген препараттарды вирустық пестицидтер деп атайды.
Олардың ядохимикаттардан көп артықшылықтары бар: санаулы белгілі бір
жəндіктерге ғана əсер етеді; пайдалы жəндіктерді өлтірмейді; қоршаған ортада тез
ыдырайды да өсімдіктер мен жануарларға зиян келтірмейді. Қазір қолданылатын
биопестицидтер энтомопатогендік вирустары мен саңырауқұлактардың табиғи
штаммдары. Ал болашақта гендік инженерия əдістерімен жаңа, тиімділігі жоғары
биопестицидтерді шығаруга болады.
Əдебиет:
Негізгі – 3 [3.2; 14-126].
Қосымша –2 [125-132].
Бақылау сұрақтары:
1. Қазіргі таңдағы гендік инженерияның мүмкіндіктері
2. Гербицидтерге
төзімді өсімдіктерді жасау
3. Зиянкестерге төзімді өсімдіктерді алу
4. Вирустық пестицидтер дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: