71
синтездейтін трансгендік салат пен томат өсімдіктері жасалған. Сонда монеллин
салат жапырақтарында жəне пісіп жетілген томат жемістерінде анықталған.
Жасыл қызанақта болмаған, ал олардың пісіуін қоздыратын этилен
көбейген кезде,
монеллин мөлшері арта бастаған.
Жемістердің түсін, түрін сақтап қалу үшін əр түрлі заттармен өндейді.
Мысалы, кепкен жемістердің түсін жақсарту үшін оларды сульфитен өндейді.
Жеміс кепкенде түсі қарайып кетуі полифенолоксидазаға байланысты, яғни хинон
түзілу нəтижесінде жүзеге асады. Полифенолоксидаза ген антимағыналық ДНҚ-
сымен тежелген трансгендік картоп өсімдіктердің түйнектерə өттегі əсерінен
қараймаған, яғни фенолдық заттары тотықпаған.
АҚШ-та антимағыналық РНҚ-ны
қолданып қызанақ қабығы ұзақ
жұмсамайтын томаттың трансгендік өсімдіктері алынған. Қабығында целлюлаза
жəне полигалактуроназа ферменттерінің
активтілігі тежелу арқасында
қызанақтың тағамдық сапасы артқан жəне де ұзақ сақтауға, алысқа тасымалдауқа
мүмкіндік туған.
Жемістердің пісіп жетілуі жəне жұмсауы этилен синтезіне байланысты,
сондыктан этилен биосинтезіне жауапты ферменттердің
активтитігін тежеу
арқылы жемістің тез пісіп қартаюын тоқтатуға болады. Ол да гендік
инженерияның бір міндетіне жатады.
Əлемдік өсімдіктердің гүлдері ұзақ мерзім жақсы түрінде
солмай сақталуын
антимағыналық РНҚ-ны пайдаланып қамтамасыз етуге болады. Тіпті култе
жапырақшасындағы пигменттердің синтезін өзгертіп, гүлдің түсін
өзгертуге
болады. Гүл өсіру өндірісінде 70% раушан, қалампыр, қызғалдақ жəне
хризантемаға келеді, сондықтан ғалымдар көбінесе осы өсімдіктермен айналысады.
Флавоноид тобына жататын антоциандар кеңінен тараған гүл пигменттері.
Антоциан биосинтезінің бірінші кезенің халконсинтаза жүзеге асырады. Осы
ферментің мағыналық жəне антимағыналык РНҚ-сын өсімдікке енгізіп, гүлдің
түсін өзгертуге болады екен.
Достарыңызбен бөлісу: